Ашы? т?рбие саба? Досты? ?ымбат ?мірде


Қалалық жас туристер стансасы
Ашық тәрбие сабақ тақырыбы: «Достық қымбат өмірде!»
Қосымша білім беру педагогы
«Мұрагер» үйірме жетекшісі:
Шангриева Нурсулу Аманкельдиевна.
Ақтөбе - 2017 жыл
Достық қымбат өмірде
Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға достың адам өміріңдегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өздерін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, өз пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа, мейірімділіке, адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: интереактивті тақта, сызбалар, кеспе қағаздары, слайд.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу
- оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.
- достық ұғымына түсінік беру
- дәптермен жұмыс (тест)
- көрініс «Ерте кездегі дос»
- көрініс «Екі дос»
- «Серпілген сауал» әдісі
- Бейне баян «Достық заңы солай»
- «Досын тап» ойыны (Суреттер арқылы)
IІ. Қорытынды
- «Дос қандай болады?» ойыны
- «Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады» ойыны
- «Карусель » жаттығуы
ІІI. Үй тапсырмасы: «Менің – жан досым» атты эссе жазу
ІV. Қортынды
Барысы:
Адалдық

Санаспау
Достық
Әр қашан көмекке дайын болу

Беріктік Ауыр сөз айтпау

Шыншыл
1. Дәптермен жұмыс (тест)
1. Сен тәрбиесі нашар құрдасыңмен достаса алар ма едің?
а) Ешқашан ә) Әрине б) Ешкім білмесе достасқан болар едім.
2. Саған ақыл айтқысы келген қарт адамдарға қалай қарайсың?
а) Тыңдаған қалып танытамын ә) Ақыл айтып мазамды алмаңдар деймін.
б) Егер пайдалы ақыл айтса, тыңдауға да болады.
3. Сені өзің жек көретін баламен бір партаға отырғызып қойды. Сен не істер едің?
а) Қасымнан оның өзі кететіндей жағдайға жеткіземін.
ә) Амал қанша, отырамын.
б) Оған басқа көзбен қарауға тырысамын. Мүмкін мен білмей жүрген жақсы қасиеттері бар шығар.
4. Бір елдің адамдары тек бір – ақ тілде сөйлеуі керек дейтін пікірмен келісер ме едің?
а) Әрине ә) Барлық тілдің де өмір сүруге құқығы бар деп санаймын. б)Маған бәрібір5. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Сен не істер едің?
а) Екеуін таныстырып, достастыруға тырысамын ә) Жаңа досыма оның өтінішінің орынсыз екенін түсіндіремін б) Тек жаңа досыммен дос боламын
6. Сен досыңмен болмашы нәрсеге бола ренжесіп қалдың. Бірақ бұл жағдайдың орын алғанына екеуіңде кінәлісіңдер. Сен не істер едің?
а) Өздігімнен бармаймын ә) Достасуға әрекет жасаймын б) Досыммен сөйлесіп екеуміздіңде кінәлі екенімізді айтамын
7. Мектепте сенің досыңа үлкен сынып оқушылары тиіскенін көрдің. Сен не істер едің?
а) Мұғалімге айтамын ә) Балаларға өзім барамын б) ешқандай әрекет жасамаймын.
Жауабы.1.А-0, Ә - 10, Б –5 2. А – 5, Ә – 0, Б – 10 3. А – 0, Ә – 5, Б – 10
4. А – 0, Ә – 10, Б – 5 5. А – 5, Ә – 10, Б – 0 6. А – 0, Ә – 5, Б -10
7. А – 10, Ә – 5, Б – 0
Мұны түсінгенің жақсы.
10 - 20 ұпай Сенің кемшіліктерің – күдік, күмәншілдік, сенімсіздік. Басқаның пікірімен санаспау. Қай жолда тұрғаныңды ой елегінен өткізгенің жөн.25 – 35 ұпай Сен бөтендерді ұнатпайсың. Бірақ, олар қалай істесе, мен де соны істеймін деуге бейімсің. Елдің ойы әрдайым дұрыс бола бермейтінін ұмытпа.40 - 50 ұпай Сен өзгелермен оңай тіл табысасың, өзгеше жандарды тез қабылдайсың.
2. Көрініс: «Ерте кездегі дос»
Автор: Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп орналасады. Бір күні тұтқиылдан жаудың келе жатқанын естиді.
Әділбек: - Жау шапты, жау шапты! – деп айқайлаған дауыс естіледі.
Автор: Жаудың жақындағанын көрген Мәнсүр жауға қарсы шығады. Жауға тойтарыс беріп жатқан кезде, тұзаққа түсіп, тұтқындалып қалады. Досының қолға түскенін естіген Хәкім батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң ол жаудың қолбасшсына:
Арыстанбек: - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгердің құнын төлеп, сатып алуға келдім. – дейді.
Әлішер: - Құнына не ұсынатыныңды көрелік – деді қолбасшы.
Арыстанбек: - Менің оған айырбасқа берер мал - мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол — өзімнің өмірім. – дейді батыр
Әлішер: - Өмірің бе?.....- деп қолбасшы ойға шомылады.
Арыстанбек: - Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қиямын, - дейді.
Автор: Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Әлішер: - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.
Арыстанбек: - Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген Хәкім.
Әлішер: - Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
Арыстанбек: - Ол да болсын, көздерімді ал да, досым Мәнсүрді босат, - дейді Хәкім.
Әлішер: - Тұтқынды бостыңдар! – деп қолбасшы бұйрық береді.
Автор: Хәкім жауынгер тұтқыннан босанған досы Мәнсүрді иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”, - деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
 3. «Екі дос»
Автор: Қазіргі кезде кімнің дос екенін білмейде қалған кез де болады. Дастан мен Жандостың достықтары туралы баяндайын..
Данияр: - Салем Дастан! Қал жағдайың қалай? Үйге көптен келмей кетіп едің анамда сені сұрап жатыр – дейді Жандос.
Ербол: - Я жақсымын. Қолымның бір тимей жүрген еді – дейді де қасындағы жолдастарымен кетіп қалады.
Автор: Жандос досының бұл қылығын ерсі көреді. Осы күнге дейін әр қашанда қасынан табылатынына сенімді едім. Бірақ Дастан көңіліне алмауды дұрыс санап кетіп қалады. Таң сәріде ұялы телефона қоңырау шалынып жатыр екен.
Ербол: - Алло Жандос сенің маған көмегің керек еді – дейді Дастан
Арыстанбек: - Алло салем! Не болды? Қобалжып тұрсың ба? Не болды? – деп қайта сұрайды.
Ербол: - Кейін бәрін түсіндірем, қазір маған азынаулақ қаражат керек еді, бере аласыңба? – дейді Дастан
Данияр: - Неге керек бір жағдай болдыма? – деп Жандос қайта сұрайды.
Ербол: - Кейін түсіндірем дедім го, бергін келмесе бермеймін деп айтпайсынба адамды жалындырып – дейді
Данияр: - Жо – жоқ бермеймін деген жоқпын. Расында қазір менде де болмай тұрғаны мұқтаж болсаң анамнан алып берйін – дейді
Ербол: - Енді мені анаңа мүсіркеп көрсеткің келгені ме? Сені де дос дейді – ау – дейді де телефонды тастап жібереді.
Автор: Жандос досының бұл қылығына қарны ашып қарайды. Бұлай дейтіндей не болды екен деп ойлайды. Жандос Дастанмен сөйлесуге бірнеше рет тырысты бірақ ешқандай өзгеріс болмады. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күні көшеде Дастан бір топ балдардың бір балаға жабылып ұрып жатқанын көреді де:
Данияр: - Мына жерде не болып жатыр? Сендер кімсіндер? – деп айқайлап қасына жүгіріп барған кезде жерде досы Дастанды көреді.
Данияр: - Менім досыма қалайша қол көтересіндер?– деп ашуға бой алдырады.
Автор: Қасындағы әлгі төбелес ұйымдастырған балалар қашып кетеді.
Ербол: - Рахмет саған Жандос – деген сөзді досынан естиді.
Данияр: - Маған несіне рахмет айтасың. Сен менім досым емессіңбе? Мына балалар саған не себептен бас салып жатыр. Не болғанын айтасыңба? – дейді Жандос.
Ербол: - Несін айтайын қасымда достарым бар еді. Әлгі балалар бізге тиісе бастағанда олар қашып кетті. Содан мен жалғыз қалдым. Мен олардың сенімді досым деп ойлағанмын. Сені босқа ренжеттім ақшаның кесірінен. Шынымды айтсам ол ақшанын маған қажеті болмады, тек қасымдағы Мади дейтін балаға ақша керек еді. Ол маған сенің әлі бай досың бар емепе сондан сұрап берші деген. Сол себептен сенен сұрадым. Мен артық сөйлеп сенің көңілінді қалдырдым. Мені кешіре алсаң кешірші – дейді.
Данияр: - Кешіремін әрине, біз бала кезімізден бірге өсіп, бір мектепте оқыған дос емеспіз бе? Болмашы нәрсеге бола ренжеспейік жарайдыма – дейді Жандос.
Ербол: - Жарайды – дейді Дастан
Автор: Жандоспен Дастан татуласып. Бір – бірінің қадірін түсінеді. Дастан өз қателігін уақытылы түсініп досы Жандостан кешірім сұрайды.
4. «Серпілген сауал» әдісі
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
Аңыз - әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
Сендердің де адал достарың бар ма?
Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көкмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
5. Бейне баян «Достың заңы солай!»
6. «Досын тап» ойыны (Суреттер арқылы):
Чип және Дэо
Гупка боб және Патрик
Винни-Пух және Пяточок
Чебурашка және Гена
Қараруы және Жеті ергежейлі
IІ. Қортынды
«Дос қандай болады?» ойыны. Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Дос» деген сөз жазылады. Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, «шуақты» тақтаға кезекпен іліп отырады. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.
Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайды.
«Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады» ойыны, жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға себебін тигізеді. Әрбір айтылған жылы сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан да қолдан келгенше бір - біріне жылы сөздер айтқан дұрыс.  Олай болса бір - бірімізге  тілек тілейік. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Бір - біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша жүрекшені ұсына отырып, кезекпен достық тілектерін білдіреді.
«Карусель» жаттығуы. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе - кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2 - 3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы - сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, полиция –шофер, әке – бала, анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін, өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
«Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал – мәтел бар. Дос табу оңай, ал оны сақтау  қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
ІІІ. Үй тапсырмасы: «Менің – жан досым» атты эссе жазу.