Доклад на тему: МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА ?ОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫ?-ТАНЫМДЫ? ОЙЫНДАР ж?не ОНЫ? МА?ЫЗЫ


Математика сабағында қолданылатын дидактикалық-
танымдык ойындар және оның маңызыЖоспар: Дидактиқалық – танымдық ойындардың маңызы. І. Кіріспе бөлім- Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
ІІ. Негізгі бөлім2.1. Дидактикалық ойындарға анықтама2.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары2.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері2.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында2.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
ІІІ. Қорытынды бөлім3.1. Практикалық жұмыс3.2. Зерттеу жұмысы3.3. Әдістемелік нұсқау3.4. Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады.
Сондықтан қандай халықтың даму  стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарламаларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтар да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны  қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.
Ойын - күрделі философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым – қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, «Ойын - мәңгілік шахмат ойнап отырған бала».
Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын –әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».
«Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» - деген орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А. Покровский.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.
Осының нәтижесінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:
Ойын - мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит).
Ойын - артық күштен арылу жолы (Ф.Шиллер., Г.Спенсер).
Ойын - балаларды ересек өмірге дайындайды (К.Гросс, К.Блююллер)
Ойын - функционалды тенденция теориясы (Д.Н.Узнадзе, т.б.)
К.Г. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен қарастырады. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік→ матив→мақсат→ ойынның іс-әрекеті→ нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;
ә)Танымдық мативтің дамуына әкеледі;б) Іс- әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Педагог ғалымдар ойынның  оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.
А.С. Гуревич, А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н. Скатова, Р.И. Половникова, В.К. Романт оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз. Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді.  Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады Дидактикалық ойындар - бұл сынып оқушыларының танымдық әрекеттерін дамуының негізгі тәсілі.
Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар.
Балалық шақ адам бойына адамгершілік негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылык сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеттері. Баланың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Мұғалім бағдарламада керсеілген көріністік - ролдік, қимыл қозғалысты, дидактикалық, шығармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балалардың оқуға еңбекке деген белсенділігін артырудағы басты құрал. Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар P.M. Жуковская, Д.В. Менджеридцкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михойленколардың айтуынша балалардың әлсіздігінен көріністік, рольдік ойындар ойнау үшін білім машықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Оқытып үйрену барысында олар біртіндеп ойын іс- әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Сабақ барысында пайдаланылатын практикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білік және дағдылар жайында түсінік беріп, оларды қалыптастыру тиянақтау және бекіту, кайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланылған дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы дерлік бүгінгі талаптардан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ окушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Ойын процесі мен оку процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын процесінде кандай білімді игеріп жатқанын, ал оку процесінің кезінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оку әрекеттері табиғи бірлікте болып –өзіндік білім, білік және дағдыны игеруге толык ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Ойынды ұйымдастырудың қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағындырылуы керек. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақты әр кезеңіндегі орны мен міндеті және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, оку процесінде окушыларды белсенді қатыстыруына байланысты сабак материалына лайықты алған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімеп шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты сипаты мен жолдары да жан – жақты ойластырылуы керек. Мәселен ойынды жасына қарай өткізу аралык және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды т.б әр-түрлі шартты белгілерді кеспе цифрлар мен таңбаларды т.б заттарды пайдалану. Сонымен бірге ойын түрлеріндегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп тұру керектігін ескерген жөн. Дидактикалық ойындардың түп тамыры қазақтың ұлттық ойындарымен мазмұндас. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Математика пәні бойынша сабақтың ерекшелігіне қарай тиімдірек деген ойын түрлерін сабақтың мақсатына қарай тандап алуға еркіндік беріледі.

Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады.
Ойын түрлерін мынадай топтарға бөлуге болады: 1.Баладан орындаушылық қабілетті талап ететін ойын. 2.Түрлендіріп, өзгеріс енгізуді талап ететін ойын. 3.Танымдық қабілеттерін талап ететін ойын. 4.Шығармашылық ізденіске толы ойындар.
Ойын – бұл бала еңбегі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Ойын ешуақытта да дамудың бі р сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын, сонымен қатар тәрбиенің барлық сапасымен тығыз байланысты, өнермен ұштасып жатады. Дидактикалык түзету ойындары - бұл оку аркылы танымдық әрекеттің дамуы, соның ішінде сабактың кызыкты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс. Балаларға бағдарламаның материалдарын меңгерту. Үйренген білім — дағдыларын бекіту жұмыстарын осы дидактикалык ойындар аркылы іске асады.
Ойынның әр түрі тәрбие сабақ мақсатына карай алмастырылып отырылады. Бұл ойындар баланың танымдылык процесін әдісін дамыту үшін жүргізіледі. Осы орайда дидактикалык ойындар және ойын түрінде орындалатын жаттығулардың маңызы өте зор. Жалпы алғанда ойын элементтері оқыту әдістерінің құрамды бөлігі болуы тиіс. Бірак ойын процесі мен оқу процесінің бірінен – бірі ажыратылмағаны жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қолайлы білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға араласып кеткенін аңғармай қалуы керек. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтарының әp кезеіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға , оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне. Шеберлік дамыуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты Дидактикалық ойындардың қайсысы болмасын өткізу барысында оқушылар түрлі іс-әрекеттерді орындайды дегенмен, оларды қандайда бір іс -әрекеттің басы орындауына орай топтастыруға болады. Демек ойын барысында орындалатын негізгі іс- әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс-әрекеттерге орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылықпен, біршамасында еске түсірумен байланысты. Қайсы біреуінде тексеру мен бакылау және өзгерту.
Мұғалім өтілетін тақырыпқа caй ойын түрлерін дұрыс таңдап жоспар құрып алуы қажет. Оқушы ойын тәртібін білуте тиіс. Бала ойын тәртібін жас мөлшері болса, олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауға тырысады. Балалар ең алдымен өздеріне халық ойындарын ойнату. Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар - ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады. Бұл ойынның негізгі шарты бойынша шашылған асықты кімкөп жинаса, сол ұтқаны. Ал мен өз сабағымда 2 топтан 2 оқушы шығарып шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша №-лі асықтың, яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа, ептілікке үйретеді. «Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Мен «ақсүйекті» 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек. «Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың арқан тартысып сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады. Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтфың оқушысы бұрын шығарса, жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдаландым. «Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» , «Интеллектуалдық бинго» атты сыныптан тыс ойында бағдарламасында тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдалануға болады. «Жорға» Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер» , «Қасиетті жетілік» атты кеште виктариналық сұрақтар түрінде қолдандым. Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.

