«Adobe Photoshop» ба?дарламасы. ?абаттармен ж?мыс.


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шелек политехникалық колледжі
127066040«Келісемін»
Колледждің әдіскері
________Ахметова З.Т.
«_____» ____________2015ж.
4000020000«Келісемін»
Колледждің әдіскері
________Ахметова З.Т.
«_____» ____________2015ж.
388175566040«Бекітемін»
Директордың ӨОІО
________Надыров А.Х.
«_____» ____________2015ж.
4000020000«Бекітемін»
Директордың ӨОІО
________Надыров А.Х.
«_____» ____________2015ж.

Ашық сабақтың жоспары
796029292100Өндірістік оқыту
4000020000Өндірістік оқыту

1683759288925«Adobe Photoshop» бағдарламасы. Қабаттармен жұмыс.
00«Adobe Photoshop» бағдарламасы. Қабаттармен жұмыс.
Пәні: _________________________________________________
Тақырыбы: ____________________________________________
______________________________________________________
2852420298711Саутов Рефат Пайзулламович
4000020000Саутов Рефат Пайзулламович
______________________________________________________
Өндірістік оқыту шебері:_________________________________
Шелек ауылы 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Adobe Photoshop» бағдарламасы. Қабаттармен жұмыс. Сабақтың мақсаты: Adobe Photoshop бағдарламасының құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қабаттармен жұмыс істеу, суреттерді өңдеу мүмкіндіктерін меңгеру, галерея ұйымдастыру, бағдарламаның негізгі мүмкіндігін ашу.
Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері және тиімді қолдануын көрсету, тәжірбие жөнінде білімін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикаға қызығушылығын оятып, бағдарламалық технология мүмкіндіктерін толық меңгеруге, ой-өрісін әрі қарай арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, өзіне деген сенімділікке, келешекте өзінің таңдаған мамандығы бойынша жақсы маман болуға баулу.Тәрбиелігі: Әлем деңгейіндегі ақпараттық технологияны қолдануда нәтижеге жетудегі, компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру. Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: арнайы пәндерде алған теориялық білімді тәжірбие арқылы пысықтау.Сабақтың әдістемелік мақсаты : өндірістік оқыту сабағында жергілікті желінің мүмкіндіктерін қолдану.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Дербес компьютер, интерактивтік тақта, жергілікті желі.
Көрнекілігі: Презентация, MyTestStudent бағдарламасы, Photoshop CS-5 бағдарламасы, технологиялық карталар.
Пәнаралық байланыс: дизайн, өндіріс, арнайы пәндер.
Өту уақыты: 270 мин
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин):Сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды дұрыс отырғызып назарларын сабаққа аудару.
II. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру (2 мин):
Құрметті оқушылар бүгін сабақта біз Adobe Photoshop бағдарламасының құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қабаттармен жұмыс істеу жолдарымен танысамыз және бағдарламаның негізгі мүмкіндігін талқылаймыз.Сіздер арнайы пәндерде Adobe Photoshop бағдарламасымен танысқан боласыздар. Теория жүзінде кішкене түсінбешіліктер болса біз бүгін барлық сұрақтарға жауап беріп бағдарламаны тереңірек талқылаймыз.
Жаңа сабаққа көшпес бұрын өткен сабақтардан білімдерінді тексерейік (3мин):
Ол үшін алдарыңдағы MyTestStudent бағдарламасы ашып қарапайым 10 сұраққа жауап береміз. 3 мин уақыт беріледі сол уақыттың ішінде тез және дұрыс жауап берген 5 оқушы бағаланады. Бағаны сервердегі бағдарлама өзі қояды.
III. Жаңа сабақ (10-15 мин):а) Жаңа сабақты интерактивтік тақта арқылы түсіндіріп, көрсету.
ә) Қауіпсіздік ережелерін қайталау, ескертулер айту.
б) Технологиялық карталар бойынша өз бетінше жұмыс.
IV. Ағымдағы инструктаж:
Мақсаттық тексеру №1
Оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалау.
Жұмыстарын бақылау, нусқаулар көрсету, түсіндіру.
Мақсаттық тексеру №2
Оқушылардың қателерін көрсету және қателерін жоюын қадағалау.
Нусқаулар көрсету, түсіндіру.
Мақсаттық тексеру №3
Оқушылардың қателерін түзеуге көмектесу және өз бетінше оқушылар қателерін тауып түзеуге қол жеткізу.
Жұмыстарында түсінбеген жерлері болса түсіндіру.
Мақсаттық тексеру №4
Жұмыстарын қабылдау, жұмыс орындарын тексеру, қабылдау.
V. Аяқтау инструктажы 10 мин.
Сабақты қорытындылау:
Оқушылар бір бірінің дайын болған жұмыстарын тексереді, қателері болса көрсетеді, талқылайды,бағалайды. Қателерін және кемшіліктерін айтып өту. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы.Конспект арқылы дайындалып, Adobe Photoshop бағдарламасына реферат жазып келу.Сабақ барысындағы бағалау қорытындысын ала отырып сабақты аяқтауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі біздің ашық сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет.Сау болыңыздар!