Білім беру саласы: Таным. ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? т?рі: ?орытынды саба? Та?ырыбы: Ертегілер елінде. «Бауырса??а» к?мек. Б?лімі: ?МТ?


Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қорытынды сабақ
Тақырыбы: Ертегілер елінде. «Бауырсаққа» көмек.
Бөлімі: ҚМТҚБілім беру саласы: Таным. Қатынас. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қарапайым математика, көркем әдебиет (қорытынды сабақ)
Тақырыбы: Ертегілер елінде. «Бауырсаққа» көмек.
Мақсаты:Таныс ертегінің желісі арқылы екі топтағы заттарды салыстыру: «қанша-сонша», «бірдей», «тепе-тең» «Бір» және «көп» ұғымдарын бекіту.Тәуліктің «күн» - «түн», «таң» - «кеш» мезгілдерін ажыратып білуді бекіту. Геометриялық пішіндері (шаршы, шеңбер) туралы түсініктерін жетілдіру. «Жалпақ» - «жінішке» түсініктерді бекіту. Ұжымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойыншықтар - бауырсақ, қоян, қасқыр, түлкі, аю қонжығымен. Кілемше, жалпақ және жінішке жолдар, тәулік мезгілдерінің суреттері.
Үлестірмелі материал: әр балаға қояндары бар карточкалар, сәбіздер
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады.
Таңертең күн тұрады (аяқтарының ұшына тұрып созылу)
Күні бойы айналып аспанда жүреді (орындарында айналу)
Кешке төмен түскен соң, (отырады)
Түнде мүлдем жоғалады. (алақандарымен беттерін жабу)
Ерте, ерте, ертеде қойдың жүні бортеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті...
Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Ал қандай ертегілер білесіңдер?
Тәрбиеші бауырсақтың әнін айтып, трезеде отырғызылған бауырсақты шығырып, балалардың алдына қояды.
Балалар, мынау не екнін білесіңдер ме? Ертегі қалай аталады? Атасынан, әжесінен қашып жолға шыққанда бауырсаққа алдынан қандай аңдар кездеседі? (Б.ж: қоян, қасқыр, аю, түлкі) Ертегінің аяғында қай аңға алданып жем болады?
Балалар, осы ертегі сәтті аяқталып, бауырсақ тірі қалғанын қалайсыңдар ма? Онда біз бауырсаққа көмектесе аламыз. Бауырсақтың жолынан кездескен аңдардың тапсырмаларын дұрыс орындасақ қана, олар бауырсақты босатады. Ең бірінші кездескен аң ол не? (Б.ж: қоян)
Тәрбиеші ойыншық қоянды шығарып алдарына қояды. Қоянның тапсырмасы:
Қоян аш болғандықтан мен оған сүйікті көкөнісін дайындап қойдым. Есімізге түсірейік қоян қандай көкөністі жақсы көреді. (Б.ж: сәбізді)
Тәрбиеші себет толған сәбіздерді шығарады.
Балалар, қоян қанша? Ал сәбіз ше?
Орманда қоян жалғыз емес екен оның достары бар, сондықтан достарына бір-бір сәбізден таратып беруді сұрайды.
Балалар үселдерне отырады.
Сендердің жолақтарыңда қояндар бар. Қанша қоян бар? (көп)
Енді қояндарға сәбіздерді таратайық.
тәрелкелерінен бір-бір сәбізден алып карточкалардағы қояндардың үстіне қояды.
Тәрбиеші балалардың оң қолдарымен алып, сол жақтан оң жаққа дұрыс қойғандарын қадағалап жүреді.
Қояндарға қанша сәбіз бердік? Қанша қоян, қанша сәбіз? (Б.ж: қанша қоян, сонша сәбіз, бірдей, тепе-тең).
Бердияровтың «Ұзын құлақ, сұр қоян» өлеңі бойынша сергіту сәтін ұйымдастыру.
Жолында келесі қай аң кезесті? (қасқыр) Ол да бауырсақты жегісі келді.
Тәрбиеші ойыншық қасқырды шығарып қояды. Қасқырдың тапсырмасы:
Балалар, қасқырды кешке туған күніне тиін шақырыпты, бірақ ол тәулік мезгілдерін білмейді екен, біз оған түсіндіріп беру керекпіз.
Мен казір сенденге жұмбақтар жасырамын, ал сендер шешуін тауып суреттен көрсетесіңдер.
Ұйқыдан оянамыз
Беті-қолды жуамыз.
Анамызға ереміз
Бақшамызға келеміз
Бұл қай мезгіз? (таңертең)
Күндізгі ұйқыдан тұрамыз
Жеңіл тамақ ішеміз
Ән айтамыз, ойнаймыз
«Апай сау болыңыз» деп
Үйге қарай кетеміз
Бұл қай мезгіл? (кеш)
Үйлерде шам жанады
Маңай тастай қараңғы
Беті-қолды жуамыз
Тәтті ұйқыға батамыз
Бұл қай мезгіл? (түн)
Қасқырдан кейін қандай аң кездеседі? (аю)
Аюдың тапсырмасы:
Аюлар кездесетін тағы қандай ертегілерді білесіңдер? (Б.ж: «Маша мен аю», «Үш аю»)
Аюдың баласын калай атайды? (қонжық) Қонжық бала ғой ойнағанды жақсы көреді, бір күні қонжықты аю әкесі ойнатып жүріп, баласымен жарысады. Орманда жалпақ, жінішке жолдар өте көп.
Аю әкесі қай жолмен жүгіреді? (жалпақ, өйткені ол үлкен)
Ал кішкентай қонжық қай жолмен жүгіреді?
Міне екі жол, қай жол жалпақ, қай жол жіңішке қалай білу керек? (Б.ж: жолдың үстіңгі жағын бірдей қылып біріне бірін салу керек. Қай жолдың бір жағы артық болып шығады, сол жол жалпақ)
Қызыл жолмен не жүгіреді? (аю, өйткені қызыл жол жалпақ)
Жасыл жолмен не жүгіреді? (қонжық)
«Ормандағы аюдың» өлеңі бойынша сергіту сәті ұйымдастырылады.
А. Бартоның «Қонжық» өлеңін балалар айтады.
- Аюдан кейін келесі кезесетін өте бір қу аң, ол не? (түлкі) Алданып қалмайық. Түлкінің тапсырмасы:
- Балалар, Түлкінің әдемі кілемшесін тышқандар тесіп тастапты, кілемшесін жамап берсек ғана түлкі бауырсақты босатады.
Тәрбиеші кілемшесін іліп қояды.
Міне менде жамайтын жамаудар, өздері қандай геометриялық пішіндергі ұқсайды?
Тәрбиеші көрсетеді, балалар атап, түсін анықтап, ойылған орнына кіргізеді.
Сабақты қорытындылау:
Балалар, сендер бауырсақты аңдардан құтқардыңдар, енді бауырсақ әжесі мен атасының үйіне қайта оралады.
Сендерге бакырсаққа көмектесуге ұнады ма?
Біз қай аңдардың тапсырмаларын орындадық?
Ертегі қалай аяқталды?
Есік тоқылдатқаны естіледі.
Балалар, біреу есікті тоқылдатып тұрған сияқты, барып көрейін.
Балалар, сендер бауырсақты аман қалуға көмектескендеріңе ризашылығын білдіріп тәтті сый беріп жіберіпті.