?аза? ?дебиеті п?нінен о?ушылар?а арнал?ан ?орытынды тест ж?мыстары


Спандиярова Гульнар Рысбековна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Алматы облысы, Қарасай ауданы
Қаскелен қаласы
Білім беру мекемесі
«Аяжан Қарасай» колледжі
Қазақ әдебиетінен тест жұмысы I вариант
ХIХ ғ. II жартысындағы қазақ әдебиетіндегі бағыт:
- а) Зар заман;
- ә) Ағартушылық;
- б) Ескіні аңсау;
+ в) Зар заман, ағартушылық бағыт;
Абайдың әжесі:
- а) Айкүміс;
- ә) Ұлжан;
+ б) Зере;
- в) Дүрия;
«Жоңғария очерктері» кімнің еңбегі?
- а) М.Әуезов
- ә) М.Шаханов
- б) М.Жұмабаев
+ в) Ш.Уәлиханов
Көркем шығармада табиғатты суреттейтін көріністі не дейміз?
+ а) пейзаж
- ә) портрет
- б) кейіптеу
- в) теңеу
Лиро – эпостық жырды көрсет
- а) «Ер Тарғын»
+ ә) «Қыз Жібек»
- б) «Алпамыс батыр»
- в) Дұрыс жауабы жоқ.
Шоқан саяхат жасаған тың өлке.
- а) Түркия өлкесі
- ә) Қырғыз өлкесі
- б) Тәжік өлкесі
+ в) Қашқария өлкесі.
«Қамар сұлу» романының авторын белгілеңіз.
- а) С.Көбеев
- ә) М.Жұмабаев
+ б) С.Торайғыров
- в) Ж.Аймауытов.
Ақан сері өмірінің трагедиялық сипатын суреттеп поэма жазған қаламгерді табыңыз.
- а) Т.Әлімқұлов
+ә) І.Жансүгіров
- б) Ғ.Мүсірепов
- в) С.Мұқанов
9. Ақан серінің саятшылық, аңшылық тақырыбына арнаған өлеңін көрсетіңіз.
+ а) Мылтық пен мергеншілік.
- ә) Жазғытұры.
- б) Далада.
- в) Аттың сыны.
10. Абайдың қара сөз санын көрсетіңіз.
- а) 48
- ә) 36
+ б) 45
- в) 40
11. Б.Майлиннің тұңғыш туындысын көрсетіңіз.
+ а) Шұғаның белгісі.
- ә) Талтаңбайдың тәртібі.
- б) Раушан коммунист.
- в) Сары ала тон.
12. Ш.Уәлиханов бойындағы тамаша қабілетті белгілеңіз.
- а) Сазгер
- ә) Ақын
+ б) Суретші
- в) Етікші
13. Ахмет Байтұрсынов аудармалары енген жинақтың атын белгілеңіз.
- а) «Маса»
+ ә) «Қырық мысал»
- б) «Үлгілі бала»
- в) «Үлгілі тәржіма»
14. «Құлагер» поэмасының авторын көрсетіңіз.
- а) Ғ.Мүсірепов
- ә) М.Жұмабаев
- б) Ә.Тәжібаев
+ в) І.Жансүгіров
15. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз.
- а) «Қыз бен Тазша»
+ ә) «Түлкі, қойшы, аю»
- б) «Тұлпар»
- в) «Аяз би»
16. М.Мақатаевтың поэмасын көрсетіңіз.
- а) «Аққудың айырылуы»
- ә) «Қайырлы түн»
+ б) «Аққулар ұйықтағанда»
- в) «Аққу»
17. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың жігітін белгілеңіз.
+ а) Ахмет
- ә) Оспан
- б) Қалтан қажы
- в) Нұрым
18. Ж.Жабаев қай жылы өмірден өткенін белгілеңіз.
+а) 1945
- ә) 1946
- б) 1948
- в) 1944
19. М.Әуезовтың жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын туындысын табыңыз.
- а) «Өске өркен»
- ә) «Қараш-қараш оқиғасы»
+б) «Абай жолы»
- в) «Түнгі сарын»
20. Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз.
+а) «Ақ көйлек»
- ә) «Заман адамы»
- б) «Жақсы мен жаман»
- в) «Құлагер»
21. Монолог деген сөздің түсінігін көрсетіңіз.
- а) Коп адамның сөйлесуі.
- ә) Екі адамның сөйлесуі.
+б) Бір адамның ұзақ ішкі ойы.
- в) Антитеза.
22. «Ботагөз» (С.Мұқанов) алғашында қандай атпен жарық көрді?
- а) «Өмір мен өлім»
- ә) «Қазақ айнасы»
+б) «Жұмбақ жалау»
- в) «Қазақ солдаты»
23. Маса болып ызыңдап, халқын ойатуды мақсат еткен ақынды көрсетіңіз.
- а) М.Дулатов
- ә) А.Құнанбаев
+ б) А.Байтұрынов
- в) Қ.Аманжолов
24. Ш.Құдайбердіұлының шығармасын көрсетіңіз.
