А?паратты ??деу т?сілдері (9-класс)


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеу тәсілдері. Ақпарат көлемі, ақпарат өлшем бірлігіСабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларға ақпараттың түрлері және оларды өңдеу тәсілдері туралымағлұматтар беру арқылы білімдерін тереңдету бір жүйеге келтіру.Дамытушылық: ақпаратты сақтау, жеткізу және өңдеу тәсілдерімен тиімді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелілік:  Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа ой - қабілетін дамыта отырып жұмыс істеуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауапСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмысдәптері I. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушыларды түгендеу;
- құралдарын тексеру;
- назарларын сабаққа аудару.II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтіріңдер?
Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?
Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?
Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?
Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер?
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында Ақпараттық диктант алынады.
Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат:
Өзектілік қасиеті деп –
Толықтық қасиеті деп–
IV. Мақсат қою кезеңі. Бүгінгі сабақта мына тақырыпшаларды меңгереміз:
Ақпаратты сақтауАқпаратты жөнелтуАқпаратты өңдеуАқпараттың көлемі және өлшем бірліктеріV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 
Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.
Ақпаратты сақтауАқпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.
Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.
Ақпаратты жөнелтуАқпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.
VI. Бекіту кезеңі. «Өзіңді тексер!»
1. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:
Теледидар көруДәптерге жазуКітап оқуТелефонмен сөйлесу2. Ақпаратты іздеуге не жатады?
Электрондық поштамен ақпарат алуКомпьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізуКітап мазмұнымен жұмыс істеу.
Мәтіндерді басқа тілге аудару.
3. Ақпарат алу – ол:
Үй жұмысын орындауАғаш көшеттерін отырғызуМузыка тыңдауМатематикадан есеп шығару4. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс?
Ақпаратты тасымалдауАқпаратты іздеуАқпаратты өңдеуАқпаратты сақату5. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
Бит
Байт
1
Әріп6. 1 Кбайт – ол:
100 бит
1000 байт
1024 байт
1500 байт
7. 1 Гбайт – ол:
1024 Мбайт
100 Кбайт
1000Мбайт
1500 Мбайт
8. «Information» сөзінде қанша бит бар?
14
8872
128
9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?
МәтінСуретМузыка
Видео
VIII. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.Үй тапсырмасы: Оқулықтың §3-§4 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру. 4-5 тапсырмаларды дәптерге орындау.