Разработка открытого урока по казахскому языку в русских классах для 7 класса на тему ?лтты? киімдер


Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім ерекшеліктері Мұғалімнің аты-жөні: Сахова Ажар Байдосқызы
Мектеп: №20 мектеп-гимназия Күні: 27.10.2016
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
7.1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
7. 2.1 Сөздік қорды толықтыру
7. 3.4 Сұрақтар қоя білу және жауап беру
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Берілген тапсырмадан сөз тіркестерінің аудармаларын таба алады, мәтін сұрақтарға жауап бере алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өз бетінше ойланады, мәтін бойынша сөйлем құрайды, бағалаушы сұрақтарына жауап бере алады.
Тілдік мақсат: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.
Ұлттық киім, сын есімнің түрлері, тымақ, тақия
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ұлттық киімге нелер жатады? Тымақ қандай бас киім? Шапан қазақ халқында қалай бағаланады?
Алдыңғы оқу: Сәлемдесу
Жоспарланған уақыт: Сабақта жоспарланған
іс-әрекеттер Ресурстар
Басы а) Сәлемдесу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
ә) Жағымды ахуал.
Шеңбер арқылы достық қарым-қатынас туғызу. Бір-біріне есімдерінің бас әрпінен басталатын тілеу айтады
б) тақия түсі арқылы топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау. Киім түрлері.
Жұмыс киімі Спорт киімі Жастарға арналған Мектеп формасы
жұмыстың сипатына сай қолайлы өмір салтына үйлесімді міндетті
қолайлы жеңіл сәнді тәртіптіліктің айғағы
ыңғайлы әдемі ашық түсті Ұқыпты
қарапайым дененің температурасын реттейтін АКТ
Кеспе қағаздар
Стикерлер
Тірек-сызба
Ортасы Жақсы балалар, киім түрлерін ажырата білдіңдер. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші балалар, бүгін бізде ерекше сабақ қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысамыз.
Мақсатымыз: ұлттық киімдерді танып біліп, аз болса да қалай, неден жасалатынын, кімдер киетінін біліп танысу.
Ал бүгін ұлттық киімдер туралы айтамыз (слайд көрсету)
Киім адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәріде адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі.
Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон т.б жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, т.б.
Бүгінгі тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру.
Ежелгі дәстүр – древняя традиция Ішкі киімдер – нижнее бельё
Сырқы киімдер – верхняя одежда Сәнді – модный
Салтанатты – торжественный
1-тапсырма. Мәтін бойынша 3-деңгейлі тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей. А) сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын дұрыс табындар. Тарсия формасын пайдаланамыз
Қолайсыз кожа животного
ыңғайлы холод осени
қаһарлы неудобный
қорғану үшін чтобы защититься
жауын-шашын удобный
мал терісі Крепкий
күздің суығы Дождь
Б) сөйлемдерді мәтін негізінде толықтырып жаз.
1. Қазақ халқының киімдері (қандай?) ........... болған.
2. Қазақтың ұлттық киімдері туралы (кім?) ........айтқан.
3. Адамға ( не үшін?) ......... киім қажет.
4. Қазақтар ішкі- сыртқы киімдерді (қалай?) ....... тікккен.
2-тапсырма. Тірек-сызба негізінде әңгіме құрау, қатыстық және сапалық сын есімдерін табу

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақтар құрастырыңдар
Тымақ
Ол қасиетті баскиім болып саналады.
Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді.
Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар.
Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастамайды.
Тымақ тастап кешірім сұрау – бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.
4-тапсырма. Сөйлемдерді мағынасына қарай жұптастыру
Тақия – үкі тағылады
Тақияны бір түсті матадан дөңгелек, жеңіл бас киім.
Қыздар киетін тақиялар дөңгелек төбелі етіп тігіледі.
Тақияға моншақ, асыл тастармен безендіріледі.
Жаңа сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?
Ұлттық киімдердің түрлерін ата?
Тақия – Шығыс халықтарына тән бас киімнің түрі. Жеңіл, дөңгелектеп тігілетін бас киім.
Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім.
Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін қыстық бас киім.
Кимешек – әйелдердің бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен тігіледі. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді.
Етік – ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді.
Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.
Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналып, былғарыдан тігілген аяқ киім. Оның басын жұмсақ былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Кебісті оюлап әшекейлеп тігеді.
Қортындылау: Сөзжұмбақ

1. Егде әйелдің бас киімі.
2. Әйелдер де, ер кісілер де киетін бас киімі.
3. Қыста киетін ер адамның бас киімі.
4. Жеңсіз жеңіл киім.
5. Қалың матадан тігілетін әйелдерге арналған жеңі ұзын киім.
6. Қалыңдықтың бас киімі.
Үйге тапсырма: Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы реферат жазу.
Бағалау: бағалау парақшасы негізінде
Бағалау парағы
№ Аты-жөні
өзін-өзі бағалау
өз тобының
бағалауы
өзге
топтың
бағалауы
Мұғалім-
нің бағалауы
Қоры-
тынды
Түрлі – түсті кеспе қағаздар
Слайд
Соңы Смайликтер арқылы өздеріне ұнаған бет- бейнені таңдату. Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс.
(тәрбие элементі)
а) Мақтау-мадақтау сөздерін жиі қолдану.
ә) Нақтылайтын, шығармашылық, тәжірибелік сұрақтар арқылы сөйлеу тілін дамыту. Жетелеуші сұрақтар арқылы
мақтау-мадақтау сөздерімен
топты деңгейіне қарай бағалау. 1.Әдебиет оқу, АКТ, сурет.
2. Сұрақтар мен тапсырмаларды беруде жас ерекшеліктерін ескеріледі, 3.Достық, бірлік, ынтымақ қарым-қатынас құндылықтары ескерілді.
Оқушы
Рефлексия Қолдарымен түрлі іс-әрекетер көрсету арқылы, сабақтың қаншалықты ұнаған, ұнамағанына баға беру.