Кремний ж?не оны? ?осылыстары 9-сынып


Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға кремнийдің атом құрылысы мен физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы мәлімет беру;
Дамытушылық:
Реакция теңдеулерін құрастыра білу , атом құрылысын түсіндіру, кремний қосылыстарының қасиеттері: кремний оксиді, кремний қышқылы, ерігіш шыны, кремнийдің биологиялық маңызы , оның қосылыстарының қолданылуы, қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, есептер шығару, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, таратпа материалдар, плакаттар, бағдаршам түстері, периодтық кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІV. Топқа бөлу
V. Жаңа сабақ
VІ. Сабақты бекіту.
VІІ. Қорытындылау.
Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасып, тугендеймін. 3 топқа бөлемін. Әр топта 5 адамнан болады.
Үй тапсырмасын «Сұрақ-жауап» ойыны арқылы пысықтаймын:
ІV топтың негізгі топшасына кіретін элементтер?
Көміртек сутекпен әрекеттескеде түзілетін элемент?
Көміртек қосылысарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
Көмір қышқылының формуласы қандай?
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері
Сөзжұмбақ шешу:
Көміртек қышқылы тұздарының атауы;
Оқ-дәрі жасауда қолданылатын элемент;
СН4 қосылысының атауы;
ІІ период ІV топ элементі
Электробейтарап бөлшек
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі;
Ең жеңіл элемент
Жаңа сабақ. Сөзжұмбағымызда қандай сөз шықты балалар? Иә дұрыс айтасыздар, шыққан сөз сабағымыздың тақырыбы: «Кремний және оның қосылыстары»
Ендеше осы кремний туралы мәліметтер айтайық:
«Элементке Резюме» ойыны
Элемент: Кремний
Таңбасы:
Оқылуы:
Реттік номері:
Салыстырмалы атомдық массасы:
Атом құрамы:
Электрондық формуласы:
Периодтық жүйедегі орны:
Валенттілігі:
Тотығу дәрежесі:
Қосылыстары:
Кремнийдің ашылуы:
1824 жылы швед ғалымы Йенс Якоб Берцелиус кремнийдің аморфты түрін ашса, ал 1854 жылы француз физик-химигі Анри Сент-Клер Девиль кремнийдің кристалдық түрін алған.
Кремнийдің физикалық қасиеттері:
Кремний – бейметалл, кристалдық және аморфты күйде кездеседі.
Кристалдық кремний – металдық жылтыры бар, өте қатты, қиын балқитын, қара сұр түсті зат.
Аморфты кремний – сұрғылт түсті ұнтақ зат.
р = 2,33 г/см3; t балқу. = 14150С; tқайн. = 35000С;
Химиялық қасиеті:
Жай заттармен:
Si + 02 = Si02 (кремний оксиді)
Si + 2F2= SiF4 (кремний фториді)
Si + C = SiC (карборунд)
Si + 2Mg = Mg2Si (магний силициді)
Күрделі заттармен:
Сілтінің ерітіндісімен қыздырғанда әрекеттеседі. Si + 2NaOH + Н20 = Na2Si03 + 2Н2↑
Кремнийді алу.
Өндірісте құм мен көмір қоспасын қыздырып алады.
SiO2+C=Si+2CO
Зертханада бос күйіндегі кремний алу үшін магний ұнтағы мен ақ құмды қосып қыздырады
SiO2+2Mg=2MgO+Si
Кремнийдің қолданылуы. Кремний – электроникада өткізгіш ретінде қолданылады. Карборунд – бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда , стамотологиялық құралдар өндірісінде ,отқа , қышқылға төзімді заттар алады.
Жаңа сабақты бекіту.
1.Тізбекті жүзеге асыр:
Si →SiO2 →Na2SiO3→ H2SiO3→ K2SiO3→ CaSiO3
2.Есептер шығару
Азот тобы: 2 моль кремний оксиді қанша л көлем алады?
Күкірт тобы: 5,6 г Кремнийдің зат мөлшерін есептеңдер?
Фосфор тобы: 0,5 моль кремний қышқылының массасын есептеңдер?
1-топ: 2 моль кремний оксиді қанша л көлем алады?
Берілгені: V= ν*Vm
ν(SiO2) = 2 моль Vm= 22,4 л/мольт/к V=? V=2 моль*22,4 л/моль =44,8 л
2-топ: 5,6 г кремнийдің зат мөлшерін есептеңдер?
Берілгені: ν=m/M
m(Si) = 5,6 г M(Si) = 28 г/мольт/к ν =? ν= 5,6/28 = 0,2 моль
3-топ: 0,5 моль кремний қышқылының массасын есептеңдер?
Берілгені: m = M* ν
V(H2SiO3 ) = 0,5 моль M(H2SiO3 ) = 78 г/мольт/к m =? m=78*0,5=39 г
3. Венн диаграммасы
Азот тобы: Азот пен кремний
Күкірт тобы: Күкірт пен кремний
Фосфор тобы: Фосфор мен кремний
Бағалау
“Екі жұлдыз бір тілек”
Үйге тапсырма
§ 25-26 ( мазмұнын айту);
Сөзжұмбақ құру;
№3 (В) есебін шығару
Кремнийдің түрлері мен қолданылуы туралы слайд-презентация жасау
Рефлексия
Маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті
Сабақ маған ұнады, әлі де ізденуім керек
Сабақ маған қатты ұнады, жақсы қатыстым деп ойлаймын