Дыбыс пен ?ріп жоспар


Алматы қаласы Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қуанбаева Айгүл Сейтқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріп
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың дыбысқа байланысты алған білімдерін жинақтапбекіту. Алған білімдерін тақылау арқылы өз ойларын еркін айтуға, өз бетінше жұмыс істеуге, сөз мағынасын түсініп, дұрыс байланыстырып сөйлеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Сөздерге дыбыстық талдау дұрыс жасату арқылы ақыл – ойын дамыту,сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық сезімін ояту, Отанын қорғауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау, топтастыру, логикалықойындар, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, СТО сематикалық карта, фишкалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, түгендеу
ә) шаттық шеңбері
Оқушыларды шеңберге тұрғызып бір-біріне жылы лебіздерін айтқызу.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақталған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Жарқырап күнде ашылды,
Күн нұры түгел шашылсын.
Қайырлы күн достарым,
Біз әдепті боламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді боламыз.
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. Үстелдің үстінде түрлі-түсті фишкаларды әр оқушы таңдап алады. Таңдаған түстеріне байланысты орындарына жайғасып отырады.
Оқушылар мен сендерді сабаққа жауап берулеріңе қарай фишкалар арқылы бағалаймын.
Қызыл – 5, көк – 4, сары – 3
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
202 бет, 6 – жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып. Ю әрпі бар сөздердің асытын сыз. Ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айт.
Юбкасын көрсетіп,
Юля пілге мақтанды.
Юнкер торғай қорс етіп,
Юпитерге аттанды.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар мен сендермен жаңа сабақ бастамас бұрын қолымыздағы алған түрлі-түсті фишкамыздың бет жағында әріптер жазылған. Сендер сол әріптерден сөз құрауларың керек.
-Балалар қане қандай сөз құрадыңдар, көрейік (дыбыс пен әріп) Демек бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Дыбыс пен әріп» тақырыбын қайталайды екенбіз. Сабақтың мақсатын хабарлау. Бізге бұл тақырып таныс. Олай болса, алған білімдерімізді еске түсірейік.
Сұрақтары:
Қазақ әліпбиінде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дауысты және дауыссыз дыбыстар қанша?
Дауысты дыбыстар қаншаға бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар қаншаға бөлінеді?
Бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімімізді одан әрі жетілдіреміз. Енді бәріміз дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін жазыңдар.
Бүгінгі кезекші әрпіміз – Ш ш
Дәптермен жұмыс
2 – жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз. -ы,-і дыбыстарының түбірге жалғануына байланысты өзгерген дыбысы бар сөздердің астын сыз.
Мектеп – Ана
Анамдай асыл мектебім,
Құшағы нұрлы көктедім.
Өмірдің аттап өткелін,
Қойныңда өсіп көктедім.
Бағыңда құстай сайрадым,
Қырыңда гүлдей жайнадым.
Сәулетті дарқан бесігім,
Тербеліп жүрмін осы күн!
М.Хакімжанова
Тақтамен жұмыс
3 –жаттығу
Соңында п дыбысы бар сөздерге – у қосымшасын жалғап жаз. Қандай дыбыс өзгерді? Неге өзгерді? Бірінші және екінші бағандағы сөздерді салыстыр.Ұқсастығы мен айырмашылығын айт.
Жап кеп
Тап у сеп у
Шап теп
Сергіту сәті
Жаңбыр жауды себелеп,
Жасырынды көбелек.
Сағындырған көктемді,
Шақырамын кел – кел деп.
Шығармашылық жұмыс
Сурет бойынша Қазақстан халықтарының достығы мерекесіне орай әңгіме құрастыр. Құрастырған әңгіменің алғашқы үш сөйлемін жаз. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.Дауыссыз дыбыстардың қандай түрлері бар? Қосымша мағұлматтар айтып өту.

4 – жаттығу
Сөйлемдердерді көшіріп жаз. Сөздің басында келген л,р әріптерінің астын сыз Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.Дыбыстық талдау жаса.
Лас суда балық болмайды. Ол алдымен әкесінен рұқсат сұрады. Пештегі от лапылдап жанды. Рақыш досының қылығына ренжімеді. Оның ағасы мақтауға лайық.
ІV. Сабақты қорытындылау
Балалар, сендер бағанадан бері өздерінің білімдеріңді көрсетіңдер. Жарайсыңдар! Енді осы үйренгендерімізді тағы да бір пысықтап, сабағымызды қорытындылайық. Ол үшін сендерге сематикалық карта таратылып беріледі. Сематикалық картада дауысты, дауыссыз әрптерді белгілейміз.
V. Үйге тапсырма.
204 беттегі, 5 – жаттығу
VІ. Бағалау. Әр оқушының жинаған фишкаларына қарай бағалау.