- а) «Ескендір»
- ә) «Әзім әңгімесі»
+ б) «Қалқаман – Мамыр»
- в) «Бақытсыз Жамал»
25. «Өзге емес, өзім айтам, өз жайымды....» («Өзім туралы») деп жырлаған ақын.
- а) Ж.Молдағалиев
- ә) Ә.Тәжібаев
- б) М.Мақатаев
+ в) Қ.Аманжолов
Қазақ әдебиетінен тест жұмысы
II вариант
Жүсіпбек Аймауытов романын көрсетіңіз.
- а) «Шолпанның күнәсі»
+ә) «Ақбілек»
- б) «Күнікейдің жазығы»
- в) «Айша»
«Қазақ хрестоматиясының» авторы.
+а) Ы.Алтынсарин
- ә) М.Жұмабаев
- б) Ә.Тәжібаев
- в) І.Жансүгіров
«Қыз Жібек» жыры қалай аяқталады?
- а) соғыспен;
- ә) кектесумен;
+б) Сансызбай мен Жібектің қосылуымен;
-в) Жібек қазасымен;
Ақан құмай тазысын қалай атаған?
-а) Ақтөс
-ә) Бөрібасар
-б) Жолбарыс
+в) Базарала
Сәкен Сейфуллиннің мемуарлық шығармасын көрсетіңіз.
+а) «Тар жол, тайғақ кешу»
-ә) «Аққу»
-б) «Көкшетау»
-в) «Дала»
Ш.Құдайбердіұлы қанша рет қажылыққа барды?
-а) 5
-ә) 6
+б) 3
-в) 1
Тұңғыш журналист.
-а) С.Торайғыров
+ә) А.Байтұрсынов
-б) М.Жұмабаев
-в) М.Дулатов
Төлеген ажалына себебкер болған кейіпкер.
-а) Қаршыға
-ә) Шеге
+б) Бекежан
-в) Сансызбай
Жазба әдебиеттің ауыз әдебиеттен айырмашылығы.
+а) Авторы болалы.
-ә) Авторы сақталмаған.
-б) Ұжымдық шығарма.
-в) Нұсқасы көп.
Ахмет Байтұрсынұлының аудармасын табыңыз.
-а) «Әліп би»
-ә) «Тіл құрал»
-б) «Анама хат»
+в) «Ала қойлар»
Алғашқы романдарды көрсетіңіз.
-а) «Бақытсыз Жамал», «Ақбілек»
-ә) «Қамар сұлу», «Абай жолы», «Кім жазықты»
+б) «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Бақытсыз Жамал»
-в) «Орындалған арман», «Қазақ солдаты»
Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталды?
-а) Қорқыт
-ә) Батыр Баян
-б) Қойлыбайдың қобызы
+в) Шолпан
Жамбылдың пір тұтқан ұстазы кім?
-а) Сарбас
+ә) Сүйінбай
-б) Құлмамбет
-в) Бақтыбай
«Көкшетау» (С.Сейфуллин) поэмасындағы қалмақ қызы жұмбағында өзін қай құстың кейпінде жасырды?
-а) қарақұс
-ә) аққу
+б) кептер
-в) бүркіт
Исатай Тайманұлы кім?
-а) Ақын
+ә) Көтеріліс басшысы
-б) Жазушы
-в) Жыршы
Орхон жазуларына тән емес жырды тап.
-а) Күлтегін жыры
-ә) Білге қаған жыры
+б) Алпамыс батыр жыры
-в) Тоныкөк жыры
Абай Құнанбайұлының соңғы туындылар қатарына жататын еңбегі...
-а) Поэмалары
-ә) Өлеңдері
-б) Аудармалары
+в) Қара сөздері
Ш.Құдайбердіұлы поэмасын көрсетіңіз.
-а) «Ескендір»
-ә) «Абылай»
+б) «Қалқаман – Мамыр»
-в) «Мазғұт»
«Қырық мысал» жинағының авторы.
-а) М.Жұмабаев
-ә) Қ.Аманжолов
-б) Б.Майлин
+в) А.Байтүрсынов
Қартқожаның әкесінің атын белгілеңіз.
-а) Дәрмен
+ә) Жұман
-б) Тұңғышбай
-в) Мұқаш
Мағауия Абайұлының «Медғат – Қасым» поэмасындағы өгей қыз.
-а) Ғазиза
-ә) Аиша
+б) Мәрия
-в) Мамыр
«Қазақтың бас ақыны» мақаласы кім жайында?
-а) А.Байтұрсынов
-ә) М.Мақатаев
-б) М.Жұмабаев
+в) А.Құнанбаев
«Құлагер» поэмасының авторы.
-а) Ш.Уәлиханов
+ә) І.Жансүгіров
-б) С.Сейфуллин
-в) Ж.Аймауытов
«Батыр Баян» поэмасы қалай аяқталады?
-а) Баян жауды жеңіп оралады.
-ә) Жау қолына тұтқынға түседі.
+б) Жаумен шайқаста қаза табады.
-в) Елден кетуге мәжбүр болады.
Екі авторы бар шығарма.
