Ба?дарлама та?ырыбы: ?са? б?лшектерді ??деу Саба?ты? та?ырыбы: Жа?аны ??деу


Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
___________________
№11 сабақ
Бағдарлама тақырыбы: Ұсақ бөлшектерді өңдеу
Сабақтың тақырыбы: Жағаны өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жағаны өңдеуді теориялық жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістік сабағында қолданып, технологиялық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,
оқушылардың жеке құралдары.
МТҚ: АТҚ
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, технология, үлгілеу, жабдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау (30 – 35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Топшамамен жұмыс»
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Жағаны өңдеуді тәжірибе жүзінде үйрену (слайд)
ІV. Жаңа тақырыпты баяндау: (конспект слайд)
Жаға моделіне байланысты: қайырма, тік, апаш, ағылшын, жағалар болса, кейде өңір жиегімен алмасады, ал жағасыз бұйымның мойын ойындысын әдіппен өңдейді. Мойын ойындысының формасы-дөңгелектенген, үшбұрышталған, төртбұрышты болуы мүмкін. Жағаның негізгі жібінің бағыты орта сызыққа параллель.
4091305109855
2111375819159969581915
Тік жаға Қайырма жаға Ағылшын жаға
184404033718500Мойын ойындысының формасы: үшбұрышты, дөңгеленген
2869565243205-194310243205Мойын ойындысының өңделуі
әдіппен өңіржиегімен жиектелген
Жаңа тақырып бойынша еңбек дағдыларын көрсету
Жағаны өңдеу
Жағаны мойын ойындысына қондыру
Жағаны өңдеу
Пішім бөлшектері:

Қатырмалау
Айналдыра көктеу
Жөрмеп тігу
Көктеу жібін суыру
Ұштарын жұқарту
Оң айналдыру
Сапасын тексеру
Шеттік шығару
Баса үтіктеу
Көктеу жібін суыру
Сапасын тексеру
Кездесетін ақауларға көңіл аудару
Қатырмалағанда
Айналдыра көктеп, жөрмеп тіккенде симметрияның сақталуы
Ұштарын жұқартқанда
Тақырып бойынша білімдерін бекіту:
«Жеңіл өнеркәсібінің мамандық иелері»
Оқушылар өзара пішуші, технолог, қол жұмысының, үтіктегі қызметкерлер болып бөлініп, операция атауын мұғалім айтса, жоғардағы мамандық иелері өзіне тесілі жұмыстарын техникалық жағдайын айтып береді.
Мысалы:1. қатырмалау- «үтік қызметкері»техникалық жағадй бойынша жауап береді.Оқушыларға қызметтері бойынша арнайы бейджик беріледі.
Қауіпсіздік ережелерді қайталау
IV. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру .
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру;
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау;
Технологиялық процесінің орындалуын бақылау;
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау;
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау;
Жеке нұсқау.
V. Соңғы нұсқау (25 мин):
1.Өндірістік сабағын қорытындылау
«Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, қайырма жағаны өңдеуді практикада тігіп үйрендік»
2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту
3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау
4. Жабдықты, құрал – саймандарды, жұмыс уақытын, еңбек дағдыларын ұтымды қолдану жолдарын талдау
5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау
6. Үй жұмысын тапсыру
7.Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау
Операция атауы Техникалық шарттары Суреті, сұлбасы Тігіс ені Құралдар
Қатырмалау Үстіңгі жағаны Үтік
Айналдыра көктеу Астыңғы және үстіңгі жағаны беттестіріп 0,4-0,6 см Ине, қайшы, оймақ
Жөрмеп тігу Астыңғы жаға жағынан 0,5-0,7 см Машина
Көктеу жібін суыру Айналдыра көктеген жібін суыру Қайшы
Ұштарын жұқарту Ұшы жақсы шығу үшін тігіске 0,2
см жеткізбей 0,5 см Қайшы
Оң айналдыру Бұрыштарын шығару Қазықша
Сапасын тексеру Ұштарының ұзындықтары мен қырлары біркелігін тексеру Шеттік шығару Қиғаш тігіспен үстіңгі жағадан астыңғы жаға жағынан 0,1 – 0,2 см Ине, қайшы,
Баса үтіктеу Үтіктейтін мата арқылы Үтік
Көктеу жібін суыру Қиғаш көктеу жібін суыру Қайшы
Сапасын тексеру Жағаны бүгіп ұштарының ұзындықтары мен қырлары біркелігін тексеру Қол жұмысы
Операция аты Суреті



20072353175