?дістемелік ж?мыс касиби шеберликтин бастауы


Ахметова Ләззат Шәкиқызы
директордың әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.
Әдістемелік жұмыс- кәсіби шеберліктің бастауы.
Әдістемелік жұмыс – бұл мұғалімдердің өз кәсіби шеберлігін жетілдіру бойынша атқаратын жекелей не топтық жүйелі жұмыс. Ол талдау,бағалау,дағдысын қалыптастыруға, педагогикалық қызметті жобалауға бейімдейді,мұғалімдерді шығармашылық ізденіске жетелейді. Әдістемелік қызметтің қалыптасуында әр мұғалім өз ісіне кәсіби маман ретінде қарауы, оқытудың мазмұнын игеруі, өзіне шығармашыл және үнемі даму мен өсуге дайын тұлға ретінде қарауы үлкен роль атқарады.Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу-ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Оқу-тәрбие үрдісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы мектеп ұжымын дамыту,әр мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында құрылған №7орта мектебінің әдістемелік орталығы «Заманауи технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру» тақырыбымен жұмыс жасайды. Бір пәнді және бір топтамадағы пәндерді оқытатын 9 бірлестікте 60 мұғалім,4 тәрбиеші жұмыс жасайды.
Білім сапасын арттыру-12 жылдық білім беруге көшудің басты міндеті. Ұстаз беделі, ұстаздық қабілетіне байланысты. Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас дегендей оқытуда оқытудың тиімді әдістерін қолданатын шығармашыл мұғалімдердің қатары көбеюде онлайн жүйесі бойынша облыстық интерактивтік сабақ «Көркем әдебиет стилі» тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғаліміСмағұлова Г.Ғ. мен «Табысқа бағытталған жол» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі ҚайдарбековаА.М.облыс көлеміндегі 4 мектептің оқушыларын қатыстырып өткізді.
Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім- мектепке жан бітіреді»деген болатын. Осы орайда ойы жүйрік, өзгерістерге бейім, жаңалыққа құштар мұғалім ғана мұндай атаққа талмай ізденуі мен еңбегінің арқасында ғана жетері сөзсіз. Осындай тынымсыз еңбек иелері біздің арамызда жұмыс жасап жүр. Олар: 12 жылдық мектептің байқау алаңында қолданыста жүрген оқу –әдістемелік кешен иесі ағылшын тілінің мұғалімі М.Ж.Таженова, «» мұғалімдерге көмекші құрал иесі ағылшын тілінің мұғалімі А.К.Бахтыбаева, «Қазақ тілінен оқушыларды олимпиадаға дайындауға арналған әдістемелік құрал» авторлық жұмыстың иесі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Ғ.Смағұлова,облыстық«Білім-инфо» ақпараттық хабаршы журналында «Биология пәнін оқытудағы біліктілікке бағытталған тапсырмалар» мақаласы жарық көрген биология пәнінің мұғалімі Г.Т. Далдембаева, республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналында «» сабақ әзірлемесі жарияланған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Қ.Ибраева, Аликулова
Мұғалімдерді шығармашылыққа, іскерлікке баулитын кәсіби байқаулардың ұйымдастырылуы, байқауға қатысушының өз дәрежесінде жұмыстарының болуына, жүлделі оралуына басшылық жасау мәртебелі жұмыс.
Білім берумен қатар қалалық сайыстарға қатысып жүлделі орындармен оралып жүрген мұғалімдер қатары көбейіп келеді. «Үздік педагог-2012» республикалық сайысынан қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Ғ.Смағұлова 1618000 теңге сыйақымен, «Ұлы мәртебелі Ұстаз» қалалық сайысынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріГ.Т.Жұмабаева, Г.Ғ.Смағұлова,Н.Қ.Ибраева, «Прима мастер» сайысынан биология пәнінің мұғалімі Г.Т.Далдембаева жүлделі орындармен. «Педагогикалық бастама», «Үздік мұғалімнің жеке сайты» марафонынан физика пәнінің мұғалімі Г.Ә.Есмағанбетова номинацмямен оралды. «Үздік спорт алаңы» облыстық сайысынан 3-орынды иелендік. «Үздік география кабинеті», «Үздік технология кабинеті» сайысына қатысып заман талабына сай жабдықталған кабинеттегі жұмыс жүйесін кабинет меңгерушілері қорғап жеңімпаз атанды.
Мектепте 72 компьютер бар, оның 57-сі интернетке қосылған. Лингофонды-мультимедиялық кабинет, жаңа үлгідегі биология, химия кабинеті бар, қазақ тілі, ақпараттану, физика, бастауыш сынып кабинеттері интерактивтік тақтамен жабдықталған.Кітапхананы ақпараттық орталық етіп құру жұмысы оң нәтиже беруде, интернет желісіне қосылған компьютерден оқушылар өздеріне қажетті мәліметті алады. Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, кәсіптік біліктілігін арттыру, шығармашылық жұмыстарымен бөлісу,озық тәжірибелерін таратуға тиімді ұйымдастырылған семинарлар, педагогикалық оқулар, конференциялар мен әдістемелік пән апталықтарын өткізудің пайдасы мол.Облыстық,халықаралық ғылыми практикалық конференцияларға қатысып оқыған баяндамалары жинаққа енген