Жолды? шамалармен ж?мыс. (9 сынып)


9-сынып, информатика. Сабақтың реті 22_өткізу мерзімі:_____Тексерілді____
Сабақтың тақырыбы: Жолдық шамалармен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Жолдық шамалар тұралы ұғым беру.
Паскаль тілінде жолдық шамалармен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру, оларға қолданы- латын функциялармен таныстыру.
Программаны ықшамдап, сапалы жазу дағдысын дамыту.
Оқушылар білуі тиіс: жолдық шамалардың жазылуын, қолдану жолдарын, стандартты функциялардың кызметтерін жатқа білу.
Оқушылар меңгеруі тиіс: жолдық шамаларды дұрыс сипаттап, жолдық стандартты функцияларды қолдана отырып программалар құру. Көрнекіліктер: Паскаль программалау ортасы, презентациялар.
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айкындау
Үй тапсырмасын тексеру
Информатикалық диктант
Оқушылар екі бет парақтың сыртын толтырады: аты-жөні, сыныбы. Ішкі жүмыс бетін- де 1-ден 10-ға дейін (15-ке дейін) сүрақ санына байланысты нөмірленеді. Мүғалім сұрақтарды бір-бірден ретімен окиды. Әр сұрақ арасында тоқтап оқушы парағына жауап жазғанын күтеді. Оқушы жауабы нақты болу керек. Барлық сұрақ окылып болғаннан кейін мүғалім барлық сұрақтарды басынан бастап қайталайды. Парақтар жиналады. Мысалы:
1. Символдык шаманы сипаттайтын қызметші сөз? (char)
2. Кіші латын әріптерін бас эріптерге айналдыратын функция? (UpCase(x))
3. X символының кодын беретін функция? (ORD(x))
4. Pred(‘D’)= ‘?’ функциясының мэні? (С)
5. Енгізу операторының қызметші сөзі? (readln)
6. SQRT(25) (5)
7. Succ(‘D’)= ‘?’ функциясының мәні? (Е)
8. 36 div 8 (4)
9. х санын символға түрлендіретін функция (CHR(x))
ІО.Айнымалының модулін (абсолюттік шаманы) белгілейтін функция Abs(x)
Білімді өзектендіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оқушыларға символдар жолы string қызметші сөзімен белгіленетінін жэне компилятормен қабылданатын жолдың максималды ұзындығы 126 символдан аспауы керектігін түсіндіру. Жолдық шамаларға қолданылатын амалдар тұралы түсіндіріп айтып, окулықтағы мы- салдарды қарастыру керек. Сыныпты үш-төрт топқа бөліп, біріктіру жэне салыстыру амалдарына «Кім көп мысал келтіреді?» деген ойын өткізуге болады.
Жолдық типтегі шамаларға қолданылатын стандартты функцияларды окулықтан қарап, түсіндіру, талдау, мысалдар келтіру.
Жаңа білімді бекітуОқулықта келтірілген мысалдарды талдап, ДК-де орындау.
Қорытынды
Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:
жолдық шамалар түсінігі мен Паскаль тілінде белгіленуін;
жолдық шамаларға колданылатын амалдар жайлы;
жолдық стандартты функдияларды, олардың қызметін;
Үйге тапсырма Тақырып соңындағы сүрақтарға жауап беру, тесті шешу.
Оқулықтағы 1, 2 тапсырмалар бойынша дәптерге программа жазып келу.