1500 метр ?ашы?ты??а ж?гіру ашы? саба? 8-9 сынып


Сабақтың тақырыбы: 1500 м қашықтыққа жүгіру.
Мақсаты:
Сауықтыру: оқушылардың жас мөлшеріне қарай дененің мумкіндіктері мен жұмысқа қабілеттілігінің деңгейін қамту. Жалпы төзімділігін үйрету, дамыту;
Білімдік: қозғалыстың берілген өлшемдеріне сәйкес күшті сапалы турде реттей білуді қажет ететін жаттығутехникаларын менгеру есебінен қозғалыс тәжірибесін молайту. Мәреге жету күшін дамыту;
Тәрбиелік: денені үйлесімді қалыптастырумен бірге оқушыларды адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Керекті құралдар: ысқырық, секундомер.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе бөлімі: 8 -10 минут.
Сапқа тұрғызу. Тугендеу. Дене жаттығуларын жасату. Арнайы аяққа жаттығулар. Бір орында жасалатын жаттығулар тоқтамасы. Отырып-тұру – 30 рет. Секірпемен секірулер – 20 рет.
1. Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу ( 7 - 8 рет).
2. Аяқты қатар қойып, турған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу ( әр жаққа 4-5 рет-тен ).
3. Аяққа алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу ( әр жаққа 4-5 рет-тен ).
2. Негізгі бөлім 8 – 10 минут.
1. “Спорт падишасы” атанған жеңіл атлетиканың бір тарауы – кросс. Кросспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін, болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерекше күшті дамытады. 1500 метрге жүгіру. Жоғары сөреден жүгірген кезде жүгірушінің кеудесі сәл еңкейіп немесе қатты еңкейіп және ілгері шыққан қалып болады. Сілтенетін аяқ серпілетін аяқтан кейін тұрады. Жүгірушілердің көпшілігі әдетте толықтай табанмен жүгіреді – бір қалып жүгіруге дағдылана білген жөн, тізені жоғары көтеріп жүгіру керек. Жүгіру техникасын дұрыс орындай білу керек: шынтақтан бүгілген қол бостау болу керек, кеуде ілгері шығады, екі қол кезекпен-кезек ілгері қарқынды түрде қозғалады. Жүгіру ырғағы жүгіру қадамына сәйкес болады. Саусақтар бос бүгіледі.
Жүгіру кезінде қадамды ұзарту және жиілету үшін бұлшық еттер шыныққан күшті болуы керек. Осындай қимылмен жугірген балалар жақсы жүгіретін болады. 1500 м қашықтыққа жүгіру – ұзақ қашықтыққа жүгіру болу есептеледі. Мұнда дұрыс тыныс ала білу керек.
3. Қорытынды бөлімі: 8 – 10 минут.
Сапқа тұру, дем алуды қалыпқа келтіру, журналға баға қою.
Үй тапсырмасы: 300-500 метр жүгіру.