Внеклассная работа по химии на тему Таланты?мен таныл


«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
 
Мақсаты: 1.Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын
арттыру, химиядан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін 
дамыту.
2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 
 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,
күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
 
Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа  8-11 сынып оқушылары
2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.
Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  10-ға дейінгі сандар, 4 конверт жасыл, сары, қызыл, көкТоптың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.
 
1. Қызыл конверт- Қызықты сұрақтар
2. «Өрмекші торы».
3. Жасыл конверт- «Білімдік сұрақтар».
4. Лотерея билеті.
5. « От ».
6. Көк конверт- « Жұмбақ ».
7. «Алтын сандық ».
8. « Қамал ».
9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».
10. «Қара мысық ».
 
Ойын шарты:
«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.
«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.
«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
«Өрмекші торына» түссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың 
дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
 
Ойын барысы:
І-жургізуші-Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Химиктердің еліндеХимияның тілінде тіліндеЕсеп шешіп жарысып.
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық.
Ат салысып аянбайБар өнерге басайық.
Құрметті де аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өреңдер,
Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға
Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.
Шақырамыз екі топты ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы  бүгін біліп ал.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз)
 
Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады, « К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда
бірінші бастайды.
Қызықты сұрақтар
Ал қанеки балалар
Құлақ салшы  сөзіме
Сұрақ берсем берейін
Қызықтырып өзіңе
«Өрмекші торы»
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес-ау көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең
өте алмайсың бөгеттен
(қөрермендер сұрағы)
 
«Қамал».
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың
 Арнайы есеп-сұрақ
80 г. 25% -дық тұз ерітіндісіне берілген. Еріген тұздың массасы қандай?
Реакция теңдеуін аяқта, теңестір: СаО + Н2О=
Реакция теңеуін теңестір: Ғе(ОН)3 = Ғе2О3 + Н2О
Сызба бойынша реакция теңдеуін жаса: қышқыл+негіз= тұз+су
Ғе(ОН)3 = Ғе2О3 + Н2О. Реакция теңдеуінің коэффиценттері қандай?
20 г тұзды ерітіп, 20%-дық ерітінді алу үшін судың қандай массасын алу қажет?
Алюминий гидроксидінің Al(OH)3 салыстырмалы молекулалық массасын есепте
Алюминий гидроксидінің Al(OH)3 құрамындағы Алюминийдің массалық үлесін есепте
Массасы 49 г күкірт қышқылының H2SO4 зат мөлшерін табыңдар.
Al+ ? = Al2O3 белгісізі затты тап.
Қосылу реакциясына мысал келтір
Айырылу реакциясынан масыл келтір
Орынбасу реакциясына мысал келтір
Келтірілген оқылулары бойынша заттардың формулаларын жазыңдар це-аш-төрт, эс-о-екі, феррум-екі-о-үш
Al+HCl= реакция теңдеуін аяқта
KMnO4 салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
Реакция теңдеуін теңестір Zn+HCl= ZnCl2+H2
 
