«?айталау саба?ы» (дыбыс пен ?ріп) (2 сынып)


Сабақтың тақырыбы : «Қайталау сабағы» (дыбыс пен әріп)
Сабақтың мақсаты :
Білімдік : Сабақ үстіндегі алған білімдерін грамматикалық ойын арқылы қайталап бекіте түсу .
Дамытушылық, :Ой-өрісін кеңейтіп , логикалық ойлауды тапқырлықты , шығармашылықты дамыту. Қабілетті балаларды көрсете білу .
Тәрбиелік :Ақыл – ой тәрбиесін беру , ұйымшылдыққа ,озық болуға тәрбиелеу .
Технология : Дамыта оқу .
Көрнекілігі: интерактивтік тақта , электронды оқулық, тест , т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару . Қонақтармен сәлемдесу .
Үлкендерге де « сіз »,
Кішіге де « сіз » ,
Сәлем бердік сіздерге ,
Құрметпенен біз.
А) Психологиялық дайындық .
б) Топтарды таныстыру .
-Дыбыс туралы не білеміз?
(Кезекпен айту , бірін - бірі толықтыру )
- Оқушы атының бірінші дыбысына сәйкес топтарға бөлу .
1-сайыс: Сиқырлы дыбыс
-Қай дыбыс екі топқа да ортақ ?
- Оны қандай дыбыс дейміз ?
-Ендеше сиқырлы дыбысы бар сөздерді құрастырамыз .
1- топ « У » дауысты дыбыс болу керек .
2- топ « У » дауыссыз дыбыс болу керек .
2-сайыс : « Қызық сөздер » бәйгесі .
Сөз бөліктерінің ортасына а дыбысын қойып , мағыналы сөйлем құрастырып жаз .
Жыл қан уық бал шақ
ал қар бол шық (жылауық, алақан, балақан т.б)
Сергіту сәті : «Чунга – чанга»
3- сайыс : « Баспалдақ ойыны »
Қай топ сүрінбей, жылдам баспалдақтан түседі ?
1 – топ 2 – топ
О Б
4- сайыс : « Бақытты сәт »
Не бірінші ?
1. Құлын , бие , тай .
2. Тақтай , ағаш , жиһаз .
3.Жыл , апта , ай , тәулік .
4 .Түн , күн , ұйқы .
5 . Шаш , бантик , бас .
6 .Ауру , микроб , дәрігер .
7 . Күнделік , жалқаулық , екілік , мұғалім .
8. Ағаш , топырақ , тұқым .
9. Сабақ , қоңырау , мұғалім .
10 . Кітап , жазушы , баспа .

5 – сайыс : «Қызық сөйлем » бәйгесі
Әрбір сөзі бірдей дыбыстардан басталатын сөйлем құрастыру .
1—топ 2 - топ
А ..а..а....а. Ж....ж...ж..
Көзге жаттығу О....о...о..о. С....с.....с....с .
Тест сұрақтары : ( Тостермен жұмыс)
1.Әріп дегеніміз не ?
а ) дыбыстардың таңбасы
в) дыбыс
с) әріптер тізбегі
2. Жуан дауысты дыбыстар қайсы ?
а) Я , е , ы , о .
в ) Ә , і , ө , ү .
с) Ф , о , ы , ұ .
3 . Дыбыстар нешеге бөлінеді ?
а ) 4
в ) 3
с ) 2
4 . Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап .
а ) ба –ла - қан
в ) ба – лақ –ан
с) бал – ақан
5. Тасымалданбайтын сөзді тап .
а ) ерін
в ) саба
с ) торғай
6 . Сөзді тап .
а) а ,у, о .
в) жарық
с) жа , ба
7 . У қай кезде дауысты ?
а ) Дауыссыздан кейін келсе
в ) Дауысты дыбыстан кейін келсе
с ) Сөз басында келсе
8 .Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой .
Қо..., о....., кү....
а) йу
в) ю
с) йю
9 . Әліпбиде бірінші қандай әріп тұрады ?
а ) Ә
в ) А
с ) Б
10. Дұрыс жазылған сөзді тап ?
а ) тайақ
в) таяқ
с) тайяқ
6- сайыс : «Сөз тапқанға » ойыны
Жеңімпаз атанған балалар қатысады .
БСО
АҚР
Сұрақтар :
- Болашақта кім боласың ?
- Ауа райы қандай ?
- Сайысқа қайдан келдің ?
- Қандай жаман әдетіңіз бар ?
- Жолда қалай жүру керек ?
- Қай пәнді ұнатасыз ?
-Бос уақытыңда не істейсіз ?
-Отан үшін не істейсің ?
-Осы отырған көпшілікке не тілейміз ?
Сабақты қорытындылау : - Ендеше , осындай жақсы тілектермен сабағымызды аяқтаймыз .
- Сабақтан алған үш жақсы әсерін
айтқызу .
Бағалау :
Үйге тапсырма : Қызық әңгіме құрастыру ;