-а) «Ақбілек»
-ә) «Көкшетау»
-б) «Әзім әңгімесі»
+в) «Еңлік – Кебек»
Қазақ әдебиетінен тест жұмысы
III вариант
Алғашқы ағартушыларды көрсетіңіз.
-а) А.Құнанбаев; М. Жұмабаев;
-ә) Т.Молдағалиев; Қ.Аманжолов;
+б) Ш.Уәлиханов;А.Құнанбаев; Ы.Алтынсарин;
-в) М.Әуезов; Ш.Құдайбердіұлы; Ә.Нұршайықов;
«Сот реформасы» қай жазушының еңбегі?
-а) А. Байтұрсынов.
-ә) Т.Ахтанов.
-б) І.Жансүгіров.
+в) Ш.Уәлиханов.
А. Құнанбаевтың күнделік түрінде жазған ерекше туындысы.
-а) Сегіз аяқ.
+ә) Қара сөздер.
-б) Қыс.
-в) Жазғытұрым.
Ы.Алтынсарин ашқан алғашқы мектеп қай жерде орналасқан?
-а) Алматы.
-ә) Орынбор.
+б) Торғай.
-в) Семей.
«Бір уыс шие» әңгімесінің авторы.
-а) А.Байтұрсынов.
-ә) М.Мақатаев.
-б) М.Шаханов.
+в) Ы.Алтынсарин.
«Зар заман» ақындарының қатарын көрсетіңіз.
-а) С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов,
+ә) Д.Бабатайұлы; Ш.Қанайұлы;
-б) А.Құнанбаев, М.Мақатаев.
-в) Т.Ахтанов; І.Жансүгіров.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй!... қай ақынның өлеңінен үзінді?
+а) А. Құнанбаев.
-ә) Т.Ахтанов.
-б) І.Жансүгіров.
-в) Қ.Аманжолов.
Абай Құнанбаевтың қанша поэмасы бар.
-а) 5
-ә) 8
-б) 10
+в) 3
«Ескендір» поэмасындағы ғұлама.
-а) Абай
+ә) Аристотель
-б) Сократ
-в) Шәкәрім
Мұхаммедханафия кімнің азан шақырып қойған есімі?
+а) Ш.Уәлиханов.
-ә) М.Мақатаев.
-б) М.Шаханов.
-в) Ы.Алтынсарин.
Күлдіру мақсатында сахнаға лайықтап жазылған драмалық жанрдың түрін көсетіңіз.
-а) трагедия
+ә) комедия
-б) драма
-в) сатира
Лиро-эпос жырының кейіпкерін көрсетіңіз.
-а) Ақтоты
-ә) Жамал
+б) Баян сұлу
-в) Гүлбаршын
Аңыздағы Жошы ханның өлімін естірткен аспап.
+а) домбыра
-ә) қобыз
-б) сырнай
-в) күйсандық
Мақалды көрсет.
-а) Көп түкірсе көл.
+ә) Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді.
-б) Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда.
-в) Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады.
Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасының негізгі кейіпкері.
+а) Абдолла
-ә) Ахмет
-б) Адақ
-в) Ғали
Драмалық жанр қай әдебиеттің жемісі, белгілеңіз.
-а) дұрыс жауабы жоқ.
-ә) ауыз әдебиеті
-б) көркем әдебиет
+в) жазба әдебиет
Сәкен Сейфуллиннің адал махаббатты суреттейтін шығармасы.
-а) «Көкшетау»
+ә) «Аққудың айырылуы»
-б) «Қызыл сұңқарлар»
-в) «Айша»
Екі ғасырдың куәгері, ақын, жыр алыбын көрсетіңіз.
-а) Махамбет
-ә) Шәкәрім
-б) Мағжан
+в) Жамбыл
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Ноян кім, белгілеңіз.
-а) Ондай кейіпкержоқ.
-ә) Атқозшы.
+б) Баянның інісі.
-в) Қалмақ батыры.

Ұлы ақын қандай тілдерді жетік меңгерген?
-а) ағылшын, француз, неміс.
+ә) араб, парсы, түрік, орыс.
-б) қытай, жапон.
-в) неміс, түрік, парсы.
Мағжан қанша жасында хат таныған?
-а) 7
-ә) 8
-б) 6
+в) 4
Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңі қалай аталады?
-а) «Сегіз аяқ»
-ә) «Арман»
+б) «Үміт еткен көзімнің нұры балам»
-в) «Бес нәрседен қашық бол»
І.Жансүгіров қай өңірдің перзенті?
-а) Атырау
-ә) Алтай
-б) Түркістан
+в) Жетісу
Күлкілі, қызықты сюжетке құралған тұрмыстық өлеңнің бір түрі.
-а) жар-жар
-ә) тойбастар
-б) наурыз жыры
+в) өтірік өлең
Ш.С.Бөкеевтің ғылым, білімге шақырған өлеңін көрсетіңіз.
+а) «Эдиссон»
-ә) «Ұршық»
-б) «Өмірдің өтуі»
-в) «Қосаяқ»