Сценарий утренника Ыз?арлы желто?сан


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған сценарий
(«Алға, Қазақстан» әуені ойнайды) Ортаға жүргізуші шығады.
І жүргізуші ( Лаурят)
Кеш жарық, құрметті қонақтар, аталар мен әжелер және балалар!
Сіздердің алдарыңызда ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламамен «Ақбота» және «Күншуақ» ересектер тобының балалары
2 жүргізуші:қобыз ойнайды( Ақмарал)
Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық.
Қазақ халқы өз басынан сан оқиғаларды кешірді. Қаншама кезеңді басымыздан өткіздік. Бірақ тұтас халық ретінде бет-бейнемізді жоғалтқан жоқпыз.
Қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. «Желтоқсан желі» видеосын бірге тамашалайық
«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ» ВИДИО-СЛАЙД
(жауапты Сулейманова А.Ж)
«ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ» КӨРІНІС
(жауапты Укубаева.Б.)
1 жүргізуші ( Лаурят)
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер ...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көп пен бел,
Бұл жер, қалақам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер ...
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім бүркей алмас оны да еске сала өт.
Желтоқсан құрбандарын еске алып тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз (сағаттың дауысы естіліп тұрады 1 минут)
ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ
(1 минут үнсіздік жариялау)
КӨРІНІС «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ»
«Көңіл ашар» күй әуеніне
«Сүйінші!Сүйінші! Тәуелсіздікке 25жыл болды Алақай!»
залға ойыншық ат мінген екі ұл кіреді де, шеңбер бойы атшабысын салып айналып өтеді.Ізінше қазақ ұлттық киімдерін киген ата -әжелер,қыз келіншектер кіреді.
«Айналайын келе ғой сүйіншіңді ала ғой!Бақытты бол айналайын!»
«Тойларың құтты болсын!»
«Көптен күткен күн туды!»
«Тәуелсіздік ұстем болсын!»
«Халқымыздың мерейі арта берсі!н»
«Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын,ағайын!»
«Елбасымыз аман болсын!» деп бір бірімен көрісіп,құшақтасады
2 Жүргізуші:( Ақмарал)
«Қош келдіңіздер,төрлетіңіздер бізбен бірге той тойлаңыздар..»(келген қонақтар төрге отырып әңгіме айтады)
1Ақсақал (Анар ):
«Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа мойындату үшін біздің президент Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді – Қазақстанды әлемге танытты, Семей ядролық сынақ полигонын тоқтатты, Алаш жұртының астанасын Арқа төсіне әкеліп, ұлттық тұтастығымызды нығайтты.Ия... солай.»
2 Ақсақал: (Айнагүл)
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
(Әжелер мен қыз келіншектер ақсақалдың сөзін мақұлдайды,
бастарын изейді)
Жүргізуші: ( Лаурят) «Дұрыс айтасыздар ақсақалдар. Олай болса жастар орындауында «Достық» әнін қабыл алыңыздар!»
«ДОСТЫҚ ӘНІ» орындалады
«Ақбота» тобы (барлығы)
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Шыршадай жасыл жайқалып,
Көңіл-күйді ашамыз.
Нұрын төккен әлемге,
Күн боп шуақ шашамыз.
Ақ қайыңдай тербеліп,
Мөлдір судай ағамыз.
Қыран құстай самғаймыз,
Таудай биік боламыз
«БҮРКІТ БИІ»(Оңалбай Алинұр,Рахым Алинур)
«АТАМЕКЕН» әні (Хор)
Жүргізуші:
«Тамаша,ал енді қариялар жас ұрпақтын білек күштерін сынасақ қайтеді?...»
(ойын шартымен таныстыру,ойынға басшылық ету)
қазақ ұлттық ойындардан көрініс
Ұлттық ойын «Білек күш сынасу»
«Қамажай» биі (Күншуақ тобы)
«Желбірейді жалауым» әні (Күншуақ тобы)
Тақпақтар топтамасы («Күншуақ тобы» )
Жүргізуші: ( Лаурят)
«Бүгінгі ұлы тойымызға басқа ұлт өкілдері келіп тұр екен,өздерімен би шашуын ала келіпті...»
«Халықтар достығы» би
Әр ұлт өкілінің билерінен үзінді
Орыс биі (Исатаева Адия,Нұрзат)
Кавказ биі (Көркемжан,Аяжан)
Өзбек биі (Темірлан,Еңілік)
Үнді биі («Күншуақ» тобы)
Украин биі («Күншуақ» тобы)
«Отан» әні (Күншуақ тобы)
1Жүргізуші (Лаурят)
Беріспей батыр бабам армандаған,
Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман.
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Әлдиле, байтақ елім, орман-далам!
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын Заңың құтты болсын қымбатты,
Туған күнің құтты болсын алыбым!
2 Жүргізуші (Ақмарал)
Ақсақалды аталар,
Салиқалы апалар.
Алса егер балалар,
Қабыл болар баталар!
деп сіздерден бата күтеміз...
1Ақсақал:(Анар)
« Уа,құдайым оңдасын!
Жаманшылық болмасын
Ару ана қолдасын
Балғын шақтың ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен туы қазақтың
Күнге сәлем жолдасын.
Тәуелсізді мәңгі ел
Нұрлы жолдан таймасын
Әумиін!»
(Сахнаға концерттік бағдарламаға қатысушылар шығады)
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады,мерекелік хлопушалар,жалаушалар шарлар қолданылады.
Екі жүргізуші бірлесіп:
«Тәуелсіздік мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Келесі кездескенше сау болыңыздар!»
СОҢЫ.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған сценарий
(«Алға, Қазақстан» әуені ойнайды) Ортаға жүргізуші шығады.
жүргізуші ( Лаурят)
Кеш жарық, құрметті қонақтар, аталар мен әжелер және балалар!
Сіздердің алдарыңызда ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламамен «Ақбота» және «Күншуақ» ересектер тобының балалары
жүргізуші: (қобыз ойнайды)
Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық.
Қазақ халқы өз басынан сан оқиғаларды кешірді. Қаншама кезеңді басымыздан өткіздік. Бірақ тұтас халық ретінде бет-бейнемізді жоғалтқан жоқпыз.
Қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. «Желтоқсан желі» видеосын бірге көрейік...
«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ» ВИДИО-СЛАЙД
(Лаурят қосады видионы)
«ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ» КӨРІНІС
(қар басып келе жатқан адамның дыбысы,алаңдағы айқай-шудың дауысы қосылады,)
жүргізуші ( фон: мұңлы музыка немесе «желтоқсан желі»әні)
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер ...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көп пен бел,
Бұл жер, қалақам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер ...
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім бүркей алмас оны да еске сала өт.
Желтоқсан құрбандарын еске алып тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз
ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ
« 1 минут үнсіздік жариялаймыз»
(сағаттың дауысы естіліп тұрады 1 минут)
КӨРІНІС «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ»
«Көңіл ашар» күй әуеніне
(Оңалбай Алинұр мен Нұрислам)
«Алақай!Сүйінші!Сүйінші!Той басталды ,той! Алақай!
Тәуелсіздікке 25жыл болды !»
(залға ойыншық ат мінген екі ұл кіреді де, шеңбер бойы атшабысын салып айналып өтеді.Ізінше қазақ ұлттық киімдерін киген ата -әжелер,қыз келіншектер кіреді.)
(Әже ,қыз келіншектер)
«Айналайын келе ғой сүйіншіңді ала ғой!Бақытты бол айналайын!»
«Тойларың құтты болсын!»
«Көптен күткен күн туды!»
«Тәуелсіздік ұстем болсын!»
«Халқымыздың мерейі арта берсі!н»
«Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын,ағайын!»
«Елбасымыз аман болсын!» деп бір бірімен көрісіп,құшақтасады
Жүргізуші:
«Қош келдіңіздер,төрлетіңіздер бізбен бірге той тойлаңыздар..»(келген қонақтар төрге отырып әңгіме айтады)
1Ақсақал (Анар ):
«Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа мойындату үшін біздің президент Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді – Қазақстанды әлемге танытты, Семей ядролық сынақ полигонын тоқтатты, Алаш жұртының астанасын Арқа төсіне әкеліп, ұлттық тұтастығымызды нығайтты.Ия... солай.»
2 Ақсақал: (Айнагүл)
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!»
(Әжелер мен қыз келіншектер ақсақалдың сөзін мақұлдайды,
бастарын изейді)
Әже: «Дұрыс айтасыздар ақсақалдар,бәрімен келісем...
Осы жастар емес пе желтоқсанның ызғарында қасқайып тұрып ұлт намысын қорғаған,өз өмірлерін тәуелсіздік үшін азат еткен... Қайрат,Ербол,Сабира,Ляззат атты жастарымыздың даңқы өшпестей болып тарихқа жазылды.Біз оларды үлгі тұтамыз,мақтан етеміз және ешқашанда ұмытпаймыз....Бұл ақиқат.
