Есептеуіш техниканы? даму тарихы (7 сынып)


Сабақтықұружәнежоспарлауүшінмұғалімдергеарналғанжоспарлаубойыншакесте №1
Сыныбы 7а Күні 10.10.12.
СабақтыңтақырыбыЕсептеуіш техниканың даму тарихы
Мақсаты Электронды – есептеуіш машинасының даму буындары туралы түсіну.
Күтілетін нәтижелер ЭЕМ-ның даму тарихын біледі. Түрлерін ажыратады.
Керекті жабдықтар Оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, флипчарт, түрлі-түсті қаламдар.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе Амандасу.
«Бейббидж машинасы »,
«Паскаль машинасы »,
«Холлирит машинасы» арқылы төрт топтарға бөлемін. 2 мин Амандасады.
«Бейббидж машинасы »,
«Паскаль машинасы »,
«Холлирит машинасы» болып 4 топқа топ аттары жазылған парақтарды суыру арқылы бөлінеді.
Тұсаукесер
Әр бір сұраққа жауап беру арқылы «Есептеуіш техникасының даму тарихы» туралы пирамида құрастырады.
“Ақпарат” сөзінің мағынасы?
Адам ақпаратпен не істейді?
Ақпараттық процестер дегеніміз не?
Ақпараттың өлшем бірліктері?
Информатика нені зерттейді?
Компьютер деген не?
Ақпаратты тасымалдайтын құрылғыларға нелер жатады?
Интерфейс дегеніміз не?
Пирамида ашылады. Жаңа сабақтың тақырыбы көрінеді.
Мақсатын анықтау. 5 мин Ойланады ,өз-өзідерін реттейді, талдайды, айтады, қызығушылығы артады, сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақтың тақырыбын біледі.
Мақсатын анықтайды, жорамалдайды, айтады, ойларын салыстырады, зерттейді.
Негізгі бөлім
Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар тақырыпшасы «Бейббидж машинасы» тобына,
Электронды есептеуіш машиналар тақырыпшасы «Паскаль мащинасы» тобына, ЭЕМ-нің даму буындары тақырыпшасы «Холлерит машинасы» тобына бөлініп беріледі.
Балалар оқып, талдап болған соң «Қар үйіндісі» ойыны арқылы хронологиялық картаны толтырады.
ЖылдарОқиғалар
Б.э.д. 3000 жылға ж Қытайда есептеу. Қытайлық есепшот (суан-пан), римдік есепшот (абак), орыс есепшоты
1642 жылыФранцуз математигі Блез Паскальдың бірінші механикалық қосу машинасы
1694 жылыНеміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц ондық жүйеде жұмыс істейтін есептеуіш машинасын құрастырды.
1880 жылыАҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланды.
1833 жылыАғылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.
1940-1955 жжЭЕМ-нің бірінші буынына жатады. ENIAC және басқа ЭЕМ-дер.
1955 жылыЕкінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Олар жартылай өткізгішті транзисторларды падаланды.
1971 жылыАҚШ-тың «Интел» фирмасы өте үлкен интегралдық схеманы - алғашқы микропроцессорды жасады.
1970 жылыҚазіргі кездегі төртінші буындағы ЭЕМ-дер өндіріске енді.
1980 жылыАҚШ-тың ІВМ фирмасы дербес компьютерлер шығару бойынша дүние жүзілік нарықта жетекші фирма болып саналды.
1946 жылыАҚШ-тың Пенсильван университетінде Джон Маугли және Джон Преспер Эккерт бірінші толық электрлік-цифрлық компьютер ENIAC жасады.
1949 жылыАғылшын ғалымы Марис Уилкс бағдарлама сақтайтын EDSAC компьютерін жасап бітірді.
1951 жылыС. А. Лебедевтің басшылығымен Киев қаласында МЭСМ (кіші электрондық есептеу машинасы) жасалды.
1952 – 53 жылдарыБЭСМ-1 компьютердерін пайдалануға енгізілді
1960жылдан бастапМ-220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, Урал-11, Минск-22, Минск-32 т.б шығарыла бастады
Картамен танысып болған соң флипчарттар таратамын. 7 мин
9 мин
9 мин Тегістей белсенді оқиды, мәтінді түсінеді, топпен бірге талдайды, кітаптан ақпарат алады.
Топпен талқылайды.
«Қар үйіндісі» ойыны арқылы кесте толтырады. Ойланады, білгендерін ортаға салады. Топпен бірге жүріп хронологиялық картаны толтырады.
Әр топ өз тақырыбына постер құрады.
Постер құрып болғасын постерді қорғайды.
1 топ – 2 топқа, 2 топ – 3 топқа, 3 топ – 1 топқа 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады.
Қорытынды
Техникалық диктант
Қалдырылған сөзді тауып жаз.
1.Көне есептеу құралы адамның ___ __ болды.
2. Б. э. д. Ү ғасырда Египетте, Грецияда, Римде __ кеңінен тарады.
3. Есептеуіш машинасын құру тарихы француз философы, жазушысы, математигі және физигі _______ атымен байланысты.
4.1694 ж Лейбництің арифметикалық-механикалық машинасыныі идеясымен программалық басқару идеясын біріктіре отырып, «___ __» деп аталатын машина жобасын ұсынды.
5.Беббидж уақыттан озды. Оның машинасымен _ __ мамандығы байланысты болды.
6. 1884 жылы ____ _халық санағын есептеуге арналған перфорациондық-есептеу машинасын құрастырды.
7.АҚШ-та ____1946 ж_______ жылы Джон Моучли мен Джон Эккерттің ___________деген бірінші электрондық компьютер құрастырылды
Критерий арқылы бағалау
Бағалау парақшасы.
Аты –жөні Үй тапсырма сын орындауы Жаңа тарқырып бойынша сабаққа Берілген карточкаларға жауап беруі Қорытынды
Оқушы Көршісі Мұғалім Үйге тапсырмасы:
Қазақстанда компьютердің қандай моделі сұранысқа ие?
Компьютер шығаратын фирмалар туралы мәлімет.
Сіздің ойыңызша мектептерде қай модльді таңдаған дұрыс?
Рефлексия парағы беріледі 8 мин
3 мин
2 мин Компьютерде техникалық диктант жазады. Ойланады, ақылдасады, алған ақаратарын еске түсіреді. Компьютермен жұмыс істейді.
Өз – өздерін бағалайды, бірін – бірі бағалайды. Не үшін қандай баға алғандарынбіліп отырады. Бағалау парағын толтырады.
Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.
Үйден кітаптан қарап, интернеттен қарап үй тапсырмасын орындап келу керек.
Рефлексия парағын толтырады.
Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақты оқушыларды топқа бөлуден бастадым. Оқушылардарға топтардың аты бар парақтар тарату арқылы топтарға бөлдім, есептеуіш машиналардың атымен 3 топқа бөлдім.
Сабақтың тұсаукесер кезінде оқушыларға Әр бір сұраққа жауап беру арқылы «Есептеуіш техникасының даму тарихы» туралы пирамида құрастырады. Жаңа сабақтың тақырыбын көрінеді.Оқушылар тақырыптың мақсатын анықтайды. Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар тақырыпшасы «Бейббидж машинасы» тобына, Электронды есептеуіш машиналар тақырыпшасы «Паскаль мащинасы» тобына, ЭЕМ-нің даму буындары тақырыпшасы «Холлерит машинасы» тобына бөлініп берілді. Оқушылар тегістей белсенді оқыды, мәтінді түсінеді, топпен бірге талдады, кітаптан ақпарат алады.Топпен бірге талқылады.
Балалар оқып, талдап болған соң «Қар үйіндісі» ойыны арқылы хронологиялық картаны толтыруға бердім.Ойланады, білгендерін ортаға салады. Топпен бірге жүріп хронологиялық картаны толтырады.
Картаны толтырып болған соң постер құру барысында оқушылар белсенді жұмыс жасады. Бір – бірінің ойларын толықтырып, жаңа , тың ойларын жеткізіп, өз жұмыстарының жемісті болатынына сенімдері артты.Аяқталысымен әрбір топ постерлерін қорғады. Ол үшін топтан топтың қалауынша оқушылар ортаға шығып, жазған немесе келтірген мәліметтерін ортаға салды. Постерді қорғауға көбіне дарынды оқушылар қатынасты. Мысалы, «Бейббидж» тобынан Оспан Айда мен Ерғалиев Еділ, «Паскаль» тобынан Нәсіпқали Гүлжайнар мен Муратов Айдын, «Холлерит» тобынан Қанатова Лаззат пен Жайсұлтанова Жаннұр осы оқушылар топпен жұмыс барысында белсенеділік танытып, топ көшбасшыларна айналғанын байқадым. Оқушылардың жұмыстарын формативті бағалау мақсатында өзге топ өкілдеріне екі жұлдыз, бір ұсыныс білдіруді ұсындым.
Сабақты қорытындылау кезінде балалардың барлығы қатысты, техникалық диктантты компьютерде орындады. Барлық балалар техникалық диктантты компьютерде жұптасып отырып орындады.
Осыдан кейін оқушыларға оқушыларға бағалау парағын толтыруға беріп, үй тапсырмасын бердім. Сабақ барысында оқушылардың көп бөлігі белсенді жұмыстанды. Өздеріне қойған бағалары 5 болып, көршілері де сол бағамен бағалаған. Тек екі оқушы – Оқуова Алтынзер мен Кенжеғалиева Нұрзада ғана өздерін 4 деген бағамен бағалаған және мен де, көршілері де сол бағамен келістік. Нәтижесінде 13 оқушының 11 –і ы ушыны ке, оқушы ке бағаланды. ба өздерін деген бағамен бағалаған және мен де, көршілері де сол бағамен келістік.. 5 - ке, 2 оқушы 4 - ке бағаланды. Сабақ барысында уақыт асыңқырап кетті , себебі оқушыларға ойларын еркін жеткізсін деген оймен постер құруда уақыт көп беріп қойыппын. Келесі сабақта уақытты нақтылап есептеп аламын деген тоқтамға келдім. Бірінші сабақ болған соң шығар оқушылар кішкене жауап берген кезде қысылыңқырады. Бұл сабақтанмен топпен жұмыстың оқушыларға ашылуына жақсы әсері барын білдім. Өзім ойламаған оқушылардың көшбасшы бола білгенін көрдім. Айта кетсек Оспан Айда өте салмақты оқушы болатын сабақ сұрасаң ғана жауап беретін. Ол топпен жұмыс кезінде жақсы жұмыстанды.Сабақ бойынша өзгертулер