Информатика п?нінен саба? жоспары Компьютер деген не? Программалы? жабды?тамалар


Сыныбы 7 №5
Күні: Тақырыбы: Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.
Б) Компьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырат білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.
В) Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:Кроссворд, плакаттар
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Пікірлесіп-түсіндіру
Сабақ типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын тексеруде мынадай кроссворд беремін. Кроссворд.
Тігінен:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.
2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны.
3. Ақпаратпен жасалатын әрекет.
4. Үздіксіз сигнал
5. Ақпаратпен жасалатын әрекет.
Көлденеңнен:
6. Ақпаратпен жасалатын әрекет.
7. Айналадағы дүние туралы мәліметтер.(орысша)
8. Ол арқылы адам немесе құрылғы ақпарат алатын физикалық процесс.
9. Сегіз разрядты екілік сан.
10. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.
ө ң д е с а қ т а у б л и н ф о р м а ц и я
т а в а с и г н а л б а й т а л б о е г р к о д т а у ы қ Жаңа сабақ Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.
Информатика – ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым;
Қысқаша айтқанда ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.
Бұл ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның дамуы ЭЕТ-ның пайда болуымен байланысты. Компьютер болмаған кезде ақпаратты өңдеу, сақтау, беру жұмыстарын адам атқарды. Негізінен компьютер қрылысы жағынан адам организміне ұқсас. Адамның ең маңызды мүшелері - бас, ми. Бірақ өмір сүру үшін адамға тек бас жеткіліксіз, оған тағы басқа мүшелер керек. Сол сияқты компьютерге де жұмыс істеу үшін көптеген құрылғылар керек.
Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтауға тапсырма.
Ақпаратты енгізу Ақпаратты өңдеу мен сақтау Ақпаратты шығару
Адам Компьютер Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда, тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды. Телефон, телеграф, радио және теледидар пайда болуы ақпараттың орасан зор көлемін беруге мүмкіндік берді.
Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процестерді ұйымдастыру ақпараттық технология деп аталады.
Ақпараттық технология үш топқа бөлінеді.
Қағаздық технологиялар - бұл қағаз тасуыштарды (хат, кітап, архив, кітапхана т.б.) пайдаланып, ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
Қағазсыз технологиялар - бұл ақпараттық қағаз тасуыштарды пайдаланбай (радио, теледидар, телефон, телеграф т.б.) арқылы ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
Жаңа ақпараттық технологиялар - бұл ЭЕМ-ді пайдаланып ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.ЭЕМ адам қатысуынсыз ұзақ және адамның ақпарат өңдеуі жылдамдығынан миллиондаға есе артық жылдамдықпен жұмыс істеуге қабілетті.
Сонымен қазіргі таңда ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы – компьютер.
Компьютер деп – ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін айтады. Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.
Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады.
Мәтіндік Сандық Графикалық Дыбыстық.
Компьютер өңдеу үшін бұл ақпараттың бәрі де сандық түрге айналдырылуы тиіс. Мысалы: мәтіндік ақпаратты өңдегенде компьютерге енгізілген әрбір әріп белгілі бір санмен (0 мен 1-лерден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болуы үшін, мониторға немесе принтерге шығарғанда кодтары бойынша әріптердің бейнелері шығарылады.
Компьютердің аппараттық құралдары:
- кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуға арналған енгізу құрылғыларынан;
-ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютер жадынан;
- мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы – процессордан;
- өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;
- бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткіщу қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.
Аппараттық құралдардың орналасу схемасы:
34290032385Процессор
Жад
Енгізу құрылғылары
Шығару құрылғылары
Ақпараттық кеңарна (магистраль)
00Процессор
Жад
Енгізу құрылғылары
Шығару құрылғылары
Ақпараттық кеңарна (магистраль)

Мәліметтерді бағдарламамен өңдейді. Бағдарлама – нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.
Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Оны бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар:- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау жұмыстарын басқаратын;- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:
ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;
Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.
ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың Microsoft компаниясы. Тақырыпты бекітуге сұрақтар:
Компьютер дегеніміз не?
Аппараттық құралдар неден тұрады?
Бағдарламалық құралдар ұғымына не кіреді?
Компьютерде қандай мәліметтер түрлері өңделеді?
Компьютердің бағдарламалық жасақтамаларына не кіреді?
ОЖ-нің негізгі функцияларын ата?
Интерфейс деген не?
Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?
Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
Драйвердің ролі не?
Компьютер ішкі жадта қалай орналасады?
Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?
Файл дегеніміз не?
Файлдармен қанндай операциялар жүргізуге болады?
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу. Сабақ аяқталды Сау болыңыздар