Р?міздерім — ма?танышым (т?рбие са?аты) 6 сынып


Тәрбие сағатының тақырыбы: Рәміздерім - мақтанышым
Мақсаты:
Білімділік: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, халқының тегін білуге
үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына,
халықына адал қызмет етуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Елінің туын, Елтаңбасын, Әнұраның қастерлеп,
бағалау қажеттігін айту;
Сабақтың әдісі: ой – пікір,әңгіме түрінде
Көрнекіліктер: Қ.Р. рәміздері, Тәуелсіздік күніне байланысты газет,
сурет көрмесі
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ел тарихынан шағын түсінік (оқушылар ойы)
Қ.Р. Әнұраны айтылады
I. Кіріспе
Мұғалім: “Елім менің аңсаған, тас бұғаудан босаған” қоғамда өмір сүруші әрбір адам тәлім – тәрбиесіз, өнер – білімсіз, еңбексіз өмір сүре алмайды. Сондықтан ана сүтімен, әкенің ыстық ықыласымен, ұстаздың ұлағатымен балалық шақтан өмірді таныта тәрбиелеуге мүмкіндік беретін қарым – қатынас құралы – тіл.Осы тіл арқылы баланың әлемді танып білу, ойлау, сөйлеу қабілеті жетіліп, сөздік қоры молая бастайды.....
II. Негізгі бөлім
1 – оқушы: XVIII – XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды,көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады.Ұлан ғайыр даламыз империя меншігіне айналды.
XX ғасыр 1916 ж маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшырады, қаншасы өз жерінде қырғын көрді.
2 –оқушы: Тіршіліктің асылы мен жасығын таразылайтын тарихқа зер салсақ, XX ғ біздің халқымызға сыйлаған ғаламат оқиғасы – мемлекеттің тәуелсіздігі.
Жалғанның, жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері
Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,
Болғандай бірі батыр, бірі сері
3 – оқушы; Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар болмаған деп Әнұран
4- оқушы: Гректің “гимн” сөзі қазақша “ұран”,”ұран салу” деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбіп ру тайпасының таңба белгілері, жалаумен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер – жердегі сарбаздары жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
5 –оқушы: Қ.Р. Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
6 –оқушы: Иә, бәрі болған қараң сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік өнерде
Жапандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді “Ту болмады ” дегенге?
Сондай бір қиын – қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би Ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан Үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатақан.
7 – оқушы: Бас білгізіп жер тарпыған тарлаңға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба
8 – оқушы: 1992 ж 4 маусым – тарихи күн. Сол кезде Республика жоғары Кеңесі тәуелсіз Қ.Р. мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 ж маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
9 – оқушы: Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырын
Босаға қалып кеткен Елтаңбам,
Балағына төрге кеп ілінді.
10- оқушы: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Барлығы: Тәуелсіздік Туын ұстап, мемлекетіміздің рәміздерін әрқашан мақтан ете білейік.
Менің Қазақстаным әні
III. Қорытынды:
Мұғалім: Қазақстан XIX ғ нық қадам жасап, игілікті жаңғырулар жолында едәуір ілгері басты. Бүгінгі таңда бүкіл халықтың, барша жұртшылықтың, және ел басшысының ой – ниеті тұрақтылықты, азаматтық, дінаралық және ұлтаралық татулықты сақтауға, экономикалық өрлеуге жемісті ынтымақтастыққа бағытталып отыр.Сондықтан елдің болашағы да өркені де бүгінгі жас ұрпақ сіздің қолдарыңызда ”Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар”демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.