Д?ниетану Та?ырыбы Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары


Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Орман–тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың орман–тоғай өсімдіктері мен
жануарлардың көп түрлілігі туралы қарапайым ғылыми
негізі бар түсініктерін қалыптастыру. Оларды қорғаудың
маңызын ұғындыру. Алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір алуға баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?Мейірімді жүрекпен,Ақпейілді тілекпен,Амандасып алайық,Бір жадырап қалайық!
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Кіріспе: орман - тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?2. Жаңа сабақты түсіндіру.Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. V.Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.
- Мәтінді тұтас оқу.
- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу
Картамен жұмыс. Оңт. Орал мен Алтай арасында шағын ормандар өседі.
0781050007810400114300906780Жануарлар тіршілігіне қолайлы. Жануарлар одан өздеріне мол азық, баспана таба алады.
00Жануарлар тіршілігіне қолайлы. Жануарлар одан өздеріне мол азық, баспана таба алады.
1143001333500Қайыңдар, көктеректер, шыршалар, жемісті бұталар, дәрілік қасиеттері мол шөптер бар
00Қайыңдар, көктеректер, шыршалар, жемісті бұталар, дәрілік қасиеттері мол шөптер бар
114300432435Топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста қатпайды
00Топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста қатпайды


0166370Орман жануарларының көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, т.б. болып келеді. Орман құстары да сан алуан. Тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ т.б.
00Орман жануарларының көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, т.б. болып келеді. Орман құстары да сан алуан. Тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ т.б.


Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Дәптермен жұмысОрман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарларыҚайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар? Өз ойларын әңгімелету.VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.- Орман - тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.- Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?- Тоғайда әсіресе не көп өседі?
VIІІ.Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу .