Урок на тему Казахские национальные игры


Габдешев Бауыржан ЕрсайынұлыБҚО Жаңақала ауданы Жаңақала АБББ-нің дене шынықтыру, АӘД әдіскері.
Ұлттық спорт ойындары.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ұлттық ойындар туралы мағлұмат беру және үйрету.
2. Оқушылардың денсаулығың, ой-өрісін, икемділігін, шапшандығын дамыту және ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға және шыдамдылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: ысқырық, шытқа түйілген теңге, серке макеті, қазан, секундомер.
Сабақ түрі: Жаңа.
Әдіс-тәсілдер: Ауыспалы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың бөлімі Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
I Кіріспе бөлім. Дайындық бөлімі.
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекшінің баяндауы. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығулары. Жүру.
1.Қолды қатты сермеп,кең адыммен жүру.
2.Аяқтың ұшымен,өкшемен,табанның сыртқы қырымен және қолды әр түрлі қалыпта сермеп кең адымдап жүру.
3.Қолды әр түрлі қалыпта ұстап, жартылай жүрелеп жүру.
4.Қарқынды кенет өзгертіп жүру. Жүгіру.
5.Екі қолды алға ұстап тізені биік көтеріп жүгіру.
6.Оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру.
7.Алға артпен қарап жүгіру.
8.Аяқты алға қарай кезек-кезек сермеу.
9.Аяқты артқа қарай кезек-кезкек сермеу.
10.Бағытты өзгертіп жүгіру.
Бір орында жалпыдамытқыш жаттығулар жиынтығы. Б.Қ.-н.т. аяқ иық кеңдігімен бірдей қашықтықта,басты 4рет солға,4рет оңға қарай айналдыру.
Б.Қ.-н.т.аяқ иық кеңдігімен бірдей қашықтықта 1-екі қол алға,2-жоғарыда,3-жанына,4-б.қ.
Б.Қ.-н.т.қол иықта,4 рет алға ,4 рет артқа айналдыру.
Б.Қ.-н.т.екі қол кеуде тұсында 1-2артқа сермеу, 3 -4кеудені солға бұрып қолды тік күйінде артқа сермеу,осы тәсілмен оң жаққа сермеу.
Б.Қ.-н.т.аяқ иық кеңдігімен бірдей қашықтықта, оң қол жоғарыда,сол қол төменде,қолды 1-2 артқа сермеу,3-4 сол қол жоғарыда,оң қол төменде,артқа сермеу.
Б.Қ.-н.т.қол белде, кеудені 1- 2 солға,3-4 оңға бүгу.
10 мин. Арнайы спорт киімдеріне, жалпы сабақ даярлығына көңіл беру.
Берілген бұйырық бойынша орындау.Еркін тыныс алу.
Алдыңғы және артқы әріптестеріне кедергі жасамау. Бұлшық ет топтарын жақсылап қыздыру.
Жаттығуларды дұрыс орындауларын қадағалау.
II Негізгі бөлім.
Жаяу көкпар. Спорт залдың екі жақ басында қазандық қойылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы сызық бойына қазандықтың жан-жағына сапқа тұрады. Белгі бойынша көкпаршылар, ортадағы шеңбердің ішінде жатқан серкенің макетіне, тура жүгіреді, бұрын келгені іліп алып бір-біріне беру тәсілмен, қарсыластың қазандығына серкені қолмен салуға тырысады.
Теңге алу. Сөре сызығы бойына қатарынан екі топ орналасады. Белгі бойынша екі топтан бір-бір ойыншыдан жүгіреді, жол бойындағы шытқа түйілген теңнгелерді жинап қайтады. 20 мин
10 мин Белгіленген алаң сызығынан шығып кетуге болмайды, шығып кеткен жағдайда ойын ортадан басталады, оған әр топтан бір-бір ойыншы келеді. Серкені қазандыққа лақтырып салуға болмайды. Бір топта бес ойыншыдан болады.
Жеңіпаз топ жүгірген жұптар бойынша анықталады.
III Қорытынды бөлім.
Сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіру жаттығулары. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. 5 мин. Демалу жаттығуларының дұрыс жасалуын қадағалау.