«Рационал сандарды к?бейту» ашы? саба?


Сабақ жоспары.
«Бекітілді»
Оқу ісінің меңгерушісі: Қайырқұл Ш. С.
Пәні: Математика.
Сыныбы: 6
Сабақ: №67
Күні: 26.11.13
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Рационал  сандарды  көбейту, ережелерін әр түрлі есептерде 
пайдалану, тақырыпты оқушы санасына бекіту.
Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тез ойлап дәл жауап беруге қалыптастыру, теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана 
білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс істеуге
 тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, саяхат сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, зейін аудару, көрнекіліктерді дайындау т.б.
Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.
Үй тапсырмасын тексеру:
№516
1) 2) 3)
Жаңа сабақ:
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту.
1-мысал. көбейтіндісінің мәнін табайық. көбейтіндісін әрқайсысы -ке тең қосылғыштың қосындысы түрінде есептейік:
,
Мұндағы - көбейтіндінің мәні. Бұл жағдайда көбейтіндінің мәні теріс сан.
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісінің мәні теріс сан.

2-мысал. ;
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін:
1) осы сандардың модульдерін көбейту керек;
2) көбейтіндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Таңбалары бірдей екі санды көбейту.
ХVIII ғасырда швейцариялық атақты математик әрі механик ғалым Леонард Эйлер теріс санды теріс санға көбейтуді түсіндірген. Л. Эйлердің түсіндіруі бойынша: . Онда -нің -ке көбейтіндісі -ке қарама-қарсы сан болуы керек. Көбейткіштің біреуі қарама-қарсы санға өзгергендіктен, көбейтінді те оған қарама-қарсы санға өзгереді. Онда
.
Мұндағы - көбейтіндінің мәні. Бұл жағдайда көбейтіндінің мәні оң сан.
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі – оң сан.

Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін:
1) осы сандардың модульдерін көбейту керек;
2) көбейтіндінің мәнінің алдына «+» таңбасын қою керек.
3-мысал. ; .
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады.
4-мысал. 1) ; 2) .
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады.
5-мысал. ; .
Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады.
, - рационал сан.
6-мысал. 1) ; 2) ;
3) . , онда ; .
Рационал сандарды көбейтуде де көбейтудің ауысырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: .
Көбейтудің терімділік қасиеті: .
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті: .
Мұндағы , және - кез келген рационал сандар.
7-мысал.
1) ; ; онда .
2) ; ;
.
3) .
Егер «минус» таңбалы көбейткіш бірінші орында тұрса, онда оны жақшасыз жазуға болады: .
20459705988056-сынып оқушылары математика еліне саяхатқа шыққалы жатыр. Саяхатқа шықпас бұрын алдымен автобусқа билет алуымыз керек. Билет алу үшін мына есептерді шығаруымыз керек:



Билет алып жолға аттанар алдында азық-түлік алуымыз керек болады. Азық-түлік алу үшін дүкенге барайық:
Нан:
Шабақ:
Шырын:
Көгөніс:
Конфет:
Жеміс-жидектер:
Хот дог:
Шұжық:
Азық-түлік алып болған соң жолға шығамыз. Өзен жағасына келіп аялдаймыз. Өзеннен ұлдарымыз балық аулап, жағасынан қыздарымыз гүл тереді.
Балық: , , , .
Гүл: , , , .
Міне, оқушылар көп уақыт қыдырып, балық аулап, гүл теріп серуендедік. Енді қайтатын уақыт келді. Бірақ қайтайық десек көлігіміз оталмай тұр. Көгілігімізді жөндеп алу үшін мына есептерді шығарайық:
, , , .
Жарайсыңдар оқушылар, көлікте жөнделді. Енді үйімізге қайтайық. Бәріміз бірге «Таңбаларды есте сақтау» әнін айтамыз.
Оқулықтан №524-526 есептерді шығару.
Сабақты бекіту кезеңі:
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қалай табылады?
Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?
Үй тапсырмасы: №524 (7-9), 525 (5,6), 526 (7-9).
Қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.