Вариативтік компонент Жа?сы мектеп ?лгісі та?ырыбына


№ Сабақтың тақырыбы Міндеті Жалпы саны Мерзімі
1 «Жақсы мектем үлгісі» Дегеніміз не?
Әдепті болуды көрсетуге дағдыландыру.Мейірімділік,өзара көмек,достық туралы түсінік беру..
1 Қыркүйек
2 «Кішіге-ізет, үлкенге -құрмет» Амандасу,қоштасу,алғыс айту секілді әдептілік қарым қатынас мәдениеті мен сыпайлыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету. 1 Қыркүйек
3 Ойын «Жолда жүру ережесін білесің бе?» Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Жол бөліктерімен және бағдаршамның түстерімен таныстыруды жалғастыру. 1 Қыркүйек
4 «Сыйласаң сыйлы боласың» Әңгімелесу
Балаларды әдептілік өзі-өзін ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. 1 Қыркүйек
5 «Тәртіпті балалар» Тәртіп ережесін қалыптастыру. Балаларды әдепті болуға ,жақсылық жасауға ынтыландыру. 1 Қазан
6 «Үйшік» ертегісі.»
(мнемотехниканы қолдану Бала Балаларға ертегі барысын
эмоционалды қабылдауды, мнемотехника арқыл әдісі арқылы кейіпкерлерді тануға үйретуЕртегі кейіпкерлерінің жағымды жағымсыз қасиеттерін көруге олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету. 1 Қазан
7 «Туған күн» Ойынға керекті заттарды таңдау,ойын кезінде байланысты бірнеше әрекет түрлерін атқару:тамақ пісіру,қонаққа құрметпен қарауға тәрбиелеу. 1 Қазан
8 «Біздің үйге қонақ келді» ойыны Үлкендерді сыйлауға,достарымен достық қарым қатынас орнатуға үйрету. 1 Қазан
9 «Сыпайлыққа үйренеміз»
Өзара құрбыларымен ,үлкендермен танымайтын адамдар арасындағы сыпайлық сөздерді қолдана білүіне жаттықтыру. 1 Қараша
10 «Сөз анасы- Сәлем. Балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру. Сәлемдесу -әдептіліктің баспалдағы екендігін және сәлемдесе білуге үйрету. балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.әдептілікке тәрбиелеу 1 Қараша
11 «Мен әжеме көмек беремін» Еңбекке,сыпайлықа деген дағдыларын қалыптастыру: «Сіз» «кешіріңіз» деп өтініш білдіруге тәрбиелеу. 1 Қараша
12 «Шай ішсең көңілің жай.» Қонақжайлылық туралы түсінік беру. қонақжайлылық ұғымы туралы түсінік беру.жағымды қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру.әдептілікке тәрбиелеу. 1 Қараша
13 «Ас адамның арқауы»

Қазақ халқаның ұлттық тағамдары жайлы мағлұмат беру. Әр тағамның алатын орнын маңызын түсіндіру,денсаулықты сақтаудың бірден- бір жолы толық қанды тамақтану екендігін түсіндіру. Балаларға асты қадірлеуге тәрбиелеу. 1 Желтоқсан
14 «Дастархан басында тәртіп ережесін сақтау»
Әдептілік ережесімен таныстыру.Құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. 1 Желтоқсан
15 «Қазақтың баспанасы киіз үй» қазақтың ұлттық баспанасы киіз үймен туралы мағлұмат беру. ұлттық ою- өрнектерімін, киіз үй жабдықтарымен таныстыру. ұлттық салт- дәстүр ғұрыптар туралы білімдерін жетілдіру қазақ халқының еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1 Желтоқсан
16 «Қонақ күту ата салтымыз. туралы түсінік беру»
жағымды қарым- қатынас дағдыларын қалыптастырукішіпейілдікке, қонақжайлылыққа үйрету.
1 Желтоқсан
17 «Кішіге-ізет, үлкенге -құрмет» Амандасу,қоштасу,алғыс айту секілді әдептілік қарым қатынас мәдениеті мен сыпайлыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету. үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу; 1 Қантар
18 «Қарты бар үйдің қазынасы бар»
Бала өмірінде ата мен әженің алатын орнын . үлкен адамдарға деген ізеттілік ұғымдарына түсініктеме беру. әдептілік дағдыларын қалыптастыру. сыйластыққа , құрметтей білуге тәрбиелеу. 1 Қантар
19 «Ата-ананы сыйлау» Қазақ ғұрпындағы ата-ананың биік орынын,қадір-қасиетін балалардың санасына сәби кезінен бастап сіңіру отбасындағы өзара сыйластық, өзара түсіністіктердің қалыптасуына ықпал ету. балаларды үлкенге құрмет,кішіге-ізет көрсете білуге үйрету. 1 Қантар
20 «Мен қамқор боламын»
Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылық реетіндені мәнін түсіндіру Қамқорлық ғымы туралы өлеңдерді көрсете отырып, сыпайы болуға үйрету.
Қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту. Қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. 1 Қантар
21 «Отбасылық мерекелер»
Отбасылық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту; Қуанышты көңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру;
Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1
Ақпан
22 «Достық неден басталады?»
Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру. Достаса білуге тәрбиелеу.
1 Ақпан
23 «Түсінісу мен кешіруді үйренеміз»
Кешірім, түсінісу сөздерінің мағынасын түсіндіру. Балалардың жақсы қасиеттерін дамыту.Өзара сенім мен түсіністікке тәрбиелеу. 1 Ақпан
24 «Қонақ келсе қуаныш»
Қонақ, қонақжайлылық туралы түсінік беру. Жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
1 Ақпан
25 «Достық бірлікте»
Қамқорлық, бірлік туралы түсініктерін кеңейту Достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Айнала қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.
1 Наурыз
26 «Менің сезімдерім»

Адамның сезімдері туралы түсінік беру. Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту.Сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1 Наурыз
27 «Мен шыншыл баламын»
«Шыншылдық» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Адалдық,шыншылдық қасиеттері туралы түсінік беру. Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. 1 Наурыз
28 « Менің туған күнім» ойыны Сыпайлықтың қарапайым дағдыларына :қоштасу,амандасу,өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыруды жалғастыру. Туған күн қуанышы туралы түсінік беру. 1 Наурыз
29 «Жақсылыққа жақсылық»
.«Өзара достық», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру.
Достық қарым-қатынас туралы түсініктеріҮлкендермен, құрбылармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. 1 Сәуір
30 «Сәлемдесе білемін» Балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру.
Балаларды сәлемдесе білуге үйрету.Балалар бойына жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
1 Сәуір
31 «Айшаны қонаққа шақырамыз»
Балаларды әдептілікке, сыпайлыққа қалыптастыру. Асхана құралдарымен қолдануға үйрету.Әдемілікке тәрбиелеу.
1 Сәуір
32 «Мен көмекшімін» Көмек», «Көмектесу» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу. Көмек көрсету ұғымдары түсінік беру. бір-біріне көмектесе білу дағдыларын қалыптастыру. бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
1 Сәуір
33 «Гүлдерді күтеміз» Ма Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру Көктемгі табиғат өзгерістерін, ерекшелектерін байқау бөлме өсімдігі мен дала гүлдерінің айырмашылықтарын бақылату қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
1 Мамыр
34 «Бәрі де татулықтан басталады» Отбасылық татулық туралы түсінік беру .Отбасы, сүйіспеншілік, татулық туралы жалпы түсінік беру.Отбасындағы өзара сыйластықтың қалыптасуына ықпал жасау. 1 Мамыр
35 «Мен табиғатты қорғаймын» Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру.Табиғатта өзін дұрыс ұстауы. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 1 Мамыр
36 «Менің туған күнім» Туған күн қуанышы туралы түсінік беру.
Өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1 Мамыр
Барлығы: 36 сабақ