Бастауыш сыныпта?ы матетматика п?нінен саба?. Сандарды? ??рамын ?айталау та?ырыбы


Сабақтың тақырыбы: Сандардың құрамын қайталауСабақтың мақсатың: 
Білімділік: 10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау; заттың қасиеттерін (жуан – жіңішке, ұзын – қысқа, үлкен – кіші) қайталау; 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту; саусақ қимылын дамыту; геометриялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау;
Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшандылыққа, достық қарым – қатынастыққа тәрбиелеу.
Тірек білімді жетілдіру: Ауызша жұмыс: 10-ға дейін тура және кері тәртіппен санау.
Көрнектілігі: 1-ден 10-ға дейінгі сандар, суреттер, әліппе-дәптер, санамалық, геометриялық фигуралар
Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ – жауап. Интерактивті тақта, презентация
Сабақ өту барысы:
I.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық
Армысың, Алтын Күн !
Армысың, Жер – Ана !Армысың, көк Аспан –Ата!
Әр үйге нұр түссінӘр үйге күн түссін!

- Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.Өйткені бүгін математикадан алған білімдерімізді ортаға саламыз.Сабақтың жақсы өтуі сіздерге байланысты.Олай болса іске сәт! Ең алдымен топтасып алайық.
1 - топ "Асыл тас"
2- топ "Болашақ"
3 - топ "Жалын"
4 - топ "Қыран"
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. "Ой қозғау"
(Сұрақ-жауап)
1.Кемпірқосақта неше түс бар?
2.Екі қолда неше саусақ бар?
3.Адамда неше көз бар?
4.Жұлдыздың неше бұрышы бар?
5.Тауықта неше аяқ?
2..Математикалық диктант
4+3 5+4 3+6
10-4 8-4 9-5

ІV.Негізгі бөлім.
Қазір бірнеше тапсырмалар болады. Әр топ белсенділік танытып , тапсырмаларды сауатты әрі тез орындаймыз.
1."Алтын сандық" тапсырмасы.
Сандарды салыстыр
5*5 3*6 7*8 9*10 4*7
Геометриялық фигураларды ата
Қосудың ауыстырылымдылық қасиеті
Азайтудың компоненттерін ата
Есептің құрылымын ата
5 санының құрамы
8 санының құрамы
- Оқушылар қазір біздер сурет саламыз.Бірақ ешқандай бояу қолданбаймыз. Ол үшін есепті шығара алсақ болды. Есептерді дұрыс шығарсақ үй құрастырамыз.
Күннің тапсырмасы:
Математикалық жұмбақ
Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де (түзу)
Бұлттардың тапсырмасы:
Жоқ өзінде баста,қаста,мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)
Бұлттың тапсырмасы:
6 санының қосу және азайту кестесін жаз
Үйдің тапсырмасы:
Мақалдың жалғасын тап.
Жүз теңгең болғанша..... (жүз досың болсын)
Сандардың құрамын анықтау (таратылады)
Ағаштың тапсырмалары:
3,7 және 4 сандарынан тура теңдің құр
8,3 және 5 сандарынан тура теңдің құр
Құстың тапсырмалары:
3 санының құрамын жаз.
Мәні 4-ке тең болатын теңдік жаз
Қосылғыштары бірдей болатын қосындыларды жаз
Азайтқышы 3 болатын айырмаларды жаз,мәндерін тап.
V.Сергіту сәті.
VІ.Есеп құрастыр және шығар.
1.Арманның 5 қаламы бар еді, 2-уін досына берді.Арманда неше қалам қалды.
2.Бақшада 10 алма ағашы бар.Балалар 4-уін суарды.Неше алма ағашы суарылмай қалды?
VІІ.Қорытындылау
1.Тест жұмысы
Тест. математика
1.Бір таңбалы санды тап.
А.20. Ә .3 Б.80
2.Қосындының мәнін тап.
А.7 Ә.9 Б.10
3. Маратта 10 дәптер бар еді,ол екеуін Айдарға берді. Маратта неше дәптер қалды.
А.4 ә.7 Б.2
4.Екі таңбалы санды тап.
А.10 ә7 б.2
5.Айырманың мәнін тап. 10-6
А.8 Ә.9 Б.4
6.Терезенің алдында 5 қызыл және 4 ақ раушан гүлі тұр.Барлығы неше раушан гүлдеп тұр
А.9 Ә.5 Б.3
1272540102870007.Сәулені тап
26917657238900-2609857238900А. Ә. Б.
86296525146000-260985241935
00
8.Шаршыны тап.
261556512001400301561516763900А. Ә. Б.
9.Теңсіздіктерді тап
А. 2>1; 3<4 Ә 4+2; 2<2 Б 6-1; 7-8
10 Теңдікті көрсет
А 7>9 Ә 4-+ 1 Б 8=8
VІІІ. Үйге тапсырма
Санның құрамын қайталау. Логикалық есеп шығару.
ІХ.Бағалау.