Коучинг на тему М??алімдерді? о?ыту ж?не о?у т?жірибесіне ?згеріс енгізу ?дерісін ба?алау


№1 сабақ
Күні: 5.07.2016 Сабақтың тақырыбы: Мұғалімдердің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалау
Жалпы мақсаты: ● Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының бір тақырыбы бойынша есеп түрінде рефлексия жасайды (білу және түсіну, қолдану және ойтолғау).
● Рефлексиялық есепті өзі бағалауға және өзара бағалауға жаттығады.
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер төмендегі мәселелер бойынша:
● Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша оқу кезіндегі өз тәжірибелеріне талдау жасап, ойларын жинақтайды.
● Өздерінің рефлексиялық ойларын үш критерий бойынша бағалайды.
● Рефлексиялық есептерінің соңғы нұсқасын әзірлейді.
● Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу нәтижелері бойынша бағалау жүргізу және қорытынды шығару дағдыларын қалыптастырады.
САБАҚ БАРЫСЫ
Кезеңдері Оқу іс-әрекеті Мұғалім іс - әрекеті Ресурс
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесімен таныстыру5 минут Тақырыбы: Мұғалімдердің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалау
Мақсаты:
● Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының бір тақырыбы бойынша есеп түрінде рефлексия жасайды (білу және түсіну, қолдану және ойтолғау).
● Рефлексиялық есепті өзі бағалауға және өзара бағалауға жаттығады.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер төмендегі мәселелер бойынша:
● Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша оқу кезіндегі өз тәжірибелеріне талдау жасап, ойларын жинақтайды.
● Өздерінің рефлексиялық ойларын үш критерий бойынша бағалайды.
● Рефлексиялық есептерінің соңғы нұсқасын әзірлейді.
● Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу нәтижелері бойынша бағалау жүргізу және қорытынды шығару дағдыларын қалыптастырады. - Слайд
Топқа бөлу
2 минут «Витаминдер»
Мұғалімдер ұсынылған суреттерден біреуін таңдап алады. Мұғалімдер қолындағы жеміс суреттері бойынша өзара бір топқа жинақталады. Жеміс суреттері
Топ ережесін бекіту
Жүйелеу
3 минут Топта жұмысты бастамас бұрын біз топ ережесін бекітіп аламыз. Назар аударсаңыздар интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі. Сол бойынша қазір біз бірінші топ ережесін шығарып алайық. Слайдта көрсетілген суреттер бойынша мұғалімдер ойларын айтады. Бірлесе отырып топ ережесі шығарылып, кабинет бұрышына ілініп қойылады.
Слайд
Суреттер
Сыни ойлау
15 минут «Видеокөрсетілім бойынша сыни көзқарастар» стратегиясы
Мақсаты: Мұғалімдерге дивергентті ойлаудың тиімділігін көрсету арқылы сыни ойлаудың маңыздылығын үйрету
(Сыни ойлауға және бағалауға бағытталған видеокөрсетілім немесе сурет) Сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі Видеокөрсетілім
Сурет
Веер стратегиясы
Жетелеуші сұрақ
Еске түсіру
Жүйелеу
20 минут «Оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалау» туралы білетіндерін еске түсіру:
Веер стратегиясын қолданамыз.
«Оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалау» тақырыбы төңірегінде өз білетініңді қысқаша көрсет.
Сіз сол үдеріске дайынсыз ба?
Желпеуіш жасап, желпеуіш беттеріне осы сауал төңірегінде өз жауаптарыңызды жазып шығасыздар. Көлемді де әдемі жасалған желпеуішке жұлдыз беріледі. Топтарда талқылап, Желпеуіш жасап, білетін әдістеріне қарай Веер бөліктерін көбейте береді
Жұлдыз
Топтық тапсырма
Критерийлер құру15 минут Мақсаты: Критерий бойынша бағалаудың маңыздылығы мен сенімділігіне мұғалімдердің көзін жеткізу;
Әрбір шағын топқа өз әріптестерінің өткізетін ықшамдалған сабағын бағалауда басшылыққа алатын критерийлерді бірлесе құру тапсырылады.
Әрбір шағын топ бір критерийден ұсынады. Барлығы өз ойларын айтқан соң, тренер өз ұсыныстарын ортаға салуы мүмкін.
Мысалы:
Тақырыптың өзектілігі;
Мақсаттың СМАРТ мақсатқа сәйкестігі;
Табыс критерийлерінің өлшеуге сәйкес болуы;
Қолданылған әдіс-тәсілдердің тақырыпқа сай болуы;
Қалыптастырушы бағалау әдістерінің көрініс табуы;
Коучтің сұрақтар қоя білу шеберлігі;
Кері байланыстың орын алуы;
Рефлексияның орын алуы; Критерийлерді топпен бірге талқылау, таныстыру Слайд
Сергіту сәті
Жүйелеу
Сәйкестендіру
10 минут Жұптық жұмыс
Біз енді сергіту жұмысын жүргізейік ол үшін ортаға әр топтан бір мұғалім шығады. Сіздер өзара жұптасып 2 жұп болыңыздар.
Ойын шартымен таныстырылады.
Сурет салынып. Екеуінің суреттері салыстырылады, бағаланады. Суреттері сәйкес келген топ марапатталады. Бір - біріне арқасын беріп отырып
1 - ші жұп сурет салады. Салған суретін 2- ші жұпқа геометриялық фигуралар арқылы айтып отырады.
2 - ші жұп естуі бойынша суретті салып шығады.
Сәтті шыққан топ бағаланады Смайлик
Кесте толтыру
10 минут «Мұғалімдердің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалау»
Мақсаты: Тыңдаушылардан төмендегі сауалдар бойынша үлестірме кесте арқылы жауаптар алынады. Жауаптарға талдау жүргізіледі.
Оқу үдерісін бағалау керек пе?
Сіз сабақта нені бағалайсыз?
Сіз сабақта бағалаудың қандай түрін қолданасыз?
Әр бала сабақ сайын бағалана ма? Үлестірме кестеге сауалдар бойынша пікірлерін жазады Үлестірме кесте
Кері байланыс
10 минут
Мақсаты: Мұғалімдердің өткізген ықшам сабақтары барысында орындаған жұмыстары мен әріптестерінен алған білімдерін ортаға салу арқылы, нені білді, не үйренді, оған не ықпал еткенін анықтау арқылы, өздерінің қол жеткізген жетістіктерін ортаға салу;
● Курс барысында өткізілген ықшам сабақтар туралы ұсыныс, пікірлеріңізді стикерге жазып, «Білім ағашына» ілулеріңізді сұраймын.

Барлық топ тыңдаушылары «Білім ағашына» төмендегі 3 мәселе бойынша ойларын жазып, іледі.
«3» - Өткізілген тренинг барысында өзіне ұнаған 3 әдіс немесе 3 стратегияны атаңыз Неліктен бұл әдістер Сізге ұнады?
«2» - Өткізілген тренинг барысында өзіне ұнаған 2 сұрақты есіңе түсіріңіз;
«1» - Өткізілген тренингтер барысында өзінің оқуы мен үйренуіне көбірек көмегі тиген 1 әріптесіңізді атаңыз.
«Білім ағашы»
3/2/1 стратегиясымен
бағалау Бағалау кезеңі
Бүгінгі сабаққа мұғалімдер «Смайликтер» әдісі бойынша бағалау жасайды
Рефлексия «Мен үшін бүгін...құнды болды, себебі....»