«Металдарды? химиялы? ?асиеттері». «Металдарды? электрохимиялы? кернеу ?атары».


Сабақтың тақырыбы: §31 Металдардың химиялық қасиеттері. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлұмат бере отырып, металдардың химиялық қасиеті жайлы оқушы білімдерін тереңдетіп, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу;
2. Дамытушылық. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, логикалық ой өрісін дамыту;
3. Тәрбиелік. Оқушыларды сабақ барысында пәнге деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластарын арттыра отырып, адамгершілікке, жан-жақтылыққа, еңбексүйгіштікке, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың типі: Біріккен ізденіс сабағы, кері байланыс
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындату
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, слайд, реактивтер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп, сабаққа дайындығын қадағалау
II. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Кім жылдам?» ойыны.
Металдардың маңызды физикалық қасиеттері?
Металдардың электр- және жылуөткізгіштігін сипаттаңдар?
Металдарды таптауға, жаншуға бола ма? Бұл құбылыстың сырын қалай түсіндіруге болады?
Құймалар дегеніміз не?
Ең алғаш алынған құймалардың бірі?
Металдар тығыздығына қарай нешеге бөлінеді?
Ең қатты металл?
Ең ауыр металл?
Түсті металдар?
Ең қиын балқитын металл?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына, атап айтқанда, атом радиусының үлкендеу, валенттік электрондарының аздау болатынына тәуелді. Реакция кезінде металл атомдары өздерінің валенттік электрондарын оңай береді, сөйтіп, оң зарядты катиондарға айналып тотығады:
Me0 – ne- = Me+n тотықсыздандырғыш
Ал тотықтырғыш қызметті металл атомдары берген электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар атқарады.
Металдардың тотықсыздандырғыштық қабілеті бірдей емес. Мәселен, натрий оттекпен лезде әрекеттеседі, ал мыс оттекпен қыздырғанда ғана реакцияласады. Мәселен, тотияйынның CuSO4 ерітіндісіне батырылған темір шеге қызғылт түсті мыспен қапталады, ал темір сульфатының FeSO4 ерітіндісіне салынған мыс шеге өзгермейді. Мыспен салыстырғанда темірдің электрондары атомдардан оңай үзіледі, өйткені темір мыстан гөрі белсендірек элемент.
Металдардың химиялық қасиеттері
Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:
Металдар - тотықсыздандырғыштар
Қосылу реакциялары Орынбасу реакциялары
Жай заттармен әрекеттесуі:
а) оттекпен:
2Mg0 + O20 = 2Mg+2O-2
ә) күкіртпен:
2Al0 + 3S0 = Al2+3S3-2
б) галогендермен:
2Na0 + Cl20 = 2Na+Cl-
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
а) сумен:

2Li0 + 2H+OH = 2Li+OH + H20↑
ә) оксидтермен:
Fe2+3O3-2 + 2Al0 = 2Fe0 + Al2+3O3-2
б) қышқылдармен:
Zn0 + H2+SO3-2 = Zn+2SO4 + H20↑
в) тұздармен:
Fe0 + Cu+2SO4 = Fe+2SO4 + Cu0
г) сілтілермен (екідайлы қасиет көрсететін металдар):
2Al0 + 6Na+OH = 2Na3Al+3O3 + 3H20↑
д) тотықтырғыш заттармен (H2SO4 конц. HNO3)
Cu0 + 4HN+5O3 = Cu+2(NO3)2 + 2N+4O2 + 2H2O
Орыс ғалымы Н.Н. Бекетов металдардың сулы ерітіндідегі тотықсыздандырғыш қабілетінің әртүрлі екендігін эксперимент жүзінде анықтай отырып, 1865 ж. Металдардың белсенділік қатарын ұсынды және бұл қатарға сутекті енгізді. Қазір оны металдардың электрохимиялық кернеу қатары деп атайды:
Li K Ca Na Mg Al Zn Cr Fe Ni Sn Pb H Cu Hg Ag Pt Au
Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті
артады ← → кемиді

IV. Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап
Металдар химиялық реакцияда не себепті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді?
Металдар қандай химиялық реакцияларға қатысады?
Айналуды жүзеге асыр:
А) Ca → CaO → CaSO4
2Ca +O2→2CaO
CaO+H2SO4 → CaSO4 +H2O
В) Fe2(SO4)3 → Fe(OH)3↓ → Fe2O3
Fe2(SO4)3+6KOH → 2Fe(OH)3↓+3K2SO4
2Fe(OH)3→ Fe2O3+ 3H2O
С) Cu → CuO → CuCl2
2Cu + O2 →2 CuO
CuO + 2HCl → CuCl2+ H2O
9-есеп 108 бет
3 моль мыс (II) хлориді бар ерітіндіден қанша грамм мыс бөліп алуға болады?
Берілгені :
ν(CuCl2)= 3 моль
Т/к: m(Cu) -?
Шешуі: m = ν · M
CuCl2+H2 → 2HCl+Cu
3 моль х моль
1 моль 1 моль

M(Cu)=64 г/моль
m= 3 моль ·64 г/моль= 192 г. (Cu)
Жауабы: m(Cu)=192 г.
VI. Үйге тапсырма: §31 оқу, 4-8 жаттығулар VII. Бағалау.