Металдарды ауалы — до?алап кесу


Металдарды ауалы — доғалап кесуКіріспе1. Кесу процестерінің жіктелуі1.1. Металды газды кескіш көмегімен кесу1.2. Жалынды реттеу1.3. Керосинді кескіштер1.4. Оттегімен кесу2. Металдарды электродпен доғалап кесу2.1. Көмірлі электродпен доғалық кесу2.2. Вольфрамды (балқытылмайтын) электродпен доғалық кесу2.3. Су астында доғалық кесу2.4. Металдарды оттегімен-доғалық кесу2.5. Ауамен-доғалық кесу3. Техника қауыпсіздігі3.1. Еңбек қорғау
ҚорытындыҚолданылған әдебиеттер
КіріспеҚарапайым пісіру мен дәнекерлеу әдістерін өндірісте қолдану ерте заманнан басталды.
Пісіру техникасы жəне технологиясы қазіргі өндірісте жетекші орын алуда. Техника дамуы өндіру тəсілдеріне, атап айтқанда, пісіру технологиясына жаңа талаптар қоюда. Бүгінгі күнде жақын арада ғана экзотикалық деп есептелген материалдар пісіріледі. Бұл титан, ниобий, бериллий қорытпалары, молибден, вольфрам, композициялық жоғары берікті материалдар, керамика, сонымен қатар əр текті материалдардың сан алуан қосындылары. Қалыңдығы бірнеше микрон болатын электроника тетіктері жəне қалыңдығы бірнеше метр ауыр жабдық тетіктері пісірілуде.
Пісіру машиналардың мүлдем жаңа конструкцияларын жасауға, метал-дарды өңдеумен байланысты технологиялық процестерге түбегейлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызды.
Пісіру әдістері өте жай дамыды. Бірақ бірнеше жылдар аралығында пісіру техникасы мен технологиясында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
ХХ ғасыр, әсіресе бірінші жартысы дәнекерлеу ғылымы мен техникасының дамуы мен қолдануында негізгі ғасыр болды.  Соңғы 20 жылдың ішінде айтарлықтай жетілді , соның ішінде ең бірінші құрылғылары мен аппаратуралары болды.
ХХІ ғасырдың басында қазіргі өркениеттегі  материалдық негізді құру барысындағы жетекші технологиялық процестердің бірі болды.
Кез келген жағдайда жерде, суда, космоста  металдар мен металл еместер  дәнекерлеуге душар болады. Дәнекерленетін бөлшектер қалыңдығы микроннан метрге дейін, ал конструкция салмағы грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді.
Дәнекерлеу дайындамаларды дайындауда,құрастырмалы материалдарды қосуда ең негізгі әдістердің бірі.
Пісіру технологиясын пайдалану қазандар, құбырлар, теңіз және өзен кемелерін, мұнай аппараттарын, қуатты престер мен сорғылар және басқа да машиналар мен механизмдер жасау технологиясында түпкілікті өзгерістерге әкелед.
Қазіргі уақытта электрмен пісіруші машина жасау мен
құрылыстағы жетекші мамандықтардың бірі.   Дәнекерлеу кезіндегі қосылыс беріктілігі оны  жауапты құрастырмаларды жинауда қолданылады.
Дәнекерлеу аймағындағы соңғы уақыттағы (шамамен 1970 жылдан бастап) орындалған ғылыми —  техникалық , эксперименттік және практикалық жұмыстар жаңа конструкциялы машиналарды жасауға мүмкіндік берді.