Т?рбие са?аты Ыбырай Алтынсарин — ?лы т?л?а ( 2 — сынып)


Тәрбие сағаты "Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға "
Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға»
Мақсаты: 1. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, түсіндіру, жұпта талқылау, сұрақ-жауап, Фишбоун әдісі, сахналау,әңгімелеу, түйін сөз.
Көрнекілігі: слайдтар, кітапшалар, мектеп макеті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу. 1 мин
Өмірде бір данышпан
Қалдырыпты өсиет
Кездескенде әр адам
«Қайырлы таң!» деу керек!
«Миға шабуыл»
І. Топқа бөлу
Балалар , алдарыңда екі таңбалы сандар жатыр. Яғни жылдар сөйлейді. Қане, ойланып үш топқа бөлініп отыра қалыңдар.
1991 - 2016 жылы тәуелсіздік алдық. Биыл тәуелсізідігімізге 25 жыл болады. (эмблемаларымен бөлінеді)
1889 - 2016 жылы ұлы ағартушы , ұстаз – жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл.
Тағы да бір елеулі оқиға төрт жылда бір рет өтеді. 2013-2017жж.
елімізде үлкен көрме өтеді «ЭКСПО - 2017» (слайд 1)
Міне , балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып 3 топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық.
ІІ. Ыбырай туралы мәлімет
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның
қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық
тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым
В.В Григорьевпен жақын танысып алды.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. (слайд 2)
ІІІ. Топпен жұмыс
Алдарыңда өлең жолдары жатыр. Сол өлең жолдарының дұрыстығын қараймыз, қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік. ( әр топқа өлеңдерді дұрыс құрастырту, мәнерлеп оқыту)
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыту. (1 - қосымша)
ІV. Ыбырайдың ағартушылығы туралы ұғым. (слайд 3)
1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап,
халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»
балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды.
Музыка күй
V. Топпен жұмыс. Ақын еңбектерінен «Кітапша жасау»
(2 - қосымша)
Өлеңдерде ұйқас болады, шумақ түрінде жазылады. Әңгімелер көбінесе оқиға желісіне байланысты болады, ұйқас болмайды.
1-нұсқа оқушыларға алдын – ала ізденіс жұмысы беріледі: Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптарын тауып жазып келу.
2-нұсқа Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптары слайдта тізімі дайын түрде беріледі.
Жұмыс 2-нұсқа бойынша жүргізіледі.
1 – топ: «Өлеңдерімен» таныстырады, реттейді.
2-топ: Берілген материалдардан аудармаларын жинақтайды.
3- топ: «Әңгімелер жинағы»
Жасаған кітапшаларының мазмұнымен таныстырады.
Суреттерін көрсетіп отырып, иллюстрация қай кітапшаға жататынын анықтаймыз. ( қарға мен түлкі, өзен, жаз, Қобыланды батыр, өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, жаман жолдас, бір уыс мақта,
VІ. Сахналық қойылым. «Әке мен бала»
Күтілетін нәтиже: Бұл көріністен өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін  жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін шығармалар оқиғалары негізінде аша отырып, мейірімділікке, талаптылыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке  тәрбиелеу.
Бұл көріністен қандай ой түюге болады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының мазмұны қандай бағытқа жетелейді?
Оқушыларға беретін қандай тәрбиелік мәні бар?
Осы қасиеттің бәрін біз мектептен аламыз.
VІІ. «Мектеп» макетін құрастыру ( 3 - қосымша)
Ең алдымен мектеп салу үшін бірінші іргетасын қалаймыз.
Іргетас мықты болса , берілетін білім де мықты болады.
Негізі ( қабырғасы) -шәкірттер. Мектептен сусындайтын , білім алатын – шәкірттер.
Есік , терезесі - қазақ елін аудармалары арқылы әлемге паш етті
Шатыры – білім шыңына балаймыз.
«Мектеп – ұстаз – бала» бір – бірімен тығыз байланысты.
VІІІ. Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.
(білім шырағын жағу)
Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин – елімнің алтын бағы.
Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды
Алтынсарин – даланың қоңырауы.