Биология п?нінен ашы? саба? Капиллярлы?, веналы? ж?не артериалы? ?ан кетуде к?рсетілетін к?мек


Пәні: Биология Тексерілді
Сабақтың тақырыбы: Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Мұғалімнің аты-жөні: Г. Паримбекова.
Күні: 18. 01. 2017 ж.
СЫНЫП: 8
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Оқушыларға қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек туралы түсінік беру. Топтық және жұптық тапсырмаларды орындауда белсенді болуға үйрету.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Тапсырманы оқып, түсінік айта алады. Қан кетудегі көрсетілетін алғашқы көмек туралы ережені біледі.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
.Қан кетудегі алғашқы көмектің негізгі ерекшелігін талдайды.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Алған білімдерін жинақтап талдау жасай алады.
Тілдік мақсат: .Инфаркт, никотин,Артерия, вена, капилляр.
Ресурстар: Стикерлер, маркер, А4 формат, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Химия, дүниетану, физика.
Алдыңғы оқу: Қанның артериялық қысымы.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3- минут Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сыныпқа жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында жылы сөздер айту,3 топқа бөлу.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
10 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
« Ой қозғау».
Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. 1-2 ұпай. Жұптық.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Пікірталас сұрақтармен жұмыс.
«Ассоциация құру»
І-топ. Анемия,Лейкемия қандай ауру?
ІІ-топ. Жүрек кемістігі неден пайда болады?
ІІІ-топ.Қан қысымының өзгеру себептері? 2-3 ұпай.топтық жұмыс.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Дұрыс жауабын табыңдар.
1. Организмнің ішкі ортасын не құрайды?
2. Қан плазмасының құрамы неден тұрады?
3.Эритроциттер қайда түзіледі?
4. Эритроциттер қай жерде бұзылады?
5.Лейкоциттер қайда түзіледі?
6.Қан қай жерде тазартылады? ЖАҢА САБАҚ
10 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру)
«Айналмалы бекет» әдісі бойынша жаңа сабақты ашып аламыз. Бұл әдіс ЖИКСО әдісінің бір түрі.
4-5 ұпай.топтық жұмыс.
САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
«Жұптас ойлан»
І-топ. Қан кеткендегі алғашқы көмек.
ІІ-топ.Артериядан қан кеткенде көрс-н жәрдем?
ІІІ-топ.Вена тамырларынан қан кеткенде көрс-н жәрдем. 1-2 ұпай
2-деңгей
(қолдану, талдау):
«Ой түрткі» дәптермен жұмыс.
Кестені толтыру. 2-3 ұпай жеке жұмыс.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
«Балық қаңқасы» әдісі бойынша тақырыпты жинақтап пысықтаймыз.
4-5 ұпай немесе «5» баға.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
7 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасатуға тапсырма беру)
Тақырыпты оқып түсінік айту. 2-деңгей
(қолдану, талдау):
Жүрек -қантамырлар жүйесін қорытындылап оқу. 3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Тест сұрақтарын дайындау. БАҒАЛАУ
Бағалау.
Түрлі-түсті жапырақтар түрімен формативті бағалау.
Жасыл толық түсіндім.
Сары жартылай түсіндім.
Қызыл мүлдем түсінбедім. Топтық, жеке..
КЕРІ БАЙЛАНЫС
.Не ұғындым? Не ұғынғым келеді? Не ұсынамын? Деген сұрақтарға жауап бергізіп кері байланыс орнату.