1001 МА?АЛ 101 Ж?МБА?


«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
«1001 мақал 101 жұмбақ»
(сайыс)
Орындаған: Бесенова А.А.
Тақырыбы: «1001 мақал 101 жұмбақ» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қадірлеуге үйрету. Шешендік өнерге баулу.
Керекті құралдар: кітаптар, даналық сөздер.
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Өнер алды - қызыл тіл» деп Абай атамыз айтқандай сіздер сөз өнері байқауына «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын тамашалағалы отырсыздар.
- Ендеше, қошеметтеп,ойынға қатысушыларды ортаға шақырайық!
Ойын шарты: 1. Үйден дайындап келген 5 мақал айту.
2. Берілген тақырыпқа мақал құрау
1. Тіл туралы мақал айту:
«Өнер алды – қызыл тіл!
«Бас кеспек болсаң да, тіл кеспек жоқ»
«Басқа пәле тілден»
«Бала тілі - бал»
2. Ас туралы мақал айту:
«Ас адамның арқауы»
«Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар»
«Анасын көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш»
«Ас бар жерде ауру тұрмайды»
«Ас иесімен тәтті»
3. Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:
«Жақсы бала - сүйін, жаман бала - күйік»
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»
4. Ақыл туралы мақал айту:
«Ашу асыққанда ақыл басу айтады»
«Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе»
«Ас тасыса, қатығы төгілер,
Ашу тасыса, ақылы төгілер»
5. Дос туралы мақал айту:
«Дос көбейсе дұшпан аяқ астында»
«Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман»
3. Мақалдың тіркесін табу
1. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)
2. Ерді намыс өлтіреді, ... (қоянды қамыс өлтіреді)
3. Басқа елде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)
4. Зейіні бардың ... (бәріне де бейімі бар)
4. Көрермендер көрімдігі.
1. Отан туралы:
«Отан үшін отқа түс, күймейсің»
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»
2. Ашу, ыза туралы:
«Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды»
«Ашу дұшпан ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос»
3. Ар – ұят намыс туралы:
«Мал үшін таласпа, ар үшін талас»
«Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дер»
4. Бала туралы:
«Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар»
«Бала тілі - бал»
5. Денсаулық туралы:
«Денсаулық - зор байлық»
«Дені саудың - жаны сау»
5. Жұмбақ сайысы.
1. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жүреді.
Ауызы жоқ ұлиды (Боран)
2. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
3. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа мен балапан)
4. Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай,
Тіліңді алмайды тетігін сұрамай. (Сағат)
5. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп, тербеледі адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқта. (Домбыра)
6. Көрермендер көрімдігі
Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)
Жаралғанға жабысқан. (Есім)
Көзге көрінбейді, жұтсақ білінбейді. (Ауа)
Сөзжұмбақ:
М Ұ Р
А
Ж А Й Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
Ы. Алтынсарин кім?
Ойыңды жазасың,
Аласың мазасын.
Беттері біткен соң,
Жаңасын бастарсың. (дәптер)
Есігі бар төбесінде,
Отырасың келесің де. (парта)
Кітап жазатын адамды кім дейміз? (жазушы)
Соңғы қоңырау мерекесі қай айда болады? (мамыр)
Алғашқы қоңырау мерекесі қай айда болады? (қыркүйек)
7. Қорытынды.
«Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің мәнін келтіреді»«Мақал қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей, бүгінгі біз оқушылардың мақал мен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал – мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді.
Құрметті оқушылар, осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.
Марапаттау.