• Есептеу техникасыны? даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналарды? кезе?дері


Тақырыбы:
• Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдеріКүтілетін нәтиже:
Білімдік Жаңа білім Есептеу техникасы анықтамасын біледі.
Есептеу техникасы дамуына үлес қосқан ғалымдарды атап шығады.
ЭЕМ дамуының бес буынын сипаттайды.
Есептеу техникасы пайда боларға дейінгі есептеу тәсілдерін анықтайды.
Ең ежелгі есептеу техникасын есіне түсіреді.
Жаңа түсінік ЭЕМ дамуының 5 буынын айырып таниды.
Құзырлылық Қолданым әрекеті ЭЕМ дамуының әр буынының ерекшеліктерін көрсетеді.
Талдау әрекеті 5-буындағы ЭЕМ-дерді (жасанды интеллектті ЭЕМ) Қазақстанда дамытудың жолдарын талдайды.
Шығармашылық әрекет Екі бағандағы сөздерді пайдалана отырып, сабақ барысында берілген ақпарат негізінде біртұтас сөйлем жасайды.
Құнды-лық Бағамдау әрекеті Есептеу техникасы дамуы кезеңдерінің байланысын анықтайды. ЭЕМ жаңа буынының даму қарқыны мен жолдарын бағалайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (12 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (8 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады.
Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Есептеу техникасы, есепшот, арифмометр, аналитикалық машина, Электронды Есептеуіш Машина (ЭЕМ), интегралды схема, жасанды интеллект, компьютер

Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау
• Бонус-балл тапсырмасы
Сабақта өтілгендерден тыс қандай есептеу техникасы түрлерін білесіңдер?
Тақырып жоспары:
1. Есептеу техникасының анықтамасы. Ең алғаш есептеу техникасы.
2. Паскалина, есептеуіш сағаттар, арифмометр, аналитикалық машина және стол калькуляторы
3. ЭЕМ дамуының 5 буыны
Есептеу техникасы
Есептеу техникасы - ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.
Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қол саусақтары, тастар мен есептеу таяқшалары арқылы жүргізді.
Ең алғашқы есептеу құралы
Ең ерте есептеу құралы- есепшот. Деректер бойынша есепшот біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың соңында ежелгі Қытайда пайда болған. Есептеу амалдары тақтадағы әрбір жолда орналасқан ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектерді жылжыту арқылы жүргізілген. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Есепшоттың қазіргі түрлері 18 ғасырда пайда болды
«Паскалина»
1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.
Есептеуіш сағаттар
1623 жылы Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторды ойлап тапты. Құрылғының бұлай аталу себебі, сағаттардағы сияқты, бұл құралда да тісті сақиналар мен жұлдызшалар қолданылды. Бұл құрылғыны іс жүзінде алғаш рет Шикардтың досы, философ және астроном Иоганн Кеплер өз жұмыстарында пайдаланды.
Арифмометр
1694 жылы неміс математигі Лейбниц қазіргі калькуляторлың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. Ол- Паскаль идеясын жетілдіру барысында пайда болған механикалық есептеу машинасы. Дөңгеліктің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндір қолданылады. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізуімен қатар, сандарды бөлу көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Лейбництен кейін де арифмометр бірнеше рет жетілдіруден өтті.
Бэббидждің аналитикалық машинасы
Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын машинаны ойлап табу идеясын 1833 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж өз жобасында баяндады. Оның ұсынысы бойынша ақпаратты енгізу мен шығару перфокарта атты қатты қағаздағы тесіктер арқылы жүзеге асырылды. Беббидж идеясы 19 ғасырда жүзеге асырыла бастады.
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Есептеу техникасы дегеніміз- Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар ЭЕМ дамуының буындары
ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы. Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасын» құрастырды.
Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт амалды орындай алатын калькуляторды ойлап тапты.
Лейбниц қазіргі калькулятордың негізін салған арифмометрді ойлап тапты.
Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны ойлап тапты.
ЭЕМ–нің дамуы 5 буындарға бөлінеді:
І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.)- шамдар пайдаланылды.
ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)- жартылайөткізгіш диодтар пайдаланылды.
ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)- интегралды схема пайдаланылды.
IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )- қазіргі компьютерлер заманы
V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)- жасанды интеллект буыны
Қорытынды:__________________________________________________________