План урока по познанию мира «?сімдіктер д?ниесі адам ?ам?орлы?ына м??таж»


Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3 «Қ»Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж».Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге қамқорлық жасау, қорғау жайлы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:Білімділік: Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл - ойын дамытуТәрбиелік: Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, Қазақстанның қызыл кітабының суреті, плакат, семантикалық карта, гүлдер, карточкаларСабақтың түрі: Таным сабақПәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану пәні. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен амандасу, өзімді таныстыру, түгендеу;
ә) сабаққа даярлығын тексеру;
б) ауа райы кестесі, қорытынды.
Психологиялық дайындық:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
8 оқушыға таратпа тарату, 2-3 оқушыдан ауызша сабақ сұрау.
№1.
Аты-жөні: ________________________________

1.Өсімдік топтарын анықта.- Ұқсастығы:- Айырмашылығын тап.
Жауабы:2. Өсімдік өсу үшін не қажет?
Жауабы:
№2.
Аты-жөні: ________________________________

Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Жауабы:2. Өсімдіктің тіршілік ортасын ата.
Жауабы:
№3.
Аты-жөні: __________________________________

1.Тіршілік ету мерзіміне байланысты анықтама бер, мысал келтір.
Біржылдық –
Екіжылдық –
Көпжылдық –
2.Суыққа төзімді өсімдіктер сипаттама бер.
Жауабы:

Жауаптары:
№1.
1)Өсімдік топтары

Ағаштар бұталар шөптер су өсімдіктері
Ұқсастығы: өсімдік тобы;
Айырмашылығы: сабағы – жуан, жіңішке, қатты, жұмсақ,біреу, көп; жапырағы – жалпақ, қылқанды. Гүлдері түрлі түсті болып келеді.
2) Өсімдік өсу үшін ауа, жылу, ылғал, жарық, қорек қажет.

№2.
1) Белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.(әр топтағы өсімдіктерді атау)
2) Өсімдіктер далада, тауда, шалғында, суда өседі.№3.
1) Өсімдіктер

біржылдық екіжылдық көпжылдық
бидай, күнбағыс, пияз,орамжапырақ емен, қайың,
қызанақ сарықараған
2) Бидай, сұлы, арпа сияқты өсімдіктер суыққа төзімді болады. Олардың тұқымдарын топыраққа ерте көктемде себеді. Көкөніс өсімдіктерінен сарымсақ, сәбіз, пияз, шалқан да суыққа төзімді келеді.
1. Аты-жөні: _____________________________
Өсімдік түрлері Біржылдық өсімдіктер Екіжылдық өсімдіктер Көпжылдық өсімдіктер
емен қызанақ сарықараған орамжапырақ бидай №2. Аты-жөні: ____________________________
Өсімдік түрлері Біржылдық өсімдіктер Екіжылдық өсімдіктер Көпжылдық өсімдіктер
пияз қызанақ күнбағыс сарықараған бидай №3. Аты-жөні: ____________________________
Өсімдік түрлері Біржылдық өсімдіктер Екіжылдық өсімдіктер Көпжылдық өсімдіктер
пияз қызанақ күнбағыс орамжапырақ қайың №4. Аты-жөні: ____________________________
Өсімдік түрлері Біржылдық өсімдіктер Екіжылдық өсімдіктер Көпжылдық өсімдіктер
пияз емен күнбағыс орамжапырақ бидай № 5. Аты-жөні: ____________________________
Өсімдік түрлері Біржылдық өсімдіктер Екіжылдық өсімдіктер Көпжылдық өсімдіктер
пияз қызанақ күнбағыс орамжапырақ бидай ІІІ. Жаңа сабақ
(ребус арқылы ашу)
Бүгін сабақта біз адамның табиғатқа іс-әрекетімен танысамыз.Сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж».Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазайық.Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%- зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өсімдіктер әлемін сақтау, шаруашылық мақсат үшін кесілген ағаштардың орнына жас тал отырғызу, көшелерді, үй маңын көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің суретін көрсету.

