Саба? жоспары а?ылшын тілінен Whats your name? (1 сынып)


Пәні: Ағылшын тілі
Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Unit 1. Lesson 2. What’s your name? Сенің атың кім?
Сабақтың мақсаты:«What’s your name?» сұрағын қоюды үйрету. Оқушылардың ағылшын тілінің [θ], [w] ерекше дыбыстарымен таныстыру. 1 – ден 5 – ке дейін сан есімдерін үйрену
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: фонетикалық ойын – жаттығу арқылы фонетикалық дағдылар мен білімді дамыту, «What’s your name? My name is Kate. Good morning children» сөйлемдерін меңгеру және сөйлеу тілдерінде қолдана білу; қарапайым сыпайы сауал – диалог жүргізу дағдысы. 1-5 сандарын енгізу;
Тұлғалық: Оқушының ағылшын тілін тіліне қызығушылығын дамыту, зейіні мен жадын дамыту; өзге адамдарды құрметтеуге және сыпайы болуға үйрену.
Жүйелік – әрекеттік:«What’s your name?» сұрағына дұрыс реплика қайтара білу және дұрыс сұрақ қоя білу, ағылшын тілінде 1 – ден 5-ке дейін санауды үйрену.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметін ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, сандар бейнеленген флэш – карталар.
Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка («We say hello» әнін орындау), математика (1 – ден 5 – ке дейін санау).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Сәлемдесу:
Мұғалім: Hello children! I’m (мұғалім өзін таныстырады). Мұғалім ишарат жасап, балаларды орындарына отыруға шақырады. Sit down, please.
ІІ Тірек білімді белсенділеу.
Фонетикалық ойын - жаттығу
Балалар, бүгін біз тағы да Mr.Wise Crow келді. Онымен амандасайық: Hello Mr.Wise Crow! Оың халі қалай екен: How are you, Mr.Wise Crow!
Мұғалім дауысын сәл өзгертіп, Қарғаның орнына жауап береді: I’m fine, thank you, children!
ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Балалар (children), бүгін біз: «Атың кім?» - «What’s your name?» сұрақтарын қоюды және оларға жауап беруді үйренеміз: “My name is….” Ағылшын тілінде 1 – ден 5 – ке дейін санауды үйренеміз.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Мұғалім өзі «What’s your name?» деген сұрақты қойып және оған жауап береді: “My name is….”.
Мұғалім оқушылардың назарын ағылшын тіліндегі [w] ерекше дыбысының дұрыс артикуляциясына аударады.
Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу.
Look, listen and repeat.
Track 4
Teacher: hello, children
What’s your name?
Alibek: My name is Alibek.
Anar: My name is Anar1 – жаттығу.Listen and sing
Балалармен бірге ән тыңдаңыз. Балалар фразаларды дұрыс естіп, қайталай алуы үшін әр жолды бәсең қарқынмен айтыңыз.
4 – жаттығу. listen and learn.
Оқушыларды 1 – ден 5 – ке дейін сандармен таныстыру. Мұғалім оқушыларға 1 – ден 5 – ке дейін сандарды көрсетіп, ағылшын тілінде атауларымен таныстырады.
Сергіту сәті:
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Turn around. Step aside,
Step left! Step right!
Дәптермен жұмыс
Жұмыс дәптерінде берілген материалды бекітуге арналған жаттығулар беріледі.
1 – жаттығу: Find and tick.
Бұл жаттығу балалар бірінші сабақта танысқан лексикалық бірліктерді қайталайды. Балалар ер баланы, қызды және мұғалімді тауып, тиісті төртбұрышты қанатша белгісін қоюға тиіс.
2 – жаттығу: count and trace over the number
V. Сабақты қорытындылау.
•Сендердің әрқайсысың не үйрендіңдер? Бүгін үйге барғанда ата – аналарыңа достарыңа сендер не айта аласыңдар? Бүгінгі сабақ үшін кімді мақтай аласыңдар?
Ата – аналарға арналған тапсырма: 1 – ден 5 – ке дейін сандар белгіленген карточкалар дайындау.