Дидактикалық ойынға мысалға ғажайып алаң, брэйн – ринг, математикалық сайыс, ХХІ ғасыр көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, крассвордтар, ребустар.
Қимылды ойындар да бала организмін жетілдіреді, ақыл – ойын дамытуына үлкен әсер етеді. Басты мәселе мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын жүргізу тәртібін балаларға айтып дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды күні бұрын дайындау қажет. Дидактикалык ойындар - көп сандар күрделі педагогикалық құбылыс. Ол балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан – жақты тәрбиелейтін құбылыстардың бірі деп айтуға болады. Дидактикалық ойындар оқыту процесінде ойын әдісі ретінде және дидактикалық немесе антидидактикалық ойындар. Ойын мұғалім тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда: мұғалім ойын ситуацияларын туғыза отырып, әр түрлі заттарды көрсету арқылы сұрақтар койып, затты көрсетіп түсіндіріп ойын сюжетін қарастырады. Дидактикалык ойын оқыту процесінде мынандай екі түрлі максатта қолданылады оқу \танымдық\ мақсатта, екінші – ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға катысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып үйренеді. Дидактикалық ойындар оқушылардың ой өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу процестерін мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді. Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері әсіресе, тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра отырып пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Түрлендіру, әp – түрлі мүмкін талаптар сияқты іс- әрекеттер орындайды. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындалатын іс - әрекетімен шектеу жеткіліксіз. Ойынды ұйымдастыру және басқарудың сипатымен жолдары да ойластырылады Мәселен, ойынды жарыс түрінде өткізу, аралық және ақтық нәтижелерді көрсету үшін карточкаларды фишкаларды, тағы да басқа әp түрлі шартты белглерді, цифрлар мен таңбаларды жұлдызшаларды, жалаушаларды және т.б. пайдалану. Сонымен бірге ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де сабақтың кай кезеңінде дәл өткізіліуіне орай өзгертіп тұруға тура келетінін ескерген жөн. Мысалы, жаңа материалды баяндау кезенінде ұйымдастырылатын ойындарда оқушылардың нақты заттар тобын немесе олардың суретін пайдаланып практикалык тұрғыда жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек болса, ол өткенді жинақтау кезеңіндегі ұйымдастырылатын ойындарда көрнекіліктің шектеулі болуы мүмкін де ереже, кесте мен зандылык, есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар жайында жоғарғыда келтірілген пікірлер ұсыныстар мен нұсқаулар оқыту әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі дидактикалық ойындарды сабақ процесінде тиімді пайдалану үшін қажетті негізгі қортындылармен мұғалімнің танысуына және сол бағытта оларды шығармашылық ізденіске бағдар сілтеуге жалпы алғанда математиканы окытудың әдістеріне ерекше мән берудің кажеттігін сезінуіне мүмкіндік береді әрине, оны қолданудың нәтижелі болуы әрдайым ойының мазмұнын анықтауға қажетті түрлерін іріктеп алуға, нақтылы сабақтың мақсатын және мүмкіндіктер мен жағдайларды ескеруге сабақтың кез – келген кезінде тіпті тиімді колдануға, ойын түрлерін ғана емес орындалатын іс – әрекеттердің де өзгермелі болуын қамтамасыз етуге байланысты. Біздің ойымызша әр сабақтың ерекшелігіне орай тиімдірек деген ойын түрлері сабақтарға нұскаулар тарауында келтірілген. Алайда олардың кейбіреулерін мектептің жағдайына қажетті материалдардың тапшылығын өткізуі мүмкін болмаса, мұғалімдердің тәжірибесінде жинақталған шығармашылық ізденісін жемісті болуы табылатын баскадай дидактикалық ойындармен алмастыруда болады.
Дидактикалық ойын түрлері:1) Заттық дидактикалық ойындар Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.2) Үстел үсті ойындары: интеллектуалдық ойын, лото, домино, қарлы кесек т.б. 3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. 3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді. 4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың
балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Қорыта келгенде, дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оқушылардың ой - өрісін дамыту, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіруге, интеллектуалдық – танымдық қасиеттерінің дамуына, байланыстыра сөйлесу дағдыларын қалыптастыруға, сауаттылыққа үйретуге мүмкіндік беретін әдістемелік әдіс – тәсілдерді іске асырудың ең тиімді кұралы болып табылады .
Ойын – баланың жан серігі сияқты. Сондықтан сөзімді Жан Жак Руссоның: "Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым десеңші" деген сөзімен аяқтағым келеді.Пайдаланылған әдебиеттер:
Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003-15стр
Равновесие Нэше, свободная энциклопедия
Қазақтың ұлттық ойындары
«Математика және физика» журналы №1-2009, №2-2005, №2-2006, №2-2009, №3-2004
Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения» («Значение» 1949-90 стр)6. Дидактикалық ойындар А.В.Фарков7.Математикалық шкатулка
8.Халық есептері. Ә.Абдықасымов