Жануарлар ж?не оларды? тіршілігі


Сабақтың тақырыбы: Жануарлар және олардың тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жануарлар туралы білімдерін арттыру.Жануарлардың ерекшеліктерін аңғаруға бейімдеу.Мәтінмен жұмыс жасауға үйрету.Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын ресурстар: Постер,маркер,интерактивті тақта,тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу
І.Оқушыларды жануарлардың суреттері арқылы топқ бөлу.
Қасқыр,піл,тиін,кірпі суреттері арқылы. (топтарын қысаша қорғап өтуге болады) 3 минут
ІІ.Психологиялық даярлық.
-әрбір адам,
-туысым,досым,жұрағат.
-әрбір сабақ,
-үйрену, ұғу, ұлағат.
-әрбір ойым,
-елдік,бірлік,адалдық.
-әрбір ісім,
-шындық,достық,адамдық! (1 минут)
ІІІ.Жаңа сабақ.
Дүниетанудың 80-81 беттері бойынша жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып,қысқаша сұрақ қою.
1.Қандай аңдарды білесіңдер?
Оқушылар сұраққа жауап берген соң осы аңдардың әртүрлі топтарға бөлінетіні туралы қысқаша мағлұмат беріп кету.(интерактивті тақта арқылы) (5минут)
ІҮ.Топтарға тапсырма беру
1-тапсырма Мәтінді оқып топ ішінде талдау. 7 минут
1-топ. ТИІН
2. Өсімдікқоректі жануар
Тиін
Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығының арқасы.
Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. 
2-топ. ПІЛ
Ең алғашқы пілдер 23 миллион жыл бұрын Африка жерінде пайда болған. Табиғат аясында піл азығына қол жеткізу үшін сан-алуан құрал қолданады. Піл миының әр шаршы сантиметрінде жүздеген жасушадан бар. Басының көлемі үлкен болғандықтан, есте сақтау қабілеті күшті. Піл табиғатынан өте қызығымпаз және тазалықты сүйетін жануар. Тамақпен қоректену алдында оны міндетті түрде жуып жейді.
3-топ. ҚАСҚЫР
Жыртқыш жануар
Қасқыр
Ең кішкентай қасқырлар Таяу Шығыста мекен етеді. Олардың салмағы бар-жоғы 30 кг. Ал ең ауыр және ірі қасқырлар Канада, Аляска және Ресей аумағында көптеп кездеседі. Олардың салмағы 80 кг-нан асады.
Қасқырлар бір-бірін келе жатқан қауіп-қатерден сақтандыру үшін ұлиды. Әдетте олар 5 секундтан артық дауысын созбайды. Басқа жануарларға қарағанда, қасқырлар өзара түсінісу үшін мимикаларды көбірек қолданады.
Қасқырдың көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады. Осы қабат арқылы олар түнде де айналысындағы қозғалыстарды айқын бақылап отыра алады.
Қасқырларды алғаш қызыл кітапқа енгізген - Германия мемлекеті. 
4-топ. КІРПІ
3. Жәндікқоректі жануар
Құлақты кірпі – дене пішіні кіші, құлағы сәл үлкендеу келген кірпі түрі. Ұзындығы 20 см-дей, салмағы 600 г шамасында болады. Бұлар қалың бұталар арасында мекендейді. Көбінесе жылан, бақа, құрт, кеміргіштермен қоректенеді, олардың уларынан арқасындағы инелері қорғап тұрады. Құлақты кірпілер 6 жыл өмір сүреді.
Кірпі денесі инелі түктермен қапталған, қауіп төнгенде жиырылып, домаланып қалатын өзіндік ерекшеліктері бар жануарлар. Олар орманды, далалы және шөлді зоналарға тараған. Басқа насеком жемділерден ерекшелігі — кірпілер қысқа қарай ұзақ ұйқыға кетеді. Жалпы кірпілер пайдалы жануарлар болып есептеледі.
2-тапсырма .Жоспар құру.5 минут
Әр топ мәтін бойынша жоспар құрады және жоспарды постерге жазып қорғайды.
Тапсырманы қорғауды топтар түстер арылы бағалайды.
3-тапсырма: Топпен жұмыс жасайды,қорғайды. 4 минут
Белгілі Белгісіз
Тапсырманы оқушылар түстер арқылы бағалайды
4-тапсырма Пазыл құрастыру. 4 минут
Қиылған аңдардың суреттері оқушыларға таратылып беріледі.Суреттерді құрап,мұғалімнің бірнеше жетелеуші сұрақтарына жауап береді.
1.Жануар туралы не білдің?
2.Қандай қасиеттері бар?
Түстер арқылы бағалау
5-тапсырма Мағыналы қорытынды. 4 минут
Оқушылар осы жануардың өмірдегі пайдасы туралы қорытынды жасайды.
Түстер арқылы бағалау
Ү.Сергіту сәті «Жануарлар әлемі» бейне таспа көрсету. 4 минут
ҮІ.Ойын Логикалық тапсырма3 минут
1-топ
Жарты тиіннің салмағы 3 кг, ал тұтас тиіннің салмағы қанша?
2-топ
Кірпі -ана мен кірпі-қыз кезектесіп шыбын аулап отыр: анасы бір шыбын, қызы бір шыбын, анасы бір шыбын, қызы бір шыбын т.с.с. Анасы мен қызының қайсысы көп шыбын аулайды?
3-топ
Зообақтағы піл 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Піл әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?
4-топ
Сұр қасқыр,көк қасқырға қарағанда жиі, ал ақ қасқырға қарағанда сирек ұлыйды . Қай қасқыр жиі ұлыйды.
Уақыт қалып жатса қыста қиналып жатқан аңдарға көмек. Хат жазу
Қорытындылау. 2 минут Енді осы жануарлардың қауымдастығын анықтайық.
Табиғатқа пайдалы

Қасқыр піл тиін кірпі
Орманды түрлі қиы орман Орманда орман ағаштарын
өлекселерден өсімдіктерінің жаңа кеміргіштерден
тазартады өсуіне пайдалы өсімдіктер қорғайды
өсуіне себепші
Кері байланыс. 2 минут
Әйнекшеге өз ойларын жазады «толық түсіндім», «жартылай түсіндім», «түсінбедім» сөздерінің тұсына аттарын стикерлерге жазып, арнайы әйнекшеге орналастырады.
толық түсіндім жартылай түсіндім түсінбедім
Үйге тапсырма: 2 минут
80-81 бет оқуға.

Жоспар құр.
Белгілі Белгісіз
Толық түсіндім
Жартылай түсіндім
Түсінбедім