О?у іс-?рекетіні? та?ырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайы?.


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық. 16 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1. Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. 2. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
3. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлес-мелі дидак-лық мат
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қостілділік компонент: дауысты – гласный, дауыссыз – согласный, дыбыстар – звуки.
Іс-әрекет
кезеңдеріМұғалім іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! Шаттық
шеңберін
жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсіндіреді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і, ю, я, ё. Дауысты дыбыстарды жеке-жеке айтқызу. Мысалы: а-а-а, ә-ә-ә, и-и-и, о-о-о, ұ-ұ-ұ, ү-ү-ү, і-і-і, т.б.
3. Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, балаларға сөздердің мағынасын түсіндіреді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады.
4. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қоялық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық!
ІІ. Негізгі бөлім. 1. Баланың білімін жан-жақты тексеру мақсатында тәрбиеші бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты дыбыс қанша болса, сонша рет қолдарын шапалақтап білдіреді. Масылы: кү-шік, кітап, ө-зен, да-ла, қаз, ба-ла-пан, т.б.

2. «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Орыннан орынға ауысқан, Ұшқалақ қара ала ...(сауысқан) Бәрі бірдей жұмысқа Шығады не?...(құмырсқа)
3. Дәптермен жүмыс жүргізу. а) Берілген суреттер бойынша дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін (қызыл – дауысты дыбысы, көк – дауыссыз дыбыс) салады. Әке, ана, бала, сырмақ, қамшы, торсық.
ә) Кестенің ішіне жетпей тұрған төртбұрыштың суретін салады, оны бояйды. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сергіту сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Дәптердегі тапсырмалар-ды орындайды.
Рефлексивті-түзетушілік ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Дауысты және дауыссыз туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру.
Қандай түсініктерді игерді: жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, жалпы ой-өрісін дамыту.