Саба? жоспары: ?аза?ты? к?рнекті ?алымы-Шо?ан У?лиханов


5-сыныбы
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Уақыты: 17 қаңтар 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: § 35. Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлихановпен таныстыру, оның өмірі, еңбегі, ғылымға қосқан үлесі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: қазақтың ұлы ғалымдары жайындағы білімдерін одан әрі дамыту, ғылыми қызығушылықтарын ұлғайту, ұлы ғалымдардың еңбектерін өзі бетінше оқып үйренуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: білім, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұлы ғалымдардың еңбектерін оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, білімділікке тәрбиелеу, олардың өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов суреттері
Оқушылар шығармашылығы
«Алаш алыптары» видеофиьм
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрауә) Оқушыларды түгелдеу
Пікір алмасу.
— Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?
— Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?— 
Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?
Ендеше бүгінгі әңгімеміз қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов турал болмақ.
Видеофильм «Алаш алыптары»
1. Шоқан туралы не білесіңдер?
2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.
Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф.М.Достоевский, Г.Н.Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.

— Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі — Шоқан Уәлиханов. Бүгінгі сабақта біз Ш. Уәлихановтың өмірі, ғылыми қызметі туралы қосымша жаңа мәлімет аламыз. Осы тақырыпқа байланысты озық тапсырма бойынша дайындалған оқушыларды тыңдайық / жобалар тыңдалады/
Қазақтың зерттеуші ғалымы — Шоқан
Ш. Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының «Манас» жырын қағазға түсірді. Ол — саяхатшы — ғалым. «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты еңбектерін жазған. Шоқан — қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, саяхатшы — ғалым. Шоқанның еңбектері, өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.
өзара сұрақ-жауап
ә) Интерактивтік тақтамен жұмыс:/оқулықпен жұмыс
1) Сандардың орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді оқиды.
1) Шоқан Уәлиханов Көкшетау 1 Құсмұрын 2 қазақ сұлтаны Шыңғыстың 3 дүниеге келді. 2) Шоқан бала 4 зерек, алғыр, ақылды, парасатты болды. 3) 12 жасында Шоқан Сібірдегі ең таңдаулы оқу 5 бірі Омбы қаласындағы кадет 6 оқуға түседі. 4) 1857 жылы жиырма жеті 7 Шоқан Орыс география 8 мүше болып сайланды. 5) Замандастары 9 шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деген.
1. А) Облысымен; ә) Облысының; б) Облысынан2. А) Бекінісінде; ә) Бекінісі; б) бекінісінің3. А) Отбасында; ә) Отбасы; б) Отбасының4. А) Жасынан; ә) жасымен; б) Жас.5. А) орындарына; ә) Орындарымен; б) орындарының6. А) Корпусын; ә) корпусының; б) корпусына.7. А) Жасында; ә) Жас б) Жасынан8. А) Қоғамы, ә) қоғамына; б) Қоғамының9. А) Шоқан; ә) Шоқанның;Тарихи диктант
1. Шыққан,тұңғышғалым, ШоқанУәлиханов, қазақтан, саяхатшы, зертттеушу, және
2. Орыс, Шоқан, 22 жасында,географияқоғамына, 1857жылы, сайланды, мүшеболып.
3. Кадет корпусына, Омбыдағы,түседі,12 жасында, оқуға.Зерек, Шоқан, алғыр, кішкене, алғыр, кезінен, болады.
Тест сұрақтары.1.Шоқанның шын аты кім?а) Ибраһимә) Мұхаммедханафияб) Садуақас2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?а) 1835ә)1845б)18653. Шоқанның туған жері.а) Қостанай облысы , Қызылту ауданыә) Алматы облысы, Ақсу ауданыб) Қостанай облысы, Құсмұры5. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткен?а) Сырымбетә) Сандықтасб) Шыңғыстау6. Шоқанның әжесінің аты.а) Ұлжанә) Зейнепб) АйғанымШоқанның арғы атасыа) Абылайә) Шыңғысб) Уәли8. Ш.Уәлихановтың кадет корпусына оқуға түскен жылы.а) 1852ә) 1847б) 18589. Шоқанның кадет корпусын бітірген жылы.А) 1852ә) 1853б) 185410. Семейде Шоқанмен оның орыс досы ... ескерткіш орнатылған.а) И.И. Березингеә) Ф. Достоевскийгеб) М. Хоментовскийге11. Шоқан Қашқарияға қашан саяхат жасады?а) 1858-1859ә) 1854-1857б) 1847-185312. Шоқан қай жырды қағазға түсірді?а) «Алпамыс»ә) «Қобыланды»б) «Манас»13. Шоқан қай жылы Орыс География мүшелігіне сайланды?а) 1861ә) 1858б) 1865


Оқушылардың жауабын тыңдаған соң сабақты қорытындылаймын.
Шоқан Уәлихановтың өмірі өте қысқа болды. Бірақ сол қыска ғұмырында ол ғылым жолында өте көп табыстарға жетті. Тарих пен география, әдебиет пен этнография салаларында бірқатар ірі ғылыми еңбектер жазды. Санкт-Петербург қаласында Азия департаментінде қызмет атқарды. Қазақтардың арасында алғашқы болып Орыс географиялың қоғамының белсенді мүшесі болды. Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста орнатып, достаса білді. Сонымен Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдағы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері.
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1. 35-параграфты оқу.
2. Шоқан Уәлиханов жайында қосымша әңгімелер оқып келу.
«Қазақтың біртуар тұлғалары» тақырыбында шығарма жазып келу.