?аза?стан Республикасы Т?уелсіздігіні? 20 жылды?ына «Ж?лдызды к?ндер» аясында ?тілетін «?нерлі ?рге ж?зеді» атты мерекелік концертті? сценарийі


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына «Жұлдызды күндер» аясында өтілетін «Өнерлі өрге жүзеді» атты мерекелік концерттің сценарийі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына «Жұлдызды күндер» аясында өтілетін «Өнерлі өрге жүзеді» атты мерекелік концерттің сценарийі Зал безендіріледі. Сахнаға «Өнерлі өрге жүзеді» атты лозунг ілінеді. І-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар , өнер сүйер қауым , ата-аналар , оқушылар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жұлдызды күндер» аясында «Өнерлі өрге жүзеді» атты мерекелік кешіне қош келіпсіздер ! Еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Ел мерейін асқақтататын мерекелік думанға да өнер мектебі өз үлесін қосып келеді. Мектебімізде «Арыс сазы» ұлт аспаптар оркестрі , домбыра , баян, хор , қобыз , фортепиано , бейнелеу өнері, ақындық , дәстүрлі ән , аккордион, композиторлық өнерге үйрететін бөлімдер мен қатар, «Арысым әнім» вокалды эстрадалық ансамбль жұмыс істейді Арнайы музыканы өңдейтін студияның қызметі халыққа рухани азық беруде. Өнер мектебі талантты жастарды тәрбиелейді. «Тәуелсіздіктің 20 шыңы-20 жұлдызды күн» аясында өткен мерекелік іс-шаралардың қорытынды концертін ашып беру үшін, мектебіміздің қамқоршысы, Арыс қаласының әкімі Қанат Жамалбекұлы Сыдықовқа сөз кезегін ұсынамыз. ІІ-жүргізуші: Өнер десе елеңдейтін халықпыз Өнер барда шалқыған ақ жайықпыз Қай істе де өнер қолдан Өнерлі адам жетер болған Оркестр «Тойбастар» Сейтектің күйі орындайтын «Арыс сазы» оркестрі жетекшісі облыстық байқаудың жүлдегері домбыра бөлімінің ұстазы Сайлау Қонаров. І-жүргізуші: Күй төгілді шалқып мына көңілден Ғажайыптай дала бүгін көрінген Қос ішекті күмбірлеген домбыра Исі аңқыған қазағымның төрінен Ансамбль Елеукеев «Кара жорға» орындайтын халық аспаптар ансамбілі. ІІ-жүргізуші: Қарағайдың түбінен Қайырып алған қобызым Үйеңкінің түбінен Үйріп алған қобызым Ақ қайыңның безінен Айырып алған қобызым Қара еменді қақ жарып Ойып алған қобызым Қобыз жанры .Тілендиев «Аңсау» орындайтын облыстық жас музыканттар байқауының ІІ-орын иегері Қошуақ Дамина. Сүйемелдейтін Айжан Ташиметова . І-жүргізуші: Фортепиано жанр . Шопен «Ноктюрн» орындайтын облыстық VІІ жастар Дельфийлік ойындары байқауының жүлдегері Редько Лиза . ІІ-жүргізуші: Ақындық жанр. М.Мақатаевтың құрметіне арналған жыр додасына қатысып бас жүлде иегері атанған Болатбек Айдана «Тәуелсіз елім». Қол соғып , қошеметпен қарсы алыңыздар. І-жүргізуші: Скрипка жанры Өнерлі қыз Зарина Көпшілік оны танима ? Скрипкасын қолға алса Шабыттанып шалқи ма Орыстың халық әні «Во поле береза стояла» орындайтын өнер мектебінің 1 сынып оқушысы Игібай Зарина. Қарсы алыңыздар. ІІ-жүргізуші: Көмейден құйылады жырдың басы Өлеңнің тасығандай дариясы Күй тартсам, ән шырқасам, ширай берем Сұңқардай қияға ұшқан кең құлашты Дәстүрлі ән жанры . А.Қоразбаев «Атым Сара» орындайтын облыстық «Шешеннің сөзі – шебердің қолы ортақ» атты байқаудың жүлдегері өнер мектебінің шәкірті Баяш Гүлмира. І-жүргізуші: Сазгерлік жанры. Әнге құмар болып өскен жасынан Қиялынан туындаған тасқын ән Әні бөлек жібітетін жүректі Еншілеген тәңір шашқан шашудан «Әкешім» әні сөзі : Т.Әбдіковтікі , әні Фариза Жандардікі орындайтын автор . Облыстық «Абай Шәкәрім» байқауының жүлдегері. ІІ-жүргізуші: Баян жанры. Джульяна «Тарентелла» орындайтын облыстық VІІ жастар Дельфийлік байқауының жүлдегері Керимов Ислам . І-жүргізуші: Ән. Құралай Сәтмағанбетова «Елім аман» орындайтын домбыра бөлімінің шәкірті Құрбанқожа Нұрдәулет ІІ-жүргізуші: Домбырам жүрегіммен үндес едің Сенімен сырласымдай тілдесемін Бабамнан қалған мұра сен болмасаң Өнердің не екенін білмес едім. Домбыра жанры. Аубакиров «Талас» орындайтын облыстық VІІ-ші жастар Делфийлік байқауының жүлдегері Дәрібаева Маржан. І-жүргізуші: Аккордион жанры. «Тирорский народный танец» обр Мерек орындайтын аудандық байқаудың жүлдегері Жүсіп Бағылан. ІІ-жүргізуші: Аккомпанимент. Бөрі Иса «Мерекелік күй» орындайтын аудандық «Ғасырлар пернесі» атты байқаудың жүлдегері Әбдіжан Ботакөз. Қол соғып қарсы алыңыздар. І-жүргізуші: Ән «Мектебім» орындайтын домбыра бөлімінің шәкірті Мырзахмет Айдана . Сүйемелдейтін «Арысым әнім» вокалды аспапты топ. ІІ-жүргізуші: Ән. Ержан Серікбаев «Жаңа жыл» орындайтын домбыра бөлімінің шәкірті Исаева Диана. Сүйемелдейтін «Арысым әнім» вокалды аспапты топ. І-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры , композитор Жомарт Сейтбековке береміз. _________________________________________ __________ Осымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жұлдызды күндер» аясында өткізілген Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің «Өнерлі өрге жүзеді» атты мерекелік концертімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет !