?й жануарлары (о?у іс — ?рекеті)


Мақсаты: балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру,олардың адам өміріне деген пайдасы туралы түсінік беру, балалардың сөздік қорын молайту, тілдерін ,есте сақтау қабілеттерін дамыту, үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу, әр жануардың дауыстарын айыра білуге дағдыларын жетілдіру.
Ұйымдастырушы кезең:
Сәлемдесу, отырғызу.
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Балалар,үй жануарларын атап бере аласыңдар ма?
Балалар: иа деп жауап береді.
Төрт түлік малға не жатады?
Балалардың жауабы: түйе, жылқы, сиыр, қой.
Малдың төлдерін қалай атайды?
Балалардың жауабы: бота,құлын, бұзау,қозы.
Жаңа сабақ: балалар, біз бүгін үй жануарларымен танысамыз. Үй жануарларына: түйе, жылқы,сиыр, қой жатады.
Үй жануарларының адамға тигізер пайдасы өте көп. Олардан әрқайсысынан әртүрлі өнім алынады.
Шұбат,қымыз, сүт, ет, тері алынады.
Түйе – ауыр, салмақты жануар. Түйенің төлі бота деп аталады. Түйенің сүтінен шұбат жасайды,жүнінен көрпе тігеді.
Жылқы – өте әдемі жануар. Жылқының төлі - құлын деп аталады. Жылқыны сауып қымыз жасайды, етінен қазы – қарта, жал – жая әзірлейді.
Сиыр – аша тұяқты жануар. Оның еті де сүті де пайдалы. Сиырдың төлі – бұзау деп аталады.
Ендеше балалар қане ойын ойнайық. Бұл ойынымыздың аты « Төлдерін тап» деп аталады. ( Балаларға суреттер беріп, олардың төлдерін қастарына апарып орналастыру керек)
Балалар , сендер осы санап білесіңдер ме?
Ал енді балалар мына суреттегі үй жануарларын санап шығайық.
Балалар мынау не?
Бұл сандықшаның ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар.
Ендеше балалар тапсырмаларды орындайық.
1 – тапсырма – үй жануарларына байланысты тақпақтар айту.
Ернұр:
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің желбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
Айару:
Шөре – шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
2 – тапсырма – жұмбақ шешу.
Мейіржан:
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қой)
Қызғалдақ:
Үстінде екі тауы бар,
Кезекті бір жануар . ( түйе)
3 –тапсырма – дыбыстар қай жануардың дыбысы екенін табу.
4 – тапсырма - үй жануарларына байланысты тыйым сөздер айту.
Сәтжан: Малды тебуге болмайды.
Мәрлен: Ақты жерге төкпе.
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
Логикалық ойын:
Сиыр: мө – мө – мө
Түйе: бө –бө –бө
Қой: мә –мә –мә
Қорытынды:
Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетін ойын арқылы аяқтаймыз.
Ойын шарты: төлдердің дыбысын салу.
Балалар ойынға қызыға қатысады.
Түйе боздайды,
Жылқы кісінейді,
Сиыр мөңірейді,
Қой маңырайды.
Ендеше балалар, бәріміз бірігіп бүгінгі танысқан үй жануарларының атын атайық.
( балалар үй жануарларының атын атап шығады)
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа барлығыңызда оте жақсы атсалысып қатыстыныздар. Сендерге көп – көп рахмет!