Зайырлылы? ж?не дінтану. ?аза? мемлекеттілігіні? ?алыптасуында?ы исламны? р?лі (9 сынып)


Сабақ: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі. Мектеп: №1
Сабақ негізделген оқу мақсаты Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі тақырыбына талдау жасайды. Мысалы, сұрақ қою, жұппен жұмыс арқылы.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Қазақ мемлекеті және рухани құндылықтар туралы біледі;
Би-қазылардың діни құқықтық нормаларды қалыптастыруы туралы әңгімелеп бере алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Қазақ мемлекеті және рухани құндылықтар туралы біледі;
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы қызмет еткен қайраткерлерді атап бере алады;
Қазақтар арасында ханафи құқықтық нормаларының таралуы туралы әңгімелеп бере алады.
Кейбір оқушылар:
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы исламның рөлін түсіндіріп бере алады;
Діни-құқықтық нормаларды сақтауда би-қазылардың рөлін түсіндіріп бере алады;
Өздігінен ізденіп, қосымша тапсырмаларды орындайды.
Тілдік мақсат Оқушылар: Оқушылар Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлін түсіндіре алады;
Негізгі сөздер мен тіркестер:
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы»
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Иасауи ілімінің мәні неде? Иасауи дүниетанымы бойынша адамның ең ұлы мақсаты не?
Рухани құндылықтарға не жатады?
Қазақтар арасында Ханафи құқықтық нормалары қалай таралған?
Мемлекеттің қалыптасуындағы ислам дінінің рөлі қандай?
Би-қазылар діни – құқықтық нормаларды қалай қалыптастырды?
Ханафи мазхабы не себепті жергілікті халықтың көңілінен шықты?
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына қызмет еткен қайраткерлер кімдер?
Алдыңғы тақырып Қазақстандағы ислам діні: исламның Қазақстанда таралуы. Қожа Ахмет Йассауидің діни философиясы (хикмет ілімі)
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Оқушының әрекеті Ресурстары
І. Ұйымдастыру 1. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, психологиялық ахуал орнату. ІІ.Үй жұмысы «Жылдамдық сұрақтары»
Ислам діні қазақ даласына қашан келді?
Ислам қай уақытта мемлекеттік дін ретінде жарияланды?
«Қожа» сөзі қандай мағына берді?
«Рибат» ұғымын қалай түсіндіңдер?
Діни-мораль саласында жазылған «құтты білік» еңбегі кімдіке?
Қазақ даласында исламның түпкілікті орнығуы кімнің атымен байланысты?
Тәңірлік сенім дегенімізне?
Үйге берілген кестемен жұмыс.

Үйге берілген эсселерін оқиды. Кезектесіп бір немесе бірнеше оқушы ыстық орындыққа шығып, сұрақтарға жауап береді.
Топтар бір – біріне хат жолдап, сұрақтарға жауап береді.
Үйде орындаған кестемен жұмыстарын тексереді. Орындық
Конверт
Дәптер
ІІІ. Жаңа сабақ Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
«Ой талқы»
Жалпы тақырыпты жеке оқиды.
Жұппен талқылайды.
Мына сұрақтар төңірегінде пікір – талас орнату:
Рухани құндылықтарымыз исламның негізінде қалыптасты дегенмен келісесіздер ме?
Елдегі заңдар жинағы ислам шариғаттарын негізге ала отырып жасауы неде?
Қазіргі таңда ел басқару ісінде, заң жүйесін жасауда исламдық жүйе негізге алынады ма? Оқулықтарын ашып, дәптерге бүгінгі күн тақырыбын жазады.
Оқушылар мәтінмен танысып, талқылап, пікір-таластырады. Оқулық, дәптер.
ІV. Бекіту және пысықтау «Жылдам кездесу» әдісі.
Мұғалім тарапынан сұрақ:
Қазақ мемлекетін нығайтуға кімдер үлес қосты?
Би қазылар діни-құқықтық нормаларды қалай қалыптастырды?
Неліктен «кемел адам» сипаты ел арасындағы беделді адамдар тарапынан қолдау тауып жатты?
«Соңғы бес минут» әдісі
. Оқушылар екі қатарға бетпе-бет тұрып, сұрақтарға кезек-кезек жауап береді.
Бір оқушы шығып, сабақта түсінгенін бес минут ішінде қорытындылап айтып береді. V. Кері байланыс Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу.Мен топта/ жұпта қалай жұмыс істедім.Кімге көмек бердім. Кімді риза еттім.
Ортан терек- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым.
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл – күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім. Бес саусақтарын қағазға түсіріп, сұрақтар бойынша жауап жазады Ақ парақ, қаламсап
VI. Үйге тапсырма §21. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жинағын тауып оқу.