Жүргізуші: Олай болса балдырғандардың орындауында «Достық» әнін қабыл алыңыздар!»
«Достық» әні орындалады
«Ақбота» тобы (барлығы)
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Шыршадай жасыл жайқалып,
Көңіл-күйді ашамыз.
Нұрын төккен әлемге,
Күн боп шуақ шашамыз.
Ақ қайыңдай тербеліп,
Мөлдір судай ағамыз.
Қыран құстай самғаймыз,
Таудай биік боламыз
«Бүркіт» биі (Оңалбай Алинұр,Рахым Алинур)
«Атамекен» әні (Хор)
Жүргізуші:
«Тамаша,ал енді қариялар жас ұрпақтын білек күштерін сынасақ қайтеді?...»
(Армангүл ортаға мата төсейді)
БАТЫЛ БАЛАҚАЙ (Көремжан,Алинур,Алинур)
қазақ ұлттық ойындардан көрініс
Ұлттық ойын «Білек күш сынасу»
(ойын шартымен таныстыру,ойынға басшылық ету ,марапттау Армангүлге жүктеледі)
«Қамажай» биі (Күншуақ тобы)
«Желбірейді жалауым» әні (Күншуақ тобы)
Тақпақтар топтамасы («Күншуақ тобы» )
Жүргізуші: ( Лаурят)
«Бүгінгі ұлы тойымызға басқа ұлт өкілдері келіп тұр екен,өздерімен би шашуын ала келіпті...»
«Халықтар достығы» би
Әр ұлт өкілінің билерінен үзінді
Орыс биі (Исатаева Адия,Нұрзат)
Кавказ биі (Көркемжан,Аяжан)
Өзбек биі (Темірлан,Еңілік)
Үнді биі («Күншуақ» тобы)
Украин биі («Күншуақ» тобы)
Жүргізуші (Лаурят)
Беріспей батыр бабам армандаған,
Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман.
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Әлдиле, байтақ елім, орман-далам!
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын Заңың құтты болсын қымбатты,
Туған күнің құтты болсын алыбым!
АДИЯ:
«Казахстан республика моя,
Здесь люди все как одна семья....»
«ОТАН» әні (Күншуақ тобы)
Жүргізуші
Ақсақалды аталар,
Салиқалы апалар.
Алса егер балалар,
Қабыл болар баталар!
деп сіздерден бата күтеміз...
1Ақсақал:(Анар)
« Уа,құдайым оңдасын!
Жаманшылық болмасын
Ару ана қолдасын
Балғын шақтың ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен туы қазақтың
Күнге сәлем жолдасын.
Тәуелсізді мәңгі ел
Нұрлы жолдан таймасын
Әумиін!»
(Сахнаға концерттік бағдарламаға қатысушылар шығады)
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады,мерекелік хлопушалар,жалаушалар шарлар қолданылады.
(хлопушаны Гүлзат пен Бақытқүл атады)
«Тәуелсіздік мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Келесі кездескенше сау болыңыздар!»
СОҢЫ.
«КЕЛІСІМ» күні
Ұлттық Бірлік күніне орай
«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кешінің


Алмаева Жадыра
Кебекбаева ЖанарҚызылорда облысы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицей оқытушылары
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі
болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдерБАРЫСЫ:
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - деп сөзді лицейіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол ағайымызға берейік.Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты», «КСРО-ның 1937-1991 жылдар аралығындағы көші-қон» туралы материалды баяндайды.
ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Исмайлов Темірбек ағай. Ендеше, ағай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

Ұлттық биІІ жүргізуші: Мерекелі құттықтау сөз кезегі ардагер – ұстаз Қабыл Арғын ағайымызға беріледі.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз.
Орыс биі, орындайтын №88 топтың оқушылары
ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов
Сөз кезегін орыс ұлт өкіліне берейік.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, сөз кезегін кешіміздің қонағы Абуд Баймурадовқа беріледі.

Өзбек биін тамашалаңыздар!
І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
ІІ жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін №88 топтың оқушыларын шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілі, қала тұрғыны, ардақты ана Нұрания Валиеваға сөз кезегін береміз.
І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс ұлтының өкілі Ли Людмила Герасимовна апайымызға берейік.
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»
І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.
ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!