Саба?ты? та?ырыбы:Мені? сыныбым. 3-сынып


Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өткен алған білімін есіне түсіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдеп
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
1. Фонетикалық сәті. Ә-әже, Ғ-ғалым, Қ-қалам, ң- теңге, Ө-өзен, Ұ-ұя, Ү-үй, һ-жиһаз, І-іні.
2.Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1)Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
2)Бүгін неше сабақ болады?
3) Бірінші сабақ қандай?
4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)
ІІ. Жаңа материал.
а) Сөздік жұмысы.
қабат –этаж
терезе-окно
есік-дверь
тақта-доска
парта-парта
орындық-стул
үстел-стол
әдемі –красивый
жарық –светлый
1-тапсырма.Тыңда оқы.
Мынау менің сыныбым
Менің сыныбым үлкен
2- тапсырма сұраққа жауап бер.
Сергіту сәті. Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
«А» -деді, «Б» -деді,
«Р»-ға тілі келмеді.
3-тапсырма. Аударма жұмыс. Два этажа, красивая школа, светлый класс, первый звонок, третий класс, большая книга, весёлые дети, хорошо учатся.
Сұрақ-жауап
1 Сенің сыныбың нешінші қабатта?
2 Сен нешінші сыныпта оқисың?
3 Қандай пән саған үнайды?
4 Сен мектептен не аласың?
Қорытындылау
Сұрақ –жауап арқылы қорыту.
IV. Үйге тапсырма. 5-6 тапсырма
-сабақ аяқталды!
-сау болыңыздар!