Статья БІЛІМ БЕРУ ?ДЕРІСІНДЕГІ М??АЛІМНІ? ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ


БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Нұрмағамбетова Қ. Ж.
«Бэст» гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы,
Қазақстан Республикасы
Резюме
В своей статье затронула основные аспекты воспитания и обучения учащихся. Курсы повышения квалификации дают большой стимул в обучении учащихся.
Ключевые слова: программа,новые приемы, качественное образование, поиск, практика
Summary
In this article there were touched aspects of education and training of students.Upgrade qualification courses give a great impetus to the training students using new teaching methods.
Keywords:programm, new methods,quality education,searching,practice
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр,- дей отырып, Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазіргі заман мұғалімдерінен тарихи танымдық, білімділік, педагогикалық және ақпараттық сауаттылықты талап етіп отыр. Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту- бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда тәуелсіздік талабына сай білім беру жүйесін жаңа жоғарғы деңгейде көтеруге үлкен мән берілуде. Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Соның бірі Назарбаев интеллектуалды мектебі мен Кембридж университетінің бірлескен білім беру жобасы. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту, сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің тәжірибесін тарату жөніндегі тұжырымдамасы мен мен үшін бір үлкен жаңалық болды. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу және оқу үрдісінде жаңа технологияларды, әдіс – тәсілдерді тиімді, ұтымды қолданып, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде ойын еркін, ашық, өзіндік дәлел –уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір –көзқарастарын жүйелі жеткізе алатын, сонымен қатар сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыру.
Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі тәжірибесі және кәсіби мән-мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әр түрлі аспектілері карастырылған. Бағдарламада негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модулге сараланған. Менің алдыма қойған мақсатым - осы жеті модулді сабағыма кіріктіре отырып, тиімді әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, өзара қарым - қатынасын нығайтып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Алға қойған мақсатты іске асыруда басты ролді мұғалім атқаратындығы рас. Мен орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінен сабақ беремін. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгерту біздің мемлекетімізде ең бір өзекті мәселе. Осы өзге ұлт өкілдеріне курс бағдарламасын қазақ тілі сабағында қолдану мен үшін қиын көрінген болатын. Менің ойымда: Өзге ұлттың балаларына бұл курс бағдарламасы бойынша қалай сабақ жүргіземін? Оқушылар оны қалай қабылдайды? деген ойлар мазалаған болатын. Жинақтаған тәжірибемді сабақ барысында курста үйренген әдіс-тәсілдерден бастадым. Үйренген әдіс-тәсілдермен сабақты қызықты өткізуге тырыстым,оқушылар қызыға қабылдады. Сабақ барысында өз жұмысыма басқа тұрғыдан қарап, сабақтарымды барынша қызықты, нәтижелі етіп түрлендірудің жолдарын іздестіре бастадым.Өзімнен гөрі оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін арттыруды көздедім.Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзім жетті. Олай дейтінім, бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Сонымен қатар, оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында жалпы топ ережесін жасауды өзіндік жұмыс ретінде бердім. Осы бағдарлама бойынша топпен бірлесе жұмыс жасаудың оқушылар арасында пайдасы зор екендігін көрдім. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына топта жұмыс жасау ұнайтындығын байқадым. Оқушылар әр түрлі топта жұмыс істеуге бейімделді. Берілген тапсырманы оқушылар топ ішінде талқылап, оны ортада бір оқушы кезекпен қорғап немесе берілген тапсырма аясында өз ойларын жеткізіп отырды. Осындай сәттерде оқушылар бойынан белсенділікті, бір-бірін тыңдай білу, пікірін сыйлай білу, өз көзқарасын білдіру және бағалай алу қабілеттері қалыптаса бастағанын байқадым. Сабақ жоспарын құрар кезде: «Сабақтан күтілетін оқу нәтижесі қандай? Оқушыдан күтілетін нәтиже қандай? Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін қандай әдіс -тәсілдерді пайдалану керек? Оқушылар өздерін бағалай ала ма?» деген аспектілерге назар аударамын.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 40 бет). Мерсердің тұжырымына сүйене отырып, әр сабақтың әр кезеңінде оқушылармен сұрақ-жауап арқылы жаңа тәсілдердің бірі диалогтық оқыту тәсілін қолдандым. Сонда байқағаным, тапсырма күрделенген сайын оқушылардың қызығушылығы арта түсті,себебі қойылған сұрақтар жеңілден қиынға қарай өскен сайын оқушылардың сөйлеу қарқыны,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері де арта түсті. Төмен дәрежелі сұрақтарды оқушылардың нақты,белгілі бір тұрақты жауаптар алу үшін қолданылады. Мысалы: Сенің досың бар ма? Сенің досың қандай? Отбасыңда неше адам бар? Ал жоғары дәрежелі сұрақтар оқушылардың ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануына, қайта құруына, кеңейтуіне, бағалауына бағытталған.[2] Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрткі сұрақ қою тәсілі (Мысалы, 2-сыныпта « Үй жануарлары» тақырыбында «Үй жануарларының қандай пайдасы бар? Неге үй жануарлары деп атаймыз?) арқылы жаңа тақырыпты анықтауға болады.Cабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, бекіту, бағалау, қорытынды рефлексия диалог арқылы жүзеге асады. Диалогтық оқыту тәсілі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс орнауына ықпалы зор екенін байқадым.Сонымен қатар, әр сабағымда бағалау үрдісін қолдандым. Оқушыларға критериалды бағалау мен топ ішінде спикердің бағалауы өте ұнады. Критериалды бағалау мұғалім үшін тиімді. Оқушылардың жауаптары балдық жүйе бойынша бағаланды. Оқушылардың бір-бірін және өзін бағалауы, бағалау критерийлерінің нақтылануы арқылы жүзеге асырылды. Дегенмен, оқушылардың өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау кезінде обьективтілік болмағанын байқадым.
«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясын қолдану мақсатында түрлі-түсті қағаздарға өз ойларын жазу арқылы нені білемін, нені үйрендім, нені білгілері келетінін, сабақ барысында қандай қиындық болғанын анықтадым. Оқушылардың бұл рефлексия парақтары сабақтың қай деңгейде өткенін, келесі сабақпен қалай ұштастыруға болатынын байқау үшін өте тиімді екенін түсіндім. Бұл рефлексия парақтары сынып пен мұғалімнің қарым- қатынас жасауына жақсы мүмкіндік береді, әрі оқушылар өз ойларын, түйген қорытындыларын еркін жаза алады.
Осы курс бағдарламасы қазіргі мұғалім тұлғасының заманға сай өзгеруін талап етеді.Елбасымыздың қолдауымен жүргізіліп жатқан білім бастамасының жетер жетістігі алда деп сенемін. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалімнің еңбегі зор. Сабақтың сапалы болуы-оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі-ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді қолдана білуінде деп санаймын.Ұстаз бола білу, өзгеге үйрету, білім беру бұл үлкен жауапты іс. Біз болашаққа сеніммен қарайтын, шығармашылыққа белсенді, дені сау, рухани өмірі бай, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырып шығаруға тиіспіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бірінші «Бетпе – бет» кезеңіндегі «Білім беру платформасының» материалдары
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №6,2004ж.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық., Үшінші (негізгі ) деңгей
4. Мектептегі тәжірибе барысында жинақталған материалдар