Мектепалды даярлы? тобыны? технологиялы? картасы Сауат ашу негіздері І ?рпі


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Сауат ашу негіздері
12 – желтоқсан

Тақырыбы: «Іі дыбысы және әрпі»
Мақсаты: І дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Оқуға жазуға дағдыландыру. Балалардың сөздік қорын тілін дамыту. Өз ана тілін, елін жерін сүюге тәрбиелеу. Жазу дағдысына қолын жаттықтыру
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, текшелер
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс-әрекеті Талдау
+ -
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі: Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.
-өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу
-қала, жан, ана, ата т.б сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу -қайырлы таң, қайырлы күн, бүгінгі күніңе сәттілік тілеймін!
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу.
Жалғыз таяқ боп тұ,
Төбесінде доп тұр.
Бұл не ?
Бұл- і дыбысы деп әріп таңбаларын көрсету.
-І дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?
І жіңішке айтылады. Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ұ-ү, а-ә, о-ө .
Сергіту сәті
Әліппе-дәптермен жұмыс
Оқу орталығы: кітап, ілгіш, ішік, түлкі сөздеріне дыбыстық талдау жасату
Жазу орталығы: Үлгі бойынша І дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу
Еңбек орталығы: Кітап немесе түлкінің суретін салу.
Балалардың өздеріне і дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Кеспе әліппеге тіл, кітап сөзін жазу.
Мақалмен жұмыс
«Кітап-білім бұлағы» мақалының мағынасын түсіндіру.
Д/о: «Әріп тастамақ»
Тіл ұстарту жаттығуы
Іс-іс-іс
Піс, қазаным, піс
Дауысты дыбыс, жіңішке айтылады.
Қимылмен жасайды.
Жел соқты гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс
Жаңбыр басылды
Күн ашылды
Дыбыстық талдау жасайды.
І әрпін жазады.
Сурет салады.
І дыбысына сөздер ойлайды.
Буындарды, сөздерді оқиды.
Мақалды қайталап, мағынасын түсінеді. Іс-әрекеттің бағалау кезеңі І дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру. Сөздер айтады.
Сабақты қорытындылау, балаларды жұлдызшамен мадақтау Күтілетін нәтиже:
Білім: І дыбысымен танысты, сөз, сөйлем құрауға дағдыланды
Білік: Дұрыс сөйлеу, грамматикалық құзіреттіліктерін дамытты
Дағды: І әрпін таза, әдемі, сауатты жазуды үйренді