?ыс?а мерзімді саба? жоспары : ?й жануарлары мен оларды? т?лдері


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылы
О. Жандосов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі : Тортаева Ғ.Д
Пәні : қазақ тілі Мерзімі___ Сыныбы 2."Б"
Тақырыбы Үй жануарлары мен олардың төлдері
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Тыңдаған мәтінді мазмұндау . Таныс сөздерді қолдану арқылы оқиға желісін сақтай отырып, шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар :
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар :
Үй жануарларының атауларын біледі. Олардың төлдерін атай алады.
Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілік ету айырмашылығын айта алады.
"Жануарлар" туралы ертегілер біледі. Оқиға желісін сақтай отырып,түсінгенін айта алады. Өз ойымен мәтінді өзгерте алады.
Тілдік мақсат
Сурет арқылы жұмыс жасай алады. Жұмбақтарды шеше алады. Мәтін түрлерін біледі. Оны қолдана алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер,
Терминдер
Ертегі мазмұнына байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестері.
Мал шаруашылығына байланысты терминдер.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Үй жануарлары туралы диалог жүргізіп, сүйікті жануарлары туралы әңгімелейді.
Талқылауға арналған тармақтар "Үй жануралары" адамға не береді? Орманда қандай жануарлар мекендейді?
Сіз неліктен........................
Екенін айта аласыз ба? Жануарларды неліктен екіге бөлеміз. Не себепті иттің орнына қасқырды үйде ұстамаймыз?
Ишара Жануарлардың сипатын ишарамен білдіру.
Алдыңғы оқу "Сүйікті жануарларың" туралы ертегілер оқу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
5 минут
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
"Қошақан" әнін тыңдап, бірге орындау.
"Стоп -сұрақ" әдісі
1- тапсырма -39 бет
1.Жануарларды ата.
2. Олардың төлдерін ата. АКТ

Сұрақтар
Ортасы
20 минут
Тақтаға ілінген суреттер бойынша
"Адасқан төлдер" әдісі
Енелері мен төлдерін сәйкестендір.
Үй жануарларының төлдерін атау. Өздері білетіндерінің күтімі, тіршілігі жайында әңгімелеу.
"Сканерлеп оқыту" әдісі
3- тапсырма
Сурет бойынша ертегі құрастыр.
"Бота мен Қошақан" сөзін неше рет айтылды.
"Өрмекші торы" әдісі
Сөздікпен жұмыс
1. Үй жануарлары.
2.Олардың төлдері
Қой - қозы
Ешкі -лақ
Түйе -бота
Жылқы- құлын
Сиыр-бұзау Жануарлардың суреті.

Суреттер.
Өрмек жібі.
Сөздік дәптер.
Аяқталуы
15 минут
5 минут. Дәптермен жұмыс.
Үлгі:
Мынау -сиыр.
Мынау- үлкен сиыр.
Мынау -үлкен қоңыр сиыр.
Мынау -үлкен қоңыр сиырдың бұзауы .
Мынау -үлкен қоңыр сиырдың бұзауы ала бұзау.
Ала бұзау- кішкентай.
Ала бұзаудың түсі- ала .
Бұзау -төл.
Жұмбақтар шеш.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)
Үстінде екі тауы бар,
Кезікті бір жануар. (Түйе)
Аузыша: шешуі бойынша үй жануарларына сипаттама береді.
Бағалау. (тапсырмаларды толық толтырып өткізеді Үйге тапсырма беру. "Ботақан " өлеңін жатта.
Кері байланыс: БББ кестесін толтыру.
Білемін Білдім Білгім келеді
Үй жануарларын Үй жануарларының төлдерін Жылқы малының жас санауын.
Сиыр сүтінің өнімдерін түйенің сүті-шұбат. Жылқының сүті -саумал Қойдың, ешкінің сүті жайында.
Оқулық , ондағы суреттер.
Жұмбақтар.
БББ кестесі
Қосымша ақпарат
Түйе малы - шөл далада сапарға жүруге төзімді. Түйенің ішкен суы 20 күннен астам уақытқа жетеді. Сол себепті олар шөлге төзімді келеді .
Түйе қос өркешті және бір өркешті болады. Бір өркешті түйені "Нар" деп атайды. Олар ауыр жүктерді жолсыз жермен тасымалдайды.
Түйені -шөлді даланың кемесі депте атайды.
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Оқушылардың ішкі уәжімен санасу арқылы қолдау көрсетемін.
Оқушы өз шығармашылығынан бүгінгі сабақтағы таныс ертегіден өзгеше ертегі құрайды. Бағалау-оқушы білімін тексетуді қалай жоспарлайсыз?
Формативті бағалау. Тапсырмаларды орындату арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалау, топты бағалау. Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
Дүниетану,сурет сабағы
Оқу құралдарын қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, дұрыс пайдалану
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу (тәрбие элементі)
Рефлекция
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді ?
Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау іске асты ма?
Тапсырмалар сәйкес болды ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Алға қойған оқу мақсатым жүзеге асты.
Оқушылар үй жануарлары туралы мағлұматтар алды. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылды.
Сабақ өз деңгейінде өтті.
Жоспарлаған жұмысым іске асты.
Уақытты дұрыс пайдаландым. Жоспарыма еш өзгеріс енгізбедім
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты )
1 ."Қошақан" өлеңін айту.
2. "Адасқан төлдер" әдісі
Қандай екі нәрсе , не тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?(оқыту мен оқуға қатысты)
1. Тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.
2.Уақытты неғұрлым тиімді пайдалану.
Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті ақпаратты білдім?
1. Кейбір оқушылармен сөздіктер бойынша жұмыс жүргізу.
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге қалыптастыру.
Тапсырмалар
№ Тапсырмалар Дескриптор Мұғалімнің бағалауы Оқушының өзін-өзі бағалауы
1 Үй жануарлары .
Олардың төлдерінің атауын ата Үй жануарларының атауларын біледі. 1
2 Олардың төлдерін атай алады. 2 "Жануарлар" туралы ертегіні оқы.
Оқиға желісін сақтай отырып,түсінгеніңді айта.
Мәтінді өзгерт . Үй жануарларының атауларын біледі.
Олардың төлдерін атай алады. 3
4
5 "Жануарлар" туралы ертегіні біледі. Оқиға желісін сақтай отырып,түсінгенін айта алады.
Өз ойымен мәтінді өзгерте алады.