Ақжапырақ Таушымылдық
Жыл сайын көктем мезгілінде Қытай елі ағаш егу мерекесін атап өтеді. «Ағаш отырғызу күні» деп 12 наурыз аталып өтіледі.
Бұл шешім талқыланған кезде 11 жастан 60 жасқа дейінгі әрбір дені сау, ақыл-есі дұрыс азамат бір жылда бес ағаш егіп, олардың өсіп кетуіне ықпал ету тиіс деген талаптар қарастырылды. Егер де белгілі бір себептерге байланысты ағаш егу мүмкіндігі болмаса, ол өзге ағаштарды суару, әктеу, жан-жағындағы арам шөптерін жұлу, қопсыту сияқты жұмыстарға ат салысуға міндетті.
5 сәуір, Оңтүстік Кореяда ағаш егу күні. Бұл күні Оңтүстік Корея халқы өз аудандарын көгалдандыру жұмыстарына ат салысып, таулы аймақтарда ағаш отырғызады.
«Ағаш егу әр азаматтың басты парыздарының бірі» деп санайтын корей халқы бұл мерекелерді асыға күтеді. Жыл сайын жаңа көшеттер отырғызылып, ормандағы ағаштар тазартылады. Сондай-ақ, бұл күн егістікті бастауға,астық отырғызуға ыңғайлы деп саналады. 
Ағаш отырғызу шарасы Америка, Украина, Оңтүстік Корея, Алжир, Мысыр, Жапония, Бразилия, Германия, Португалия, Бельгия, Италия елдерінде жыл сайын өткізіліп тұрады. Біздің елде де ағаш отырғызу дәстүрге айналып келеді.
Біздің елімізде ағаш отырғызу, қаоршаған ортаны тазалау іс-шаралары өткізілуде. Оған дәлел, «Жасыл ел» бағдарламасы іске асуда.

Өсімдіктің маңызы қандай? (ойқозғау)Оқушылардан күтілетін жауап:- таза ауа- баспана- қорек- тағам- жиһаз- дәрі - дәрмек- демалыс орны
IV.Сергіту (қимылмен)Тербеледі ағаштарАлдымнан жел еседіҚызыл - жасыл гүлдеріКөздің жауын аладыҮзіп - жұлмай бекергеАялайық біз оны!
Жағдаят:
1.Сен орманда серуендеп жүрсің. Бір әдемі ерекше гүлді көрдің. Оның айналасында дәл сол сияқты гүлдер өсіп тұрған жоқ. Сенің әрекетің?
2.Сынып бөлмесінде гүлдердің біреуі жерге құлап кетіп, гүлдің сауыты шағылды. Гүл жерде жатыр. Жанынан Айнұр көре тұра өтіп кетті. Айман жерде гүлдің жатқанын көріп мұғаліміне хабарлады. Қалай ойлайсың кімнің ісі дұрыс? Оның орнында болсаң не істер едің?
3.Сен сіңілінмен орталық саябақта қыдырып жүрсің. Жаз мезгілі. Сіңілің әдемі өсіп тұрған гүлді жұлып алды. Сенің әрекетің?
Табиғатта оқушылардың жүріп-тұру ережелері:
1.Табиғи жағдайда гүл шоғын жасауға арнап гүлдерді жұлуға болмайды. Гүл шоғын тек қана қолдан өсірген гүлдерден жасауға болады.
2.Дәрілік өсімдіктерді жинағанда олардың бірнешеуін міндетті түрде қалдыру керек.
3. Орманда өсімдіктерді таптамау үшін мүмкіндігінше арнайы соқпақ жолдармен жүру керек.
4. Орман ішінде от жағуға тыйым салынған. Оның жалынынан көптеген жәндіктер өліп қалуы мүмкін және де өрт шығу қаупі төнеді. Отты тек қана арнайы жерде жағып, кетеріңде сөндіріп кетулерің керек.
5.Табиғатта қатты сөйлеуге болмайды.Тыйым салынады!- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.- Отты көрсең сөндір!- Қалдық заттарды тастама!- Ластауға болмайды.- Табиғатты тиімді пайдалану керек!Бір тал ексең, он тал ек. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»Пайдалы және улы өсімдіктер, маңызы. Қазақ жерінің осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік түрі бар.Өсімдіктер пайдалы және улы болып келеді. Емдік қасиеті бар өсімдіктерге шырғанақ жатады. Оны ыстық - суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.Шетен - Оның жемісін бауыр, бүйрекке іш жүргізуге пайдаланады. Арша – қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Ащы мия - асқазан ауруы, түрлі жараларға қолданады. Улы дәрі. Абайлап қолдану керек.Өсімдік әлемін сақта!Тиімді пайдалан!Улы өсімдіктен сақтан!
V.Қорытындылау.Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Парақтар таратылады, сурет салады.- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.
VI. Бағалау
Белгіше бойынша бағалау.
VII.Үйге тапсырма: 128 - 129 бет әңгімелеу, сурет салу.
Өсімдіктің маңызы қандай? (ойқозғау)