Жұмбақтар - Көк конверттің сұрақтары   (20 ұпай).
Иісі, дәмі дер жоқ ұсталмайды.
Ол болмаса тіршілік, өмір де жоқ
Ол болмаса отын да тұтанбайды
Қалады қарауытып көмір шоқ боп (Оттек)
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық,
Қандай зат құрал жасар соны құйып? (Сынап)
Сыныптан быр шықпайды,
Тимесең жұқпайды
Жәрдемінсіз бұл заттың
Оқушы сабақ ұқпайды (бор: кальций карбонаты)
Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып айға елімнің туын тікті,
Жемісін ақыл-ойдың, елдің салтын (Темір)
Бірі жанып бірі қолдап жануды,
Екі элемент бірі бұрын танылды.
Өрт болып еді сөндіруге көп адам
Қосылысын алып соған ағылды. (Оттек, сутек және су)
Өсімідікке нәр беріп қуат болған,
Өнімі артып егістің қырман толған.
Бұл қандай зат қанындай өсімдіктің,
Беретұғын химиктер жасап қолдан (Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары)
Ардақтымын жасыңа, кәріңе де,
Дүниенің менімен кқркі, әрі де.
Толықсыған толған айдай жарықпын,
Өнімімін барлық баға, нарықтың (Алтын)
Ақ көбік боп көпірер
Кірдік бәрін кетірер (Сабын)
Қамауда отырғандар көп,
Кетерде бәрі басын қабырғаға ұрады (Сіріңке)
Бар ма, жоқ па көрмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің (ауа)
От қойсаң жалын шығар,
Бос қойсаң жаның шығар (газ)
Бір бөлмеде көп тентек,
Әрқайсысы атпен тең.
Жатпайды олар сіз-біз деп
Шыға келер шыж-быж деп. (Сіріңке)
Өзім содан өнемін,
Суға салса өлемін (Тұз)
Қылышпен шауып турай алмадым,
Бір шайқап қалып жинай алмадым.
Сатып алған шынымның,
Жұмыртқадай ыдысы
Ашсам аздап тығынын,
Аңқиды хош иісі. (Әтір)
Дамыл таппай жұтқаның
Өмір нәрі ұққаның (ауа)
Ақ түйір айналады тыным таппай
Жүргендей су бетінен орын таппай (натрий)
Сулы болса көгерер,
Сусыз болса ағарар
Ол тұзды кім таба алар. (Мыс сульфаты)
Аспанға биік барамын,
Көктен төмен түскенде
Жаны кірер даламның. (жаңбыр)
Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең бүлдірер.. (От)
«Мақал-мәтелдер» - сары конверт сұрақтары. (30 ұпай)
Құрамында химиялық элементтері бар мақал-мәтелдер айтыңдар.
Жарқырағанның бәрі алтын емес
Темірді қызған кезде соқ
От көмір жейді
Тот темір жейді
Арпа, бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен
Қойдың сүті қорғасын
Жер – қазына, су – алтын
Сұмның ырымы жаман,
Судың шірігі жаман.
Ас сөз – алтын,
Көп сөз – күміс
Ақыл арымас – алтын шірімес
Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер.
Алтыныңмен мақтанба,
Ақылыңмен мақтан
Темірді кеннен ізде,
Бақытты терден ізде.
Теміршінің қолында
Темір еріп су болар
Су кірді тазартады.
Оқу миды тазартады.
Адам болаттын берік, әйнектен күйреуік
Алтын – жерден, батыр – елден
Қойдың сүті қорғасын,
Қойды тепкен оңбасын.
Келісті сөз – алтын,
Жемісті жұмыс – алтын.
Тот – темірдің соры,
Шер – көңілдің соры
Батыр майданда шынығады,
Болат қайнауда шынығады.
Ескі мата бөз болмас,
Ескі темір біз болмас.
Қызыл конверт сұрақтары – «Қызықты сұрақтар» (Дұрыс жауапқа 20 ұпай)
1.Оқ жасауда қолданылатын металл? /қорғасын/
2.«Ақыл-ой» элементі? /фосфор/
3.Консерві қалбыры жасалатын металл? /қалайы/
4.Адамзат баласы алғаш өндірген металл? /мыс/
5.Ең ертедегі құйма?/қола/
6.Алып элемент? /титан/
7.Сағатта қолданылатын минерал? /агат/
8.Кипп апаратында қолданылатын металл? /мырыш/
9.Сүт қанты /лактоза/
10.Қазақ балалары ұлттық ойында пайдаланатын металл? /қорғасын/
11. Бірінші буыным «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным «шараппен улану» деген мағынада, ал өзім улы тұзбын. Ойлашы , сонда мен кіммін? (Алмаз)
12. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы)
13. Қай элементтің жетіспеуінен тіс ауруына ұшырайды? (фтор)
14. Адам мен элементтер қасиетін салыстырып теңейтін мысалдар: алтын қол, күміс күлкі, күміс көмей, жез таңдай, темір мінезді.
15. Су қыздыратын аппартпен аттас металл атауы? /титан/
16. Балқаш қаласы елімізде және әлемде қандай металл өндірісімен аты шықты? /мыс өндірісімен/
17. Вюрц колбасы қай химиктің құрметіне аталған? /Вюрцтің/
18. Ең жеңіл балқитын металл? /цезий/
19. Ең ауыр газ? /радон/
20. Ең тұрақты химиялық элемент? /теллур/
21. Тоңазытқыш жүйесінде қандай химиялық қосылыс қолданады? /фреон/
22. «Жер ұлы» деп аталатын қай металл? /титан/
23. Қандай ұн астықтың шығымын арттырады, бірақ нан пісіруге жарамайды? /фосфор ұны/
24. Жалыны көк түске боялатын металл? /калий/
25. Алғаш рет табиғатты қорғау туралы жарлық берген хандар? /Шыңғысхан және ұлы Хулагу/
26. Қаңылтыр ретінде қолданатын металл? /қалайы/
27. Адамзат баласы қандай металды алғаш рет өндірді? /мыс/
Жасыл конверт – білімдік сұрақтар (Дұрыс жауапқа10 ұпай)
Темірдің валенттілігі (ІІ, ІІІ)
Химиялық элемент ұғымын енгізген ұлы ғалым кім? Берцеллиус
Адам организміндегі оттегінің массалық үлесі? 65 пайыз
Зат массасының сақталу заңын кім тұжырымдады? Ломоносов
Темір (ІІІ) оксидінің формуласы . (Ғе2О3 )
Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым? (Бутлеров)
Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффицент)
Молярлық массаның өлшем біріліг (грамм/моль)
Екі элменттен тұратын біреуі оттек болып келетін қосылыс қалай аталады? (оксид)
Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым (оыс ғалымы Н. Н. Бекетов )
Қандай элемент қазақ тілінен аударғанда сасық деп аталады? бром
Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз болады? (оларда табиғи тұз ерітінділері болмағандықтан)
Электролиттік диссоциация теориясының негізін салушы (С. Аррениус)
Қатты заттардың бетінде газдің немесе еріген заттың сіңірілуі (адсорбция)
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (г/моль)
Оң зарядталған иондар (катиондар)
Электртерітілігі ең жоғары бейметалл (фтор)
Еріген заттың массалық үлесі қлшенеді? Пайызбен
Нәтижесінде жарық пен жылу бөле жүретін реакция не деп аталады? (жану)
Диссоциация дегеніміз не? (заттарды суда еріткенде немес балқытқанда иондарға ыдырауы)
Коррозия дегеніміз не? (қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі)
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс
нәтижесін әділқазылар хабарлайды)