?арапайым математикалы? т?сініктерді ?алыптастыру п?нінен «Ж?лдыз» ІІ с?билер тобында ?ткізілген ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні? та?ырыбы: «?зын – ?ыс?а. Заттарды салыстыру.Фигуралар».


КМҚК «Балерке» балабақшасы
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінен
«Жұлдыз» ІІ сәбилер тобында өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің тақырыбы:
«Ұзын – қысқа. Заттарды салыстыру.Фигуралар».
Тәрбиеші: Копесова Н.А.
2016-2017 оқу жылы
Көкпекті ауылы
КМҚК «Балерке» балабақшасы«Жұлдыз» ІІ сәбилер тобында ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 14.02.17
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырып: «Ұзын – қысқа. Заттарды салыстыру. Фигуралар».
Мақсаты: «Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, фигуралар: шаршы, үшбұрыш, шеңбер туралы түсінік беру. Беттестіру, бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету.
Қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Зерттеу, салыстыру жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.Қажетті құрал-жабдықтар:Қуыршақ, ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша жолдар ұзыны – көк және қысқасы – қызыл, моншақтар, АКТ.
Сөздік жұмыс: Ұзын, қысқа, шаршы, үшбұрыш, шеңбер.
Билингвальді компонент: ұзын – длинный – long, қысқа – короткий – short, шаршы – квадрат - square, шеңбер – круг - circle, үшбұрыш – треугольник - triangle.
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивация-лық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз.Баршаңызды құрметтепБас иеміз біз.
 Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?- Қыс мезгілінде неше ай болады?- Қане, қыс айларын атап айтайықшы? Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірімен амандасады.
- Қыс  мезгілі.- Үш ай болады.-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Ұйымдасты-рушы - ізденуші Тосын сәт: Есік қағылып, Қоян-қонақ кіреді. Қолында қорапшасы бар. Қоян балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!Қоян: -Балалар менің атым – көңілді Қоян. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмала-рымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.Тәрбиеші: -Қане, балалар Қоян бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы қорапшаны ашып қарайық.-Ал, балалар Қоянның алып келген жолақшаларының түсін айтайықшы?-Көк,қызыл.
I - тапсырма: Слайд арқылы суреттерді көрсету.
Сұрақ - жауап арқылы.Ендеше, барлығымыз мына экранға қарайықшы? Мынау ненің суреті?
(1 слайд)Мына пойыз ұзын ба, қысқа ма?Қане, кім айтады? Қай пойыз ұзын?
Қай пойыз қысқа?ІІ тапсырма
-Балалар, айтыңдаршы, мынау нелер?- Бауырсақ қай жолмен домалап барады?Мынау қандай жол?Ия, ұзын жол.Ал, мына жол қандай? 
Дұрысайтасыңдар, балалар!
Ал, келесі тапсырманы орындайық.IIІ - тапсырма: Көк жолақшаның үстіне қызыл жолақшаны қойғанда қай жолақша ұзын?
-Ал, көк жолақшаның қасына қызыл жолақшаны қойсақ, қай жолақша ұзын болады?
-Дұрысайтасыңдарбалалар!
IҮ - тапсырма:Енді балалар, ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме?Бұл тапсырманы орындау үшін, Қоян бізге бір ойын алып келген екен, балалар. (Геометриялық пішіндерді қайталау).( 2-слайд)Дидактикалық ойын: «Жұбын тап».Мақсаты:Геометриялық пішіндердің түрін, түсін ажырата білу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.Пішіндерді дұрыс орнына қоюға дағдыландыру.
3- слайд.-Балалар мынау нелер?
-Қане қарайықшы, қайсысы ұзын?
-Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
-Қай қарындаш қысқа?
4 - слайд. -Балалар мына суретке назар аударайықшы,мынау нелер?-Қоянның неше құлағы бар?-Ал кірпіде неше құлақ бар?
-Кірпінің құлағы ұзын ба,әлде қоянның құлағы ұзын ба?-Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын екен.-Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Қоян-мен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы- қырлы жерлермен,
Ытқып- ытқып жүгірді.
- Балалар , мен сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнағым келіп тұр. Мақсаты: балалардың ұсақ қол мото-рикаларын дамыту.Шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
-Енді балалар екі топқа бөлінейік. 
1 - топ жіпке ұзын моншақ тізеді.   2 - топ қысқа моншақ тізеді. Сәлеметсіз бе!
Қоянның тапсырмаларын орындауға кіріседі.
Балалар слайдқа қарап, сұрақтарға жауап береді.
- Пойыздардың суреті.
Балалардың жауаптары.
Билингвальді компонент:ұзын – длинный – long, қысқа – короткий – short.
-Жолдар.
- Ұзын жол.
- Қысқа жол.
-Көк жолақша ұзын.
-Көк жолақша.
Билингвальді компонент:шаршы – квадрат - , шеңбер – круг - , үшбұрыш – треугольник -
Балалар пішіндерді түр, түсіне қарай жұптастырады.
-Жылан және жұлдызқұрт
-Жылан ұзын.
-Қарындаштар
-Жай қарындаш қызыл қарандаштан қысқа.
-Қоян мен кірпі.-Қоянның екі құлағы бар.
-Кірпіде екі құлақ бар.
- Қоянның құлағы ұзын.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын жасайды.
Балалар 2 топқа бөлініп, ойынға қатысады.
Рефлексивті – түзетуші -Балалар сендерге бүгінгі ашық оқу іс-әрекеті ұнады ма?
 -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?
-Қандай тапсырмалар ұнады?
Қоян өз сыйлықтарын балаларға тара-тып, қоштасады.
Балаларды мадақтау.
Балаларсұрақтарғажауапбереді
Күтілетін нәтижелер:
атайды: заттардың көлемін (ұзын - қысқа);
түсінеді: көлемі бойынша қарама – қайшы заттарды қалай салыстыруға болатынын;
қолданады: геометриялық фигураларды белгілі бір түске қалай бояуға болатынын, заттарды бір – бірінің үстіне салу және жанастыру тәсілдерін.
Әдіскер: ___________ А.Ж. Жумашева
Тәрбиеші: Н.А. Копесова