Открытый урок Национальные казахские игры. Бес асык


Ашық сабақ жоспары
Күні: 09.12.2015 ж. Дене тәрбиесі III курс, 31 «Х-Ж» тобы
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. Бес асық ойыны.
Мақсаты: 
1. Білімділік: «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; негізгі ережелерін үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру.2. Дамытушылық: «Бес асық» ойындарын жүргізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. 3. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы студенттерді салт дәстүрін, әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекі құралдар: Асықтар, маттар, магнитофон, карточкалар, ысқырғыш.
Сабақтың барысы:
Р/с Сабақтың мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
І. Дайындық бөлімі 12 минут 1 а) Сапқа тұрғызу, рапорт беру. Кезекшілік міндет, сәлемдесу 1 мин Сапқа түзу тұру
б) Сабақтың мақсатын түсіндіру. Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау.
в) Саптағы жаттығулар «оңға», «солға», «артқа» бұрылу Денені түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап бұрылу
2 Көңіл –күйге арналған жаттығулар:
а) Аяқ ұшымен жүру;
б) Өкшемен жүру;
в) Табанның сыртқы қырымен жүру;
г) Жартылай отырып жүру;
д) Толық отырып жүру. 3-4 рет Денені түзу ұстап, қолды иық деңгейінде ұстау.
3 Жүгіру жаттығулары:
а) Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;
б) Қолды жамбасқа немесе артқа қойып, аяқты артқа серпе жүгіру;
в) Оң, сол жанымен жүгіру. 2 рет Еркін демалып, бірқалыпты жүгіру
4 Қозғалыстағы жаттығулар:
а) 1-2 сол қол жоғарыда, оң қол төменде 3-4 оң қол;
б) Қол иықта 1-2 қолды алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз;
в) Б.қ. Саусақтарды айналдырамыз 1-2 алға, 3-4 артқа айналдырамыз;
г) Қол кеудеде 1-2 қол артта, 3-4 алға айналдырамыз. 5-6 рет Денені түзу ұстап, қолды иық деңгейінде ұстау
5 Орында орындалатын жаттығулар:
а) Қол алда,аяқ иық деңгейінде, 1-4 қол қайшылау;
б) Қол желкеде, 1-кеудені солға бұру, 2-кеудені оңға бұру, 3-4 қайталау;
в) Қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2-бастапқы қалып, 3-4 қайталау. 5-7 рет Басты жоғары көтеріп, денені түзу ұстау
6 Матта жасалатын жаттығулар:
а) Матқа отырып аяқты тізеден бүгіп жоғары көтеру 1-2-3;
б) Жатып қолды жоғары көтеру 1-2;
в) Қолды алға созып дененіт көтеру 1-2 Еркін демалып, қол және аяқты түзу көтеру
ІІ. Негізгі бөлім 30 минут 1 Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Ойын техникасын көрсетіп, түсіндіремін
«Бес асық» ойыны
1 тур Бірлік
2 тур Екілік
3 тур Үштік
4 тур Төртілік
5 тур Жалақ
6 тур Алақан
7 тур Сарт-сұрт
8 тур Үндемес
9 тур Артынан тастау
10 тур Қаршу
11 тур Наби
12 тур Ұпай жинау

Топты бес командаға бөліп ойын өткіземін. Оқу-жаттығудың дұрыс және тұтас орындалуына мән беру. Ойын шарттарын қадағалау
2 Топты еқі командаға бөліп эстафеталық «асық алу» сайысын өткіземін. Үш асықты сызыққа қойып, бір-бірден алып екінші сызыққа дейін жылдам жүгіріп жеткізу кажет (челночный бег)

Сайыс ережелері мен ерекшеліктерін көрсету
ІІІ. Қорытынды бөлім 3 минут 1 Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Үйде қолға, саусаққа арналған жаттығулар жасау Саусақ буындарына жаттығулар жасау