?ызы?ты грамматика ?ріп пен дыбыс


Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты
Дыбыс және әріпті ажырата отырып, жаттығулар орындату
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындықАрайлап таң атты,Күн шуағын таратты.Жарқырайды күніміз,Жарқырайды даламыз.
ІІ Жаңа сабақ
Бұл қай дыбыс?
Қымызда бар, 
Шұбатта жоқ.  Ындызда бар, 
Қуатта жоқ (Ы)
Түленде бар, Балықта жоқ. Шүленде бар, Халықта жоқ. (Ү)
Жемісте бар,  Жидекте жоқ.  Өрісте бар,  Жиекте жоқ (І)
- Бұлар қандай дыбыстар?
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
(Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз)
«Кім жылдам?» ойыны
Шашылған әріптерден сөздер құрау
Н Қ
А А С Қ
Н Ы
Ш Л А К Ж К Ж І
А Ғ Ө Е І Л К


Б Е Ш А У Б Е
К Ң
Л І З Р А Н Е
Сергіту сәті. Алфавитті айту
- Балалар, дыбыстар нешегі бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)
Дауысты дыбыстар неге бөлінеді? ( жуан және жіңішке)
Дауыссыз дыбыстар нешег бөлінеді? (ұяң, үнді, қатаң)
Ендеше осы 42 әріпті кестедегі орындарына орналастырайық
Кестені толтыру
Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар Қатаң дауыссыздар

Қорытынды
Қай дыбыс әрпі аттық екенін анықта.
Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Я, ю әріптері бар сөздер жазып келу