Тікт?ртб?рышты?, шаршыны? перимері ж?не ауданы 3 класс


Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының ) периметрі және ауданыСабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.1. Білімділік: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып олардың периметрі мен ауданын табуға, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту. Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын арттыру, өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.3. Тәрбиелік: Отанды сүюге тәрбиелей отырып, алғырлыққа баулу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, көрнекілік.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ойындар, кестелер, суреттер.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау2. Психологиялық дайындық: 1 слайдСаған есеп үйреткен,Пәнге қара құрметпен.Санды тура табатын,Қиын, әрі қызықты,Математика болатын.3. Үй тапсырмасын тексеру: 2 слайд92 бет № 7Теңдеулерді шеш.4. Өтілгенді қайталау: 3 слайд«Әр фигураның үйін тап!» ойыныТік төртбұрыш Шаршы- Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?- Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар- Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз.Р =а + в + а + в- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?Оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в- Неге бұл фигураны шаршы дейміз?- Шаршының неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар?- Шаршының периметрін қалай табамыз?- Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз:Р =а + а + а + а- Шаршының ауданын қалай табамыз?Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз. S = а * а5. Жаңа сабақ: Тік төртбұрыштың ( шаршының ) периметрі және ауданы 4 слайдТік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады:1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;Р =а + в + а + в2 - тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2 - ге көбейту арқылыР =(а + в ) * 23 - тәсіл: оның ұзындығын 2 - ге көбейтіп және енін 2 - ге көбейтіп, мәндерін қосу арқылы.Р =а * 2 + в * 2Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады:1 - тәсіл: оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в2 - тәсіл: көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланамыз:S = в * аШаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады:1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу;Р =а + а + а + а2 - тәсіл: оның бір қабырғасының ұзындығын 4 – ке көбейту;Р =а * 4Шаршының ауданын былайша табуға болады:Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.S = а * а6. Оқулықпен, дәптермен, тақтамен жұмыс:5 слайд№ 1 а) Ауызша талдау.ә) Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу. Олардың аудандары мен периметрлерін табу.«Тез есепте» ойыны.Барлық қабырғасы тең екен,Өлшеп көрсем төрт екен.Табуды біз үйрендік,Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?Бұрыштары тік болса,Қабырғасы төртеуден.Ұзындығы 3 болса,Ені оның 2 - ге тең.Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?№2 6 слайдКүнтізбенің ұзындығы - 10 смЕні – 7 смКүнтізбе беті -? кв см – ге бөлуге боладыШ: S = 10 см * 7 см = 70 кв см№3 7 слайдШиелі - Телікөл каналы, Қызылорда облысы Шиелі, Сырдария аудандары жерінде. Жалпы ұзындығы 90 км, ені 6 – 10 м, тереңд. 3 – 4 м. Каналдың жалпы орташа су ағымы 12 м³/с. Суымен 50 мың га - дан астам жер суландырады.Шиелі - Шіркейлі Каналы – Қызылорда облысы Сырдария ауданының Шіркейлі тармағы аңғарында. Басын Сырдария өз - нен алады. Каналдың жалпы ұзындығы 139 км, ені 13 – 18 м, тереңд. 4 – 6 м. Орташа су ағымы 51, 5 м³/с. Канал 20 мың га жерді суландырады.Шиелі - Телікөл каналының ұзындығы - 90 кмШиелі - Шіркейлі каналы -? км, 49 км ұзынШ: 90 км + 49 км = 139 км ( Шиелі - Шіркейлі каналы)90 км + 139 км = 229 кмЖ: екі каналдың ұзындығы 229 км7. Сергіту сәті 8 слайд1, 2, 3, Бойға жинап күш.4, 5, 6, Отыр, тұр, шалқы.7, 8, 9, Тартамыз біз қобыз.10, Орныңа қон.№4 9 слайдБекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м - дей, салмағы 200 кг - га дейін жетеді.Бекіре балығының массасы - 80 кгҚара уылдырық - № кг төрттен бір бөлігіШ: 80: 4 = 20 ( кг )Ж: бекіренің қара уылдырығы 20 кг.№ 5 Бос тор көзге тиісті санды қой. 10 слайд№ 7 12 см кесінді сызу.Төрттен бір бөлігі - 3 смАлтыдан бір бөлігі – 2 смӨз індік жұмыс:«Есептеуге көмектес» ойыны 11 слайдЕкі оқушы Асан мен Үсен бақшаның периметрін есептеп отыр. Балаларға есептеуге көмектесіңдерші. Бақша шаршы тәріздес, бір қабырғасының ұзындығы 20 м, бақшаның ауданын табыңдар?• а=20 м• Р=? S=?• Р=20*4• Р=80 м. кв• S=20*20• S=400 м. кв8. Сабақты қорыту: 12 слайдТік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады.Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады.Шаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады.Шаршының ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.9. Үйге тапсырма: 94 бет № 610. Оқушылардың білімін бағалау.