Сынып са?аты А?тауым мені? а? маржан ?алам


Сабақтың тақырыбы: Ақтауым менің- ақ маржан қаламСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға Ақтау қаласы туралы тереңірек түсінік бере отырып, бала бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, азамат қалыптастыру.2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;Сабақтың жүрісі:- Балалар алдарындағы О, А, Н, Т әріптерінен сөздер құрастырып Отан сөзіне тоқталу. Қазақстан, Отан, туралы ой - пікір. Ой қозғау стратегиясы«Отан» деген сөз мағынасын ашу, балалар өз ойларын білдіреді.Балалар жауабын қорытындылау1-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекен -Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқОл бірақ, өз үйіңнен басталады..2-оқушы: Отан деген – атамекенОтан деген – туған жер.Отан – ана, Отан – үлкенҚазақстан – туған елОтан, туған жер туралы мақал - мәтелдерді құрастыру, мағынасын ашу. - Ал енді балалар өзіміздің туған жеріміз, мекеніміз туралы не айта аламыз?Мен Ақтауда туылдым. Менің туған жерім - МаңғыстауЖұмақ мекен туған жерім - Маңғаз Маңғыстау, Ақ маржан қала Ақтау! Туған жерің бәрінен де ыстық. Тулаған теңізін айтсаңшы!!! Нағыз кереметтің өзі!Ақтау туралы мәлімет беру.
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.
1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған болатын.
Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі.
Қалада теміржол вокзалы жоқ. Поездар Маңғышылақ станциясына келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында №105 автобусы мен таксилер қатынайды, автобустардың бағасы 35 теңге, таксилердің бағасы шамамен 200 теңге, ара қашықтығы – 20 км.
Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.
Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность т.т.) бар.
Климаты – шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді, орташа температурасы: қаңтарда −4 °C (минус 15 градус температура мен күшті жел кезінде мектептегі сабақтар тоқтатылатын), шілдеде +30 °C. Жазда ауа температурасы +45 °C (түнде плюс 38) дейін жетеді. Жердің беті күн түскен кезде +70° дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен келетін қатты минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи ауыз су көзі жоқ.
Қазақтардан басқа көптеген этнос өкілдері де тұрады. Ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндар. С. Адайдың Маңғыстау туралы өлеңінен үзінді оқылады:
Көк күмбез зерен - аспаның,Көгілдір мәрмәр тастарыңКөңілде жүрген дастаным,Маңғыстау – Жұмақ мекенім,Маңғыстау - мәңгі дастаным.- Балалар тағы да өлкемізге еңбегі сіңген атақты адамдарды білеміз бе?• Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.Әбіш Кекілбаев аудармашы, қоғам қайраткері.Еліміз сүйікті ұлын орынды мақтан етеді. Ол Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.Маңғыстауым! Туған өлкем сен едің,Өз елімде еркін өсіп келемінАта - баба аманатын арқалапТуған жерді көркейтсем мен деп едім!
Қорытындылау.