Т?рт т?лігім — ырысым


Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім- ырысымМақсаты: 1. Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал - мәтелдер, әңгімелер, тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.2. Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ой - өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.3. Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу.Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, салыстыру, ізденушілік, сын - тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы.Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,суреттер, Малдың жүнінен жасалған бұйымдар. Барысы:I. Ұйымдастыру.Қазір төрт топқа бөлініп, әр түрлі жұмыстар жасаймыз.Ой шақыру әдісі: -Табиғаттағы тірі денелерді атайық. -Қандай жануарларды білеміз? -----Мына жануарларды қалай атаймыз? -Жабайы аңдар. - Мына жануарларды қалай атаймыз? -Үй жануарлары, яғни төрт түлік мал дейміз. -Төрт түлікке нелер жатады. -Түйе, қой, ешкі, сиыр , жылқы -Балалар біз осы төрт түлік бойынша топқа бөлінеміз.І топ – ТүйеІІ топ – ҚойІІІ топ – СиырІV топ – Жылқы -Олай болса, балалар, бүгін біз төрт түлік малдар және төлдері туралы айтатын боламыз. Малдардың пірлерімен, олардан алынатын өнімдермен танысамыз.Төрт түліктер туралы өлеңдер айтып, жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдер айтамыз. Мұғалім:-Қазақ халқы ерте уақыттан мал шаруашылығымен айналысқан халық. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы ем, әрі жек-жат жұртымен жасайтын алыс берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбат дүние болғаны белгілі. Халық бірін-бірі көргенде «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Яғни қазақ халқының өмірі салт-дәстүрі осы төрт-түлікпен тығыз байланыста болған.Мал олардың киімі, тамағы, көлігі. Бір сөзбен айтқанда барлық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сондық - тан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп – бағуды көбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген.. Сондықтан қасиетті төрт - түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.Тағы бір айта кететіні ата-бабаларымыз балаларын еркелеткенде құлыншағым, ботам, қозым деп төрт түлікпен байланыстырып отырған.  Төрт түліктің жүріс-тұрысына қарап ауа райында болжаған. -Балалар құлыншақ,қозы, бота дегеніміз не? -Төрт түліктің төлдері -Олай болса сол төрт түліктің төлдерін толық айтыңдаршы -Балалар қозы, құлын, лақ, бота, бұзау Төрт түлікті денесіне қарай отырып, екіге бөледі: Ірі қара, ұсақ. Денесі ірі болғандықтан түйе, сиыр, жылқыны ірі қара деп атаймыз. Сондықтанда түйе,сиыр, жылқыны көлік ретінде пайдаланған. Ал, ешкі мен қойды ұсақ малға жатқызады және бұл екеуінің өрісі бір болғандықтан екеуі үнемі бірге айтылып, бір төл түрінде есептеледі. Төрт түлікке байланысты жырларды біз ана тілі сабағындағы ₺Атадан қалған- асыл сөз₺ бөлімінен оқып танысқанбыз. -Балалар сол бөлімде төрт түлікке байланысты қандай өлеңдер бар еді? Балалар өлеңдерін айтады. -Балалар енді осы түліктің аталарын қалай атайды? Балалар: Қой атасы – Шопаната,Жылқы атасы – Қамбарата,Ешкі иесі - Сексеката,Түйе атасы – Ойсылқара,Сиыр иесі – Зеңгібаба.
Жұмбақ айту: Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Бұл қандай жануар? (Түйе) -Олай болса, «Төрт түліктің төресі- түйе» туралы не білеміз? 1-оқушы:Екі көзі танадай Екі өркеші баладай Елпеңдеген ойнақтап Енесіне қарамай Ойсылқара баласы Ботақаным қайдасың? Көс , көс Мұғалім: -Өте жақсы.Түйе атасын қалай атаймыз? -Түйе төлін қалай атаймыз? Түйені қалай шақырамыз? Түйе қалай дыбыстайды? -Түйе сүтінен не дайындайды? Түйе жасына қарай ата (Бота, тайлақ, нар түйе, аруана, үлек, атан.) Мұғалім:Түйе-түлік басы. Түйе- көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Жүнінен жылы киім тоқиды, көрпе жастық жасайды. Қазақ халқы түйені дала кемесі деген. Ол шөлге шыдамды, жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні - киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен жүн шапандар киген, ол жеңіл, жұмсақ әрі қыста жылы болған. Тағы түйенің жүнінен тек жамылғы көрпелер жасаған, аяқ асты тастауға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасы қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Ал сүтін болса емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған. Мұғалім жұмбақ жасырады: Көкке шаншып құйрығын, . Қамыс құлақ Шауып келеді жүйрігім. Тостаған тұяқ Бұл қандай жануар? Мінсең – қанат, сүті – дәрі, еті – тамақ (жылқы) Мұғалім: « Жылқы – ер қанаты» Жылқы туралы не білеміз? Жылқы – төрт түліктің бірі. Саусаң – қымызы сусын, мінсең көлік.Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем. 2-оқушы:Жолға шықсам, көлігім, Жапанда жүрсем, серігім. Қамбар ата өсірген, Құлыным менің, қайдасың? Құрау, құрау! Мұғалім: Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Жылқы - жүйрік жануар, көлік ретінде мінген. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар, оны үлкен ас тойларда жарысқа салып, бәйгеге қосқан. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп,шапан жабу болған. Сайын далада ұшқан құспен жарысып, халық үшін атқа мініп жауға шапқан батырларымызда аз емес. Қымызды емге пайдаланған, бойыңды қыздырып қысты күні жылы әрі жұғымды болады. Жылқының жалынынан, құйрығынан арқан жіп есілді, етінен қазы - қарта, жал - жая жасайды.
Мұғалім: -Өте жақсы.? - Жылқының төлін қалай атаймыз? - Жылқы қалай дыбыстайды? - Жылқының сүтінен, етінен не дайындайды? -Жылқыны жасына қарай ата. (Құлын, жабағы,тай,құнан , байтал, айғыр, бие.)
Жұмбақ: Айран берген, құрт берген, Шелек-шелек сүт берген, Айтыңдаршы балалар, Бұл қандай мал, кім білген? (сиыр) -Олай болса, сиыр туралы не білеміз? Мұғалім: -Өте жақсы.? - Сиыр төлін қалай атаймыз? - Сиырды қалай шақырады? - Сиыр қалай мөңірейді? - Сиырдың сүтінен не дайындайды? -Сиырды жасына қарай қалай атайды? (Бұзау, басбақ, қашар , бұқа, өгіз) Сиыр – ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды, етін азық етеді. 3-оқушыТілімен мұрнын жалаған, Тілімен бойын тараған. Көкке мұрнын шүйіріп, Көз төңкеріп қараған. Зеңгібаба өсірген, Әукешім менің, қайдасың? Аухау, аухау ! Мұғалім:Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды Сиыр малың қазақтар көбінесе тамаққа жараған сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Сиыр да үйдің берекесі, айран - сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй ас - ауқаты жұтаң болып есептелген. Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Тіпті сиырдың тезегін отын ретінде, егіншілікке пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Бұл қандай жануар? Мұғалім: «Қой – төрт түліктің момыны» Қой туралы не білеміз? Мұғалім: -Өте жақсы. - Қойдың төлін қалай атаймыз? - Қойды қалай шақырады? - Қой қалай дыбыстайды? -Қой жүнінен не жасалады? -Қойды жасына қарай не деп атайды? (Қозы, саулық, тоқты, қошқар) Мұғалім: Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті - қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта - ықыласы мол – ақ. Қой майда , әрі өсімтал, момақан . Қой – төрт түліктің ұсағы. Терісінен тон тігеді, Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою болады. Қой төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. 4-оқушыҚой баласы қоңырым, Қойдай жуас момыным. Шопаната түлегі, Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт !
Мұғалім: -Өте жақсы. Ешкі иесін қалай атаймыз? - Ешкі төлін қалай атаймыз? - Ешкі қалай дыбыстайды? -Ешкі жүнінен не тоқылады? Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар. Ешкі өсімтал малдың бірі. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің қылынан арқан ескен. Жауын жауса бақырған Ешкі атасын шақырған. Өрісте өскен жануар Шөкетайым қайдасың? Шөре-шөре
Төрт түлік туралы бейне жазба көрсету.
Жақсы балалар енді осы төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдер бар. 1) Мал өсірсең қой өсір,..2) Қойдың сүті қорғасын,..3) Сиырлының үйі – айран,..4) Нар жолында...5) Сиырдың сүті...6) Малды бақсаң, сиыр бақ.... -Балалар, төрт түлік мал туралы қандай тыйым сөздер білеміз? 1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды. 3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.Иесі өкпелейді. 4. Жас малдың тістерін санамайды.5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
Топтық жұмыс: Әр топ өз атаулары бойынша постер қорғайды.
Қорытындылау.
Мұғалім: Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылыққа қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиырдың мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған киімдер , көрпе аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасында қайнатып емге пайдаланған.Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай құнды мал болғандықтан ,қазақтар өз перзенттерін де «құлыным » , «қозым», «қошақаным», «ботам» деп айналып, еркелетіп отырған.
Хор «Қошақаным»