Та?ырыбы: ?йымдастыру ж?мыстарын жетілдіру- шеберлікті шы?дау жолдары


Заркулова Лаззат Сафаргалиевна
Тараз қаласы №53 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі
Тақырыбы: Ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру- шеберлікті шыңдау жолдары
Ұйымдастыру жұмыстары- ең алдымен істің талап етілуіне байланысты. Қазіргі кезде ол педагог болсын, тәлімгер яки ұйымдастырушы болсын, алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолындағы қиыншылық пен күрделі істі жеңе білген адам ғана шеберлігін шыңдай алады. Білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгертіп, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, ақпараттық технологияны меңгерген, бүгінгі заманға лайықты жаңашыл тұлға болу еркіндігі. Міне, ұйымдастыру жұмысын жандандыратын нағыз педагог осы басымдыққа ие болса ғана, шеберлігі шыңдалмақ. Сонымен қатар, кәсіби құзіретті ұйымдастырушы қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Ол әрине, біріншіден- іс-әрекетті дамытушы, себебі алғашқы әрекеттен соң, ол ары қарай даму жолын ұсынады. Екіншіден, - ұйымдастырады, шешім шығарады. Шешім қандай болса да, мақсатының орындалғанынан хабар беру керек. Үшінші- «мен» деген тұлғаны қалыптастырушы. Өйткені, шешім шығарғаннан соң алдындағы іс-әрекет жасаушы да өзіндік ой, қорытынды идея туындауы мүмкін.
Енді негіз етіп алынатын кәсіби ұйымдастырушының негізгі қабілеттеріне тоқталсақ:
Бағдарлы құзіреттілік- азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық;
Оқу- танымдық құзіреттілік- өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу;
Коммуникативтік құзіреттілік - адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы;
Ақпараттық –технологиялық құзіреттілік- ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті;
Әлеуметтік- еңбек құзіреттілік- өзіндік әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті;
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі- отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті.
Жоғарыда аталған негізгі қасиеттер бар болған жағдайда ғана - ұйымдастыру ісі сенімді қолда деп айтуға болады.
Жалпы жетістікке жетуде, соның ең биік шыңына көтерілу үшін мынадай сатылардан өту керек деп ойлаймын.
Педагог ұйымдастырады, қолдайды, бағыттайды;
Іс-әрекетті зерттейтін жаңа формациялы мұғалім;
Кәсіби әрекеті мен ұстанымдарымен жұмыс жасау, оны алғышарт етіп алу.
Сонымен қатар, ұйымдастыру кезінде кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті жүзеге асып отыруы қажет меніңше. Адам өзгермелі қоғамда өмір сүреді. Сол үшін әр жеткен жетістігі арқылы өзіндік рефлексия жасап отыруы қажет және психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде. Себебі: алдында отырған адамның психологиясын меңгермейінше, ұйымдасқан жұмыс жүрмейді де.
Қазіргі кезде ұйымдастырушы маман педагог ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, өз тәжірибесін жетілдіреді. Тәжірибе жүзінде көрген адам іс-әрекетті талдай алады. Талданған жұмыс бойынша педагог – рефлексия жасау үшін қорытынды түйінді өзі анықтау қажет. Ал ол үшін, жұмысты жандандыру үшін кәсіби өсуі үшін- әр түрлі тәсілдер мен әдіске назар аударып, жақсарту шараларын қоса алып жүруі керек. Бұның бәрі- айналып келгенде өз-өзіне деген сенім мен жұмыстың жауапкершілігін сезіну қажеттігі.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жұмыспен шұғылданған адам үш дәуірді басынан өткізіп өтеді: ол кешегі, бүгінгі және келешек. Онда жұмыс нәтижелі болу үшін, ұйымдастырудың шыңына шеберлікпен жету үшін тек қана қырағы көзбен, жұмыр жүрекпен, қайратты қолмен және парасатты ақылмен өзін көрсет білсе, шеберлік шыңдалды